User's Guide
оң жақ шетінде орналасқан хабарландыру аймағындағы немесе Мобильділік орталығындағы
белгішені басыңыз:
●
Қатты диск бағдарламалық құрал арқылы белсенді түрде қорғалып тұрғанда, белгішенің
үстінен баттасып жасыл құсбелгі
шығады.
●
Бағдарламалық құрал өшірілген болса, белгішенің үстінен
белгісі қойылмайды.
●
Мəселе кесірінен бағдарламалық құрал дискті қауіпсіз позицияға орнатса, белгішенің
үстінен баттасып сары түсті конус
белгісі шығады.
Дискіні дефрагментациялау құралын пайдалану
Компьютерді біраз уақыт пайдаланғанда, қатты дискідегі файлдар фрагменттеліп қалады.
Фрагменттелген диск дегеніміз дискідегі деректер қатар (бірізді) орналаспаған, сондықтан,
қатты диск файлдарды табу үшін күштірек жұмыс істеп, бұл өз кезегінде, компьютер жұмысын
баяулатады. Амалдық жүйе тиімді жұмыс істеуі үшін, Disk Defragmenter (Диск
дефрагментаторы) құралы қатты дискідегі фрагменттелген файлдар мен қалталарды қайта
біріктіреді (немесе физикалық түрде
қайта орналастырады).
ЕСКЕРІМ: Дискіні дефрагментациялау құралын жартылай өткізгіш диск жетектерінде істету
қажет емес.
Дискіні дефрагментациялау құралы басталғаннан кейін, ол қараусыз жұмыс атқарады.
Дегенмен, қатты дискінің өлшеміне жəне фрагменттелген файлдар санына байланысты, Disk
Defragmenter құралының жұмысы аяқталуы үшін бір сағаттан көп уақыт кетуі мүмкін.
HP қатты дискіні кем дегенде айына бір рет дефрагментациялауды ұсынады. Дискіні
дефрагментациялау құралының жұмысын айлық жоспарға орнатсаңыз болады, бірақ
дефрагментациялауды кез келген уақытта қолмен
жасауға да болады.
Дискіні дефрагментациялау құралын іске қосу:
1. Компьютерді айнымалы ток көзіне қосыңыз.
2. Бастау экранында д əрпін теріңіз жəне іздеу жолағына диск сөзін жазыңыз. Настройки
(Параметрлер), одан кейін Дефрагментация и оптимизация дисков (Дисктерді
дефрагментациялау жəне оңтайландыру) пəрмендерін таңдаңыз.
3. Экрандағы нұсқауларды орындаңыз.
Қосымша ақпарат алу үшін, дискіні дефрагментациялау бағдарламалық құралының
анықтамасын
қараңыз.
Дискіні тазалау құралын пайдалану
Қатты дискідегі орынды босатып, компьютер жұмысының тиімділігін арттыру үшін, Disk Cleanup
құралы қатты дискіден қауіпсіз жоюға болатын файлдарды іздеп табады.
Дискіні тазалау құралын қосу:
1. Бастау экранында д əрпін теріңіз жəне іздеу жолағына диск сөзін жазыңыз. Настройки
(Параметрлер), одан кейін Освобождение места на диске за счет удаления лишних
файлов (Қажетсіз файлдарды жою арқылы дискіде
орын босату) пəрмендерін таңдаңыз.
2. Экрандағы нұсқауларды орындаңыз.
58 Бап 8 Компьютерге техникалық қызмет көрсету