User's Guide
8 Компьютерге техникалық қызмет
көрсету
Компьютерді оңтайлы күйде сақтау үшін, оған жүйелі түрде техникалық қызмет көрсету
маңызды болып табылады. Бұл тарауда Дискіні дефрагментациялау құралы жəне Дискіні
тазалау құралы арқылы компьютер жұмысын жақсарту туралы ақпарат беріледі. Сонымен
қатар, бұл тарауда бағдарламалар мен дискілерді жаңарту туралы ақпарат, компьютерді
тазалау нұсқаулары жəне компьютермен сапар шегу бойынша кеңестер қамтылған.
Компьютер жұмысын жақсарту
Барлығымыз компьютердің тез жұмыс істегенін қалаймыз. Жүйелі түрде қызмет көрсету
тапсырмаларын орындау, Disk Defragmenter (Диск дефрагментаторы) жəне Disk Cleanup
(Дискіні тазалау) сияқты құралдарды пайдалану арқылы компьютердің жұмысын біршама
өзгертуге болады. Сонымен қатар, компьютер ескірген болса, үлкенірек дискілерді орнату жəне
көбірек жад қосу амалдарын орындауға болады.
Дискілер ұстау
Дискілермен жұмыс істегенде, мына сақтық шараларын қадағалаңыз.
●
Диск жетегін шығару немесе орнатудың алдында компьютерді өшіріңіз. Компьютердің
өшірулі, ұйқы күйінде немесе күту күйінде болғанын білмеген жағдайда, компьютерді
қосып, амалдық жүйе арқылы өшіріңіз.
●
Дискіні қолданбас бұрын оның боялмаған метал бетiне саусағыңызды тигізу арқылы
статикалық электр қуатын төмендетіңіз.
●
Алынатын дискжетегіндегі немесе компьютердегі қосқыш
істікшелерді ұстамаңыз.
●
Дискіні дискжетегінің ұясына салған кезде шамадан тыс күш қолданбаңыз.
●
Батарея жалғыз қуат көзі болса, ақпарат құралдарына жазбастан бұрын, зарядының
жеткілікті екенін тексеріңіз.
●
Дискжетегін поштамен жөнелту қажет болғанда, диск жетегін мөлдір пошта бумасына
немесе басқа сəйкес қорғаныс бумасына салыңыз жəне бумаға "FRAGILE" (Сынғыш)
белгісін жапсырыңыз.
● Дискінің магнитті өрістерге қойылмауын
қадағалаңыз. Магнитті өрісі бар қауіпсіздік
құрылғылары əуежайдағы құрылғылар мен қауіпсіздік бағандарында болады.
Жолаушылар жүктерін тексеруге арналған əуежайлардағы белдікті конвейерлер жəне
олар сияқты қауіпсіздік құрылғылары магниттік өрістің орнына рентген сəулелерін
қолданады да, дискілерге зиян келтірмейді.
●
Дискжетегін диск жетегінің ұясынан алмас бұрын немесе онымен саяхатқа, кемемен
қыдырғанда немесе дискжетегін сақтағанда, медиа құралын шығарып алыңыз.
●
Оптикалық диск жетегі дискіге жазып жатқанда, компьютердің пернетақтасын баспаңыз
немесе компьютерді жылжытпаңыз. Жазу процесі тербелістерге сезімтал болады.
● Сыртқы қатты дискіге қосылған компьютерді қозғамас бұрын, ұйқы күйін қосып, экранның
өшірілуіне мүмкіндік беріңіз немесе сыртқы қатты дискіні дұрыс ажыратыңыз.
54 Бап 8 Компьютерге техникалық қызмет көрсету