User's Guide
Айнымалы ток адаптерін тексеру:
1. Компьютерді сөндіріңіз.
2. Айнымалы ток адаптерін компьютерге жəне ауыспалы ток розеткасына жалғаңыз.
3. Компьютерді қосыңыз.
● Қуат шамдары жанса, айнымалы ток адаптері дұрыс істеп тұр.
● Қуат шамдары өшіп тұрса, айнымалы ток адаптері мен компьютер арасындағы жəне
айнымалы ток адаптері мен розетка арасындағы қосылысты тексеріңіз.
●
Байланыс дұрыс орнатылған,
бірақ қуат шамдары сонда да өшіп тұрса, айнымалы ток
адаптері істемей тұр жəне оны ауыстыру қажет.
Айнымалы токтың қуат адаптерін ауыстыруды орындау туралы ақпарат алу үшін қолдау
қызметімен байланысыңыз.
HP CoolSense (тек таңдаулы үлгілерде)
HP CoolSense компьютердің көлденең тұрмағанын автоматты түрде анықтап, бет
температурасын қажетті қолайлылық деңгейінде ұстап тұру үшін жұмыс пен желдеткіш
параметрлерін реттей бастайды.
HP CoolSense функциясы өшірулі кезде, компьютердің тұрақты орында тұрмағаны
анықталмайды, жұмыс пен желдеткіш параметрлері зауыттық күйде сақталады. Нəтижеде, HP
CoolSense арқылы реттелетін деңгеймен салыстырғанда компьютердің бет температурасы
жоғары болуы мүмкін.
CoolSense өшіру немесе қосу үшін, төмендегі
қадамдарды орындаңыз:
▲
Бастау экранында cool деп жазып, Параметрлер, содан кейін HP CoolSense тармағын
таңдаңыз.
Компьютерді өшіру (сөндіру)
ЕСКЕРТУ: Компьютер өшірілген кезде сақталмаған мəліметтер жойылады. Компьютерді
өшірмес бұрын міндетті түрде жұмысыңызды сақтаңыз.
Өшіру пəрмені барлық ашық бағдарламаларды жабады, сондай-ақ амалдық жүйені жəне
дисплей мен компьютерді де өшіреді.
Төмендегі жағдайлардың кез келгенінде компьютерді өшіріңіз:
● Батареяны ауыстыру немесе компьютер ішіндегі бөліктерді қолдану қажет болғанда
●
USB немесе бейне портына жалғанбайтын сыртқы жабдықты жалғағанда:
●
Компьютер ұзақ уақыт бойы пайдаланылмаған немесе сыртқы қуат көзінен ажыратылған
кезде.
Компьютерді
қуат түймешігі арқылы да өшіруге болатынымен, ұсынылатын үрдіс Windows
жүйесінің Завершение работы (Жұмысты аяқтау) пəрменін қолдану болып табылады:
HP CoolSense (тек таңдаулы үлгілерде)49