User's Guide
Айнымалы қуат көзіне қосып жұмыс істеу
Айнымалы ток көзіне қосу туралы қосымша ақпаратты компьютер қорабының ішіндегі Орнату
нұсқаулары постерінен қараңыз.
Компьютер мақұлданған айнымалы ток адаптері немесе қосымша қондыру/ұзарту құрылғысы
арқылы сыртқы айнымалы қуат көзіне жалғанған кезде, компьютер батарея қуатын
пайдаланбайды.
АБАЙ БОЛЫҢЫЗ! Мүмкін сақтық шараларына қатысты мəселелерді болдырмау үшін,
компьютермен қамтамасыз етілетін айнымалы ток адаптерін, HP қамтамасыз ететін
ауыстырғыш айнымалы ток адаптерін немесе HP компаниясынан сатып алынған айнымалы ток
адаптерін ғана пайдаланыңыз.
Төмендегі жағдайлардың кез келгенінде компьютерді сыртқы айнымалы ток қуатына қосыңыз:
АБАЙ БОЛЫҢЫЗ! Ұшақ бортында болғанда компьютер батареясын зарядтамаңыз.
●
Батареяны зарядтағанда немесе тексергенде.
●
Жүйелік бағдарламалық құралды орнатқанда немесе өзгерткенде.
●
Ақпаратты дискіге жазғанда (тек таңдаулы үлгілерде).
●
Ішкі қатты дискілері бар компьютерлерде Disk Defragmenter (Диск дефрагментаторы)
бағдарламасы іске қосылғанда.
●
Сақтық көшірме жасағанда немесе қалпына келтіргенде.
Компьютер сыртқы айнымалы қуат көзіне жалғанған кезде:
●
Батарея зарядтала бастайды.
●
Дисплей жарықтығы жоғарылайды.
●
Windows жұмыс
үстеліндегі қуат өлшегіші белгішесінің көрінісі өзгереді.
Компьютерді сыртқы айнымалы токтан ажыратқанда, төмендегі жағдайлар туындайды:
●
Компьютер батарея қуатына көшеді.
●
Батареяның қызмет ету мерзімін сақтау үшін, дисплей жарықтығы автоматты түрде
азаяды.
●
Windows жұмыс үстеліндегі қуат өлшегіші белгішесінің көрінісі өзгереді.
Қуат мəселелерін шешу
Айнымалы ток қуат көзіне жалғанған компьютерде мына жағдайлар орын алса, айнымалы ток
адаптерін тексеріңіз:
●
Компьютер қосылмайды.
●
Дисплей қосылмайды.
●
Қуат шамдары жанбайды.
48 Бап 6 Қуат басқару