User's Guide
Төмен батарея деңгейі мəселесін шешу
Сыртқы қуат қолданылғанда төмен батарея деңгейін шешу
●
Айнымалы ток адаптерін қосыңыз.
●
Қосымша қондыру немесе кеңейту құрылғысын жалғаңыз.
●
НР компаниясынан қосалқы құрал ретінде сатып алынатын қосымша қуат адаптерін
қосыңыз.
Ешқандай қуат көзі болмағанда төмен батарея деңгейін шешу
Жұмысыңызды сақтап, компьютерді өшіріңіз.
Компьютер күту күйінен шыға алмайтын кезде төмен батарея деңгейін шешу
Күту күйінен шығу үшін компьютерде қажетті қуат жетпеген кезде, келесі қадамдарды
орындаңыз:
1. Пайдаланушы ауыстыра алатын заряды таусылған батареяны зарядталған батареяға
ауыстырыңыз немесе айнымалы ток адаптерін компьютерге жəне сыртқы қуат көзіне
қосыңыз.
2. Қуат түймешігін басып күту күйінен шығыңыз.
Пайдаланушы ауыстыратын батареяны сақтау
ЕСКЕРТУ: Батареяны зақымдамау үшін оны ұзақ уақыт бойы жоғары температурада
сақтамаңыз.
Компьютер 2 аптадан артық пайдаланылмайтын жəне сыртқы қуат көзіне жалғанбайтын болса,
батарея зарядының мерзімін арттыру үшін батареяны шығарып алып, оны салқын жəне құрғақ
жерде бөлек сақтаңыз.
Сақталған батареяны əрбір 6 ай сайын тексеру қажет. Егер сыйымдылығы 50 пайыздан төмен
болса, қайта сақтаудан бұрын батареяны қайта зарядтаңыз.
Пайдаланушы ауыстыратын батареяны тастау
АБАЙ БОЛЫҢЫЗ! Өрт шығу немесе күйік алу қаупін азайту үшін бөлшектемеңіз, бұзбаңыз
немесе теспеңіз; сыртқы түйіспелерді қысқа тұйықтамаңыз; отқа немесе суға тастамаңыз.
Батареяны дұрыс тастау туралы ақпаратты Заңдық, қауіпсіздік жəне қоршаған орта
ескертулері бөлімінен қараңыз. Нұсқаулыққа қол жеткізу үшін бастау экранында поддержка
(қолдау) сөзін теріп, HP Support Assistant (НР қолдау көмекшісі) бағдарламасын таңдап, Мой
компьютер (Компьютерім) пəрменін, одан кейін User guides (Пайдаланушы нұсқаулықтары)
пəрменін таңдаңыз.
Пайдаланушы ауыстыратын батареяны ауыстыру
Ішкі батарея элементі дұрыс зарядталмаған кезде немесе батарея сыйымдылығы «əлсіз»
жағдайға жеткенде, HP Support Assistant орталығындағы батареяны тексеру құралы батареяны
ауыстыру қажеттігін ескертеді. Батарея HP компаниясының кепілдігімен қамтамасыз етілген
жағдайда, нұсқаулардың ішінде кепілдік нөмірі болады. Ауыстыру батареясына тапсырыс беру
туралы қосымша ақпарат беретін HP компаниясының веб-торабына сілтейтін хабарлама пайда
болады.
Батареяның қуатымен жұмыс істеу 47