User's Guide
HP Support Assistant орталығында мына құралдар жəне батарея туралы ақпарат бар:
● Батареяны сынау
●
Батареяның түрлері, сипаттамалары, батареяның қызмет ету мерзімдері жəне
сыйымдылығы туралы ақпарат
Батарея қуатын үнемдеу
Батарея қуатын үнемдеуге жəне батареяның қызмет ету мерзімін барынша ұзартуға қатысты
кеңестер:
●
Экранның жарықтығын төмендетіңіз.
●
Қуат параметрлері ішінен Қуат үнемдегіші параметрін таңдаңыз.
● Пайдаланушы арқылы ауыстырылатын батареяны 2 аптадан астам уақыт ішінде
қолданыста болмаған немесе зарядталмаған компьютерден шығарып алыңыз.
●
Пайдаланбаған кезде сымсыз құрылғыларды өшіріңіз.
●
USB портына қосылған сыртқы қатты диск сияқты сыртқы
қуат көзіне жалғанбаған
пайдаланылмайтын сыртқы құрылғыларды ажыратыңыз.
●
Пайдаланбаған кез келген сыртқы мультимедиа карталарының жұмысын тоқтатыңыз,
оларды өшіріңіз немесе шығарып алыңыз.
● Жұмысты тоқтатпас бұрын, ұйқы күйін қосыңыз немесе компьютерді өшіріңіз.
Төмен батарея деңгейлерін анықтау
Компьютердің жалғыз қуат көзі болатын батарея заряды төмен батарея деңгейіне жеткенде,
батарея шамы жыпылықтайды.
●
Батарея шамы (тек таңдаулы үлгілерде) батарея зарядының төмен немесе тым төмен
деңгейін көрсетеді.
– немесе –
●
Windows жұмыс үстеліндегі қуат өлшегіш белгішесі төмен немесе аса төмен заряд деңгейі
туралы хабарландыру көрсетеді.
ЕСКЕРІМ: Қуат көрсеткіші туралы қосымша ақпарат алу үшін, Қуат өлшегішін жəне қуат
параметрлерін қолдану 44-бетте бөлімін қараңыз.
Өте төмен батарея деңгейі кезінде компьютер төмендегі əрекеттерді орындайды:
●
Күту күйі ажыратылған кезде жəне компьютер қосулы немесе ұйқы күйінде болғанда,
компьютер қысқа уақытқа ұйқы күйіне өтеді жəне одан кейін өшеді. Барлық сақталмаған
ақпарат жоғалады.
●
Күту күйі қосылған кезде жəне компьютер қосулы немесе ұйқы күйінде болғанда,
компьютер күту күйін іске қосады.
46 Бап 6 Қуат басқару