User's Guide

Батареяның қуатымен жұмыс істеу
Зарядталған батарея компьютерде болғанда жəне компьютер сыртқы қуатқа жалғанбаған
кезде, компьютер батарея қуатында жұмыс істейді. Егер компьютерге зарядталған батарея
салынған болса жəне айнымалы қуат компьютерден ажыратылған болса, компьютер
автоматты түрде батарея қуатына ауысып, батарея қуатын сақтау үшін дисплей жарықтығы
азаяды. Компьютер өшірілгенде жəне сыртқы қуаттан ажыратылғанда компьютердегі батарея
жайлап таусылады.
Қуатты басқару параметрлеріне,
компьютерде ашылған бағдарламаларға, экранның
жарықтығына, компьютерге жалғанған сыртқы құрылғыларға жəне басқа да себептерге
байланысты компьютер батареясының жұмыс мерзімі əртүрлі болады.
Пайдаланушы ауыстыратын батареяны шығару
АБАЙ БОЛЫҢЫЗ! Ықтимал қауіпсіздік мəселелерін азайту үшін, компьютермен бірге
берілген пайдаланушы ауыстыратын батареяны, HP компаниясы ұсынатын ауыстыру
батареясын немесе HP компаниясынан сатып алынған үйлесімді батареяны пайдаланыңыз.
ЕСКЕРТУ: Компьютердің жалғыз қуат көзі болып табылатын пайдаланушы ауыстыратын
батареяны шығарып алу ақпараттың жоғалуына себеп болуы мүмкін. Ақпараттың жоғалуына
жол бермеу үшін, батареяны шығарып алмас бұрын жұмысыңызды сақтаңыз немесе
компьютерді Windows жүйесі арқылы өшіріп тастаңыз.
1. Батареяны шығару үшін, батареяны құлыптау ысырмасын (1), одан кейін батареяны
шығару ысырмасын (2) сырғытыңыз.
2. Компьютерден (3) батареяны шығарып алыңыз.
Батарея ақпаратын табу
Батареяның күйін бақылау үшін немесе батареяда заряды тұрмайтын болса, HP Support
Assistant ішіндегі Батареяны тексеру бағдарламасын іске қосыңыз. Батарея туралы ақпаратты
қарау үшін, бастау экранында поддержка (қолдау) сөзін теріп, HP Support Assistant
бағдарламасын таңдап, Аккумулятор и производительность (Батарея жəне өнімділік)
пəрменін таңдаңыз.
Батареяның қуатымен жұмыс істеу 45