User's Guide

Күту күйін қолмен бастау жəне шығу (тек таңдаулы үлгілерде)
Пайдаланушы арқылы қосылатын күту күйін қосу жəне басқа қуат параметрлері мен күту
үзілістерін өзгерту үшін «Қуат параметрлері» пəрменін пайдаланыңыз.
1. Бастау экранына питание (қуат) сөзін жазып, Параметры (Параметрлер) пəрменін
таңдаңыз, одан кейін бағдарламалар тізімінен Параметры питания (Қуат параметрлері)
тармағын таңдаңыз.
2. Сол жақ тақтадан Қуат түймешігінің əрекетін таңдаңыз сілтемесін басыңыз.
3. Қазіргі уақытта
қол жетімді емес параметрлерді өзгерту параметрін таңдаңыз.
4. Қуат түймешігін басқан кезде аймағында Күту күйін таңдаңыз.
5. Өзгертулерді сақтау параметрін таңдаңыз.
Компьютер күту режимінен шыққанда электр қуатының шамдары жанып, экран көрсетіледі.
ЕСКЕРІМ: Егер ұйқы режимінен қосылған кезде, құпия сөз сұралатындай орнатылған болса,
жұмысты жалғастыру үшін, Windows құпия сөзін енгізу қажет болады.
Оянған кезде сұралатын құпия сөзбен қорғау
Компьютер ұйқы немесе күту күйінен шыққанда, компьютерде құпия сөз сұралуын орнату үшін,
осы қадамдарды орындаңыз:
1. Бастау экранында power деп жазып, Параметрлер, содан кейін Қуат опциялары
тармағын таңдаңыз.
2. Сол жақ тақтадан Оянғанда құпия сөз сұрау тармағын таңдаңыз.
3. Қазіргі уақытта қол жетімді емес параметрлерді өзгерту параметрін таңдаңыз.
4. Құпия сөз сұрау (ұсынылады)
параметрін таңдаңыз.
ЕСКЕРІМ: Пайдаланушы есептік жазбасының құпия сөзін жасау немесе ағымдағы құпия
сөзді өзгерту қажет болса, Пайдаланушы жазбасының құпия сөзін жасау немесе
өзгерту тармағын таңдап, экрандағы нұсқауларды орындаңыз. Пайдаланушы есептік
жазбасының құпия сөзін жасау немесе өзгерту қажет болмаған жағдайда, 5-қадамға өтіңіз.
5. Өзгертулерді сақтау параметрін таңдаңыз.
Қуат өлшегішін жəне қуат параметрлерін қолдану
Қуат өлшегіші Windows жұмыс үстелінде орналасқан. Қуат өлшегіші қуат параметрлеріне
жылдам кіруге жəне қалған батарея зарядын көруге мүмкіндік береді.
Батарея зарядының қалған деңгейін жəне Windows жұмыс үстелінде орналасқан ағымдағы
қуат жоспарын экранда көру үшін, меңзерді қуат көрсеткіші белгішесінің үстінен жүргізіңіз.
Қуат параметрлерін пайдалану үшін, қуат көрсеткіші белгішесін басып, тізімнен бір
тармақты таңдаңыз. Сондай-
ақ, Бастау экранында power деп жазып, Параметрлер, содан
кейін Қуат опциялары тармағын таңдауға да болады.
Əртүрлі қуат өлшегішінің белгішелері компьютердің батарея қуатымен немесе сыртқы қуатпен
жұмыс істеп тұрғанын көрсетеді. «Заряд төмен» деңгейіне немесе «Заряд өте төмен» деңгейіне
жеткенде, белгіше хабар шығарады.
44 Бап 6 Қуат басқару