User's Guide

6 Қуат басқару
Бұл компьютер батарея қуатымен немесе сыртқы қуат көзіне қосу арқылы жұмыс істейді. Егер
компьютер батарея қуатымен жұмыс істейтін болса жəне батареяны зарядтау үшін оны АТ қуат
көзіне жалғау мүмкін болмаса, батарея зарядын бақылау жəне үнемдеу өте маңызды. Қуат
үнемделіп тұрған компьютер жұмысын реттеу мақсатымен компьютердің қуат пайдалану жəне
үнемдеу жолын басқару үшін компьютерде
оңтайлы қуат жоспары қолданылады.
Ұйқы немесе күту күйін қосу
Microsoft® Windows жүйесінде қуат үнемдеуге арналған ұйқы жəне күту күйлері бар.
Ұйқылықұйқы күйі не батарея қуатымен, не сыртқы қуатпен істеп тұрғанда бос тұрғаннан
кейін автоматты қосылады. Жұмысыңыз жадқа сақталып, жұмысыңызды əрі қарай жылдам
жалғастыруға мүмкіндік береді. Сондай-ақ, ұйқы күйін қолмен де қосуға болады. Қосымша
ақпаратты
Ұйқы күйін қолмен бастау жəне шығу 43-бетте бөлімінен қараңыз.
Күту күйікүту күйі батарея өте төмен заряд деңгейіне жеткенде автоматты қосылады.
Күту күйінде жұмыс күту файлына сақталып, компьютер өшіріледі.
ЕСКЕРІМ: Күту күйін қолмен қосуға болады. Ұйқы күйін қолмен бастау жəне
шығу 43-бетте жəне Күту күйін қолмен бастау жəне шығу (тек таңдаулы
үлгілерде) 44-бетте бөлімдерінен қараңыз.
ЕСКЕРТУ: Аудио жəне видео файлдарын ойнатудың мүмкін нашарлауы, аудио немесе бейне
ойнату жұмысының жоғалуы немесе ақпараттың жоғалу қаупін азайту үшін, дискіден не сыртқы
медиа картасынан оқу немесе оған жазу кезінде ұйқы күйін қоспаңыз.
ЕСКЕРІМ: Компьютер ұйқы күйінде немесе күту күйінде болғанда, желіге қосылудың кез
келген түрін қосуды немесе компьютердің кез келген функцияларын орындай алмайсыз.
Ұйқы күйін қолмен бастау жəне шығу
Келесі жолдардың кез келгені арқылы ұйқы күйін бастауға болады:
Дисплейді жабыңыз.
Шебер түймелерді көрсету үшін, меңзерді Бастау экранының жоғары немесе төменгі оң
жақ бұрышына жылжытыңыз. Параметры (Параметрлер), одан кейін Питание (Қуат)
белгішесін таңдаңыз жəне Спящий (Ұйқы күйі) параметрін басыңыз.
Ұйқы күйінен шығу үшін
Қуат түймешігін тез басып қалыңыз.
Егер экран
сөніп тұрса, оны қосыңыз.
Пернетақтадағы пернені басыңыз.
Сенсорлы тақтаны түртіңіз немесе саусақпен үстінен жүргізіп өтіңіз.
Компьютер ұйқы режимінен шыққанда электр қуатының шамдары жанып, экран көрсетіледі.
ЕСКЕРІМ: Егер күту режимінен қосылған кезде, құпия сөз сұралатындай орнатылған болса,
жұмысты жалғастыру үшін, Windows құпия сөзін енгізу қажет болады.
Ұйқы немесе күту күйін қосу 43