User's Guide
Пернетақтаны жəне тінтуірді пайдалану
Пернетақта жəне тінтуір теруге, элементтерді таңдауға, айналдыруға жəне сенсорлы экрандағы
қимылдар сияқты бірдей функцияларды жүзеге асыруға мүмкіндік береді. Сонымен қатар,
пернетақта арнайы функцияларды орындау мақсатымен əрекет пернелері мен жылдам
пернелерді пайдалануға мүмкіндік береді.
КЕҢЕС: Пернетақтадағы Windows пернесі ашық болған бағдарламадан немесе Windows
жұмыс үстелінен бастау экранына жылдам оралуға мүмкіндік береді. Windows пернесі қайта
басылған кезде, алдыңғы экран ашылады.
ЕСКЕРІМ: Еліңізге/аймағыңызға байланысты, пернетақтаның пернелері мен пернетақта
функциялары осы бөлімде сипатталғаннан өзгешелеу болуы мүмкін.
Пернелерді пайдалану
Компьютерде белгілі бір пернелермен немесе перне тіркесімдерімен жылдам ақпаратқа қол
жеткізудің немесе функцияларды орындаудың түрлі жолдары бар.
40 Бап 5 Түрту қимылдары, меңзегіш құрылғылар мен пернетақтаның көмегімен жылжу