User's Guide
Сенсорлы экран қимылдарын пайдалану (тек
таңдаулы үлгілерде)
Сенсорлы экраны бар компьютер экрандағы элементтерді саусақтар арқылы тікелей басқаруға
мүмкіндік береді.
КЕҢЕС: Сенсорлы экраны бар компьютерде қимылдарды экранда немесе сенсорлы тақтада
орындауға болады. Сонымен қатар, сенсорлы экрандағы əрекеттерді пернетақта мен тінтуір
көмегімен жүзеге асыруға болады.
Бір саусақты сырғыту
Көбінесе, бір саусақты сырғыту қимылы панорамалау немесе тізімдер мен беттерді айналдыру
үшін қолданылады, бірақ оны нысанды жылжыту сияқты басқа да əрекеттерді орындау
мақсатымен пайдалана аласыз.
●
Экрандық меңзерді басқа жерге жылжыту үшін, саусағыңызды экранның беті арқылы
қалаған бағытқа жылжытыңыз.
ЕСКЕРІМ: Бастау экранында көп бағдарлама ашық болған кезде, экранды сол немесе оң
жаққа жылжыту үшін саусағыңызды сырғытыңыз.
● Нысанды жылжыту мақсатымен сүйреу үшін, оны ұстап тұрыңыз да, қажет жерге
жылжытыңыз.
Сенсорлы экран қимылдарын пайдалану (тек таңдаулы үлгілерде)35