User's Guide

HDMI аудио параметрлерін реттеу
HDMI ажыратымдылығы жоғары бейне жəне дыбыс параметрлеріне қолдау көрсететін жалғыз
бейне интерфейсі болып табылады. HDMI теледидарын компьютерге жалғағаннан кейін, келесі
қадамдарды орындау арқылы HDMI дыбысын қосуға болады:
1. Windows жұмыс үстелінде, тапсырмалар тақтасының оң жақ шетінде орналасқан
хабарландыру аймағындағы Динамики (Үндеткіштер) белгішесін түртіп ұстап тұрыңыз,
одан кейін Устройства воспроизведения (Ойнату құрылғылары) параметрін таңдаңыз.
2. Воспроизведение (Ойнату)
қойыншасында сандық шығыс құрылғысының атын нұқыңыз.
3. Set Default (Əдепкі күйді орнату) пəрменін таңдап, OK түймешігін басыңыз.
Дыбыстық ағынды компьютер үндеткіштеріне беру үшін
1. Windows жұмыс үстелінде, тапсырмалар тақтасының оң жақ шетінде орналасқан
хабарландыру аймағындағы Динамики (Үндеткіштер) белгішесін оң жақ түймешікпен
түртіп, Устройства воспроизведения (Ойнату құрылғылары) пəрменін таңдаңыз.
2. Воспроизведение (Ойнату) қойыншасында Динамики/НР (Үндеткіштер/
НР) параметрін
таңдаңыз.
3. Set Default (Əдепкі күйді орнату) пəрменін таңдап, OK түймешігін басыңыз.
Дыбыс жəне бейне файлдарын басқару (тек таңдаулы
үлгілерде)
CyberLink PowerDVD бағдарламасы фотосурет жəне бейне жинақтарын басқаруға жəне
өзгертуге мүмкіндік береді.
CyberLink PowerDVD бағдарламасын бастау үшін бастау экранына c əрпін жазыңыз, одан
кейін бағдарламалар тізімінен CyberLink PowerDVD тармағын таңдаңыз.
CyberLink PowerDVD бағдарламасын пайдалану туралы қосымша ақпаратты PowerDVD
бағдарламалық құралының анықтамасынан қараңыз.
Дыбыс жəне бейне файлдарын басқару (тек таңдаулы үлгілерде)27