User's Guide
Компьютердің жазу функцияларын тексеру үшін, келесі қадамдарды орындаңыз:
1. Бастау экранында s əрпін жазып, Дыбыс жазу пəрменін таңдаңыз.
2. Начать запись (Жазуды бастау) түймешігін басып, микрофонмен сөйлеңіз.
3. Файлды жұмыс үстеліне сақтаңыз.
4. Мультимедиалық бағдарламаны ашыңыз жəне дыбысты ойнатыңыз.
Компьютерде аудио параметрлерін құптау немесе өзгерту үшін:
1. Бастау экранында c əрпін жазып, қолданбалар
тізімінен Басқару тақтасы тармағын
таңдаңыз.
2. Оборудование и звук (Аппараттық құрал жəне дыбыс), одан кейін Звук (Дыбыс)
тармақтарын таңдаңыз.
Бейнені пайдалану
Бұл компьютер таңдаулы веб-тораптардағы ойнатылатын бейнені көруге жəне желіге
қосылмаған компьютерден тамашалау үшін бейнелер мен фильмдерді жүктеп алуға мүмкіндік
беретін қуатты бейне құрылғысы болып табылады.
Көруге байланысты əрекеттеріңізді жақсарту мақсатында компьютерді сыртқы монитор,
проектор немесе теледидарға қосу үшін, бейне порттардың бірін пайдаланыңыз.
Компьютерлердің көбінде аналогтық бейне құрылғыларын қосуға мүмкіндік беретін VGA порты
болады. Ал кейбір компьютерлерде ажыратымдылығы жоғары мониторды немесе
теледидарды қосуға мүмкіндік беретін HDMI порты болады.
МАҢЫЗДЫ АҚПАРАТ: Сыртқы құрылғының дұрыс кабель арқылы компьютердегі дұрыс ұяға
қауіпсіз түрде жалғанғандығына көз жеткізіңіз. Ақпаратты өндіруші нұсқауларынан қараңыз
VGA мониторын немесе проекторын жалғау
Презентация жасау мақсатында компьютер экранындағы кескінді сыртқы VGA мониторында
немесе проекторында көрсету үшін, мониторды не проекторды компьютердің VGA портына
жалғаңыз.
24 Бап 4 Көңіл көтеру мүмкіндіктерін пайдалану