User's Guide
WLAN желісіне қосылу
WLAN желісіне қосылу үшін, төмендегі қадамдарды орындаңыз:
1. WLAN құрылғысының қосулы екендігіне көз жеткізіңіз. Егер қосылған болса, сымсыз
байланыс шамы ақ болады. Сымсыз байланыс шамы сөніп тұрса, сымсыз байланыс
түймешігін басыңыз.
ЕСКЕРІМ: Кейбір үлгілерде барлық сымсыз құрылғылар өшірулі болғанда, сымсыз
байланыс шамы сары түспен жанып тұрады.
2. Windows жұмыс үстелінде, тапсырмалар тақтасының оң жақ шетінде орналасқан
хабарландыру аймағындағы желі күйінің белгішесін оң түймешікті түртіңіз немесе басыңыз.
3. Тізімнен WLAN желісін таңдаңыз.
4. Подключиться (Қосылу) түймешігін басыңыз.
Егер желі қауіпсіз қосылған WLAN желісі болса, сізден желінің қауіпсіздік кілтін енгізу
сұралады. Кодты енгізіп, қосылуды аяқтау үшін, OK түймешігін басыңыз.
ЕСКЕРІМ: Егер WLAN тізімі көрсетілсе, сымсыз жол жоспарлағышы ауқымының немесе
кіру нүктесінің сыртында болуыңыз мүмкін.
ЕСКЕРІМ: Егер қосылатын WLAN желісі көрсетілмесе, Windows жұмыс үстелінде желі
күйінің белгішесін оң жақ түймешікпен нұқып, Открыть центр управления сетями и
общим доступом (Желілер мен ортақ пайдалануды басқару орталығын ашу) пəрменін
таңдаңыз. Настройка нового подключения или сети (Жаңа қосылым немесе желіні
орнату) пəрменін таңдаңыз. Желіні қолмен іздеу жəне оған қосылу немесе жаңа желі
қосылысын орнатуға
мүмкіндік беретін опциялар тізімі ашылады.
5. Экрандағы нұсқауларды орындап қосылысты аяқтаңыз.
Байланыс орнатылып болған соң, оның аты мен күйін тексеру үшін, тінтуір меңзерін
тапсырмалар тақтасының оң жақ шетіндегі хабарландыру аймағындағы желі белгішесіне
қойыңыз.
ЕСКЕРІМ: Жұмыс ауқымы (сымсыз сигналдардың жету алыстығы) WLAN кіруіне, жол
жоспарлағышын өндірушіге жəне басқа электрондық құрылғылардан алынған кедергілерге
немесе қабырғалар жəне едендер сияқты құрылымды тосқауылдарға байланысты болады.
Bluetooth сымсыз құрылғыларын пайдалану (тек таңдаулы үлгілерде)
Bluetooth құрылғысы əдетте мына электрондық құрылғыларды байланыстыратын физикалық
кабель қосылымдарын ауыстыратын қысқа ауқымды сымсыз байланыстарды қамтамасыз
етеді.
●
Компьютерлер (жұмыс үстелі, ноутбук, қалта компьютері)
●
Телефондар (ұялы, сымсыз, смартфон)
●
Сурет түсіретін құрылғылар (принтер, камера)
●
Дыбыстық құрылғылар (гарнитура, үндеткіштер)
●
Тінтуір
Bluetooth құрылғысы Bluetooth құрылғыларының PAN желісін орнатуға мүмкіндік беретін тең
дəрежелі мүмкіндікті қамтамасыз етеді. Bluetooth құрылғыларының параметрлерін
реттеу жəне
оларды пайдалану туралы ақпаратты Bluetooth бағдарламалық құралының анықтамасынан
қараңыз.
Сымсыз желіге қосылу 19