User's Guide

Сымсыз құрылғылар зауытта қосылатындықтан, оларды бір уақытта қосу немесе өшіру үшін,
сымсыз байланыс түймешігін пайдалануға болады.
Амалдық жүйе басқару элементтерін пайдалану
Желі жəне ортақ қолдану орталығы қосылымды немесе желіні орнатуға, желіге қосылуға, желі
ақаулықтарын тексеруге жəне жөндеуге мүмкіндік береді.
Амалдық жүйенің басқару элементтерін пайдалану үшін
1. Бастау экранында n əрпін жазып, Параметрлер опциясын таңдаңыз.
2. Іздеу жолағына сеть и общий доступ (желі жəне ортақ кіру) деп теріңіз де, Центр
управления сетями и общим доступом (
Желі жəне ортақтасу орталығы) тармағын
таңдаңыз.
Қосымша ақпарат алу үшін Бастау экранында h əрпін жазып, Анықтама жəне қолдау
опциясын таңдаңыз.
Деректер мен дискілерді бөлісу жəне бағдарламалық құралдарға қол
жеткізу
Компьютер желінің бір бөлігі болып тұрғанда, тек компьютерде сақтаулы ақпаратты
пайдаланумен шектеліп қалмайсыз. Желідегі компьютерлер бір-бірлерімен бағдарламалық
құралдар мен деректерді алмаса алады.
ЕСКЕРІМ: DVD фильмі немесе ойыны сияқты диск көшіруден қорғалған болса, оны бөлісу
мүмкін емес.
Бір желідегі қалталарды немесе кітапханаларды бөлісу үшін:
1. Windows жұмыс үстелінде Проводник (Жетектеуші) бағдарламасын ашыңыз.
2. Библиотеки (Кітапханалар) терезесінде Общий доступ (Ортақ пайдалану) қойыншасын
басыңыз да, Конкретные пользователи (Арнайы адамдар) параметрін таңдаңыз.
3. Файлды ортақ пайдалану жолағына бір атты жазып, Қосу түймешігін басыңыз.
4. Общий доступ (Ортақ пайдалану) түймешігін басып, экрандағы нұсқауларды орындаңыз.
Жергілікті
дискіңіздегі ақпаратты бірлесіп пайдалану үшін
1. Windows жұмыс үстелінде Проводник (Жетектеуші) бағдарламасын ашыңыз.
2. Библиотеки (Кітапханалар) терезесінде Жергілікті диск (C:) опциясын таңдаңыз.
3. Ортақ пайдалану қойындысын басып, Қосымша ортақтасу опциясын таңдаңыз.
4. Жергілікті диск (C:) сипаттары терезесіндегі Қосымша ортақтасу опциясын таңдаңыз.
5. Осы қалтаны ортақ пайдалану параметріне құсбелгі қойыңыз.
Бір желідегі дискілерді бөлісу үшін:
1. Windows
жұмыс үстелінде, тапсырмалар тақтасының оң жақ шетінде орналасқан
хабарландыру аймағындағы желі күйінің белгішесін оң жақ түймешікпен басыңыз.
2. Желі жəне ортақтасу орталығын ашу опциясын таңдаңыз.
16 Бап 3 Желіге қосылу