User's Guide

Жапсырмалар
Компьютерге жапсырылған жапсырмалар жүйе ақаулықтарын жойғанда немесе компьютер
алып шетелге саяхатқа шыққанда қажет болуы мүмкін.
МАҢЫЗДЫ АҚПАРАТ: Компьютеріңіздің үлгісіне байланысты, осы бөлімде көрсетілген
барлық жапсырмалар 3 орынның біреуінде орналасады: компьютердің төменгі жағына
жабыстырылған, батарея орнында немесе сервистік есіктің астында орналасқан.
Бұл орындарды табу кезінде көмек алу үшін, Компьютермен танысу 4-бетте бөлімін қараңыз.
Сервистік жапсырма компьютерді анықтауға арналған маңызды ақпаратты қамтамасыз
етеді. Қолдау қызметімен хабарласу кезінде, сериялық нөмір, өнім нөмірі немесе модель
нөмірі сұралуы мүмкін. Қолдау қызметімен хабарласпас бұрын, бұл нөмірлерді табыңыз.
ЕСКЕРІМ: Сервистік жапсырмалар төменде көрсетілген мысалдардың біреуіне ұқсас
болады. Компьютердегі сервистік жапсырмаға ең ұқсас суретті қараңыз.
Бөлік
(1) Өнім аты (тек таңдаулы үлгілерде)
(2) Сериялық нөмір
(3) Өнім нөмірі
(4) Кепілдік күшінің мерзімі
(5) Модель нөмірі (тек таңдаулы үлгілерде)
Бөлік
(1) Сериялық нөмір
(2) Өнім нөмірі
(3) Кепілдік күшінің мерзімі
Жапсырмалар 13