User's Guide
Сол жақ
Бөлік Сипаттама
(1)
Қауіпсіздік кабелінің ұясы Қосымша қауіпсіздік кабелін компьютерге жалғайды.
ЕСКЕРІМ: Қауіпсіздік кабелі сақтандырғыш құрал
ретінде əрекет ету үшін жасалған, бірақ ол компьютерге
күтімсіз қараудан немесе оны ұрланудан қорғай алмауы
мүмкін.
(2)
Сыртқы монитор порты Сыртқы VGA мониторы немесе проекторды қосады.
(3) Желдеткіш тесік Ішкі бөліктерді салқындату үшін ауа ағынын қосады.
ЕСКЕРІМ: Компьютер желдеткіші ішкі бөліктерді
салқындату үшін жəне қызып кетуден қорғау үшін
автоматты түрде қосылады. Жұмыс барысында
желдеткіштің біресе қосылып, біресе өшіп отыруы –
қалыпты жағдай.
(4)
USB 2.0 порты Қосымша USB құрылғысын жалғайды.
ЕСКЕРІМ: USB порттарының түрлері туралы толық
ақпаратты
USB құрылғысын пайдалану 51-бетте
бөлімінен қараңыз.
(5)
Жад картасын оқу құрылғысы Ақпаратты Secure Digital (SD) сияқты жад карталарынан
оқиды жəне мəліметтерді жад карталарына жазады.
(6)
Қатты диск шамы ● Ақ түсте жыпылықтау: катты диск пайдаланылуда.
●
Сары: HP 3D DriveGuard көмегімен қатты диск
уақытша қауіпсіз позицияға орнатылды.
ЕСКЕРІМ: HP 3D DriveGuard қызметі туралы
ақпаратты
HP 3D DriveGuard бағдарламасын (тек
таңдаулы үлгілерде) пайдалану 57-бетте
бөлімінен қараңыз.
(7)
Қуат шамы
●
Қосулы: компьютер қосулы.
●
Жыпылықтау: қуатты үнемдеу күйі болып
табылатын «Ұйқы күйі» компьютерде қосылған.
Компьютер дисплейдің жəне басқа да қажет емес
құрамдас бөліктердің қуатын өшіреді.
●
Өшірулі: компьютер өшірулі немесе күту күйінде.
Күту күйі — ең аз мөлшерде қуат тұтынатын қуатты
үнемдеу күйі.
6 Бап 2 Компьютермен танысу