User's Guide
1 Қосылғанда жанатын шам
Бұл компьютер жұмыс істеуді жəне көңіл көтеруді жақсартуға арналған қуатты құрал болып
табылады. Компьютерді орнату жасалғаннан кейін орындауға болатын ең жақсы амалдар,
компьютермен жасауға болатын қызықты əрекеттер жəне қосымша HP ресурстарын табуға
болатын орындар туралы білу үшін, осы бөлімді оқып шығыңыз.
Ең жақсы тəжірибе
Қаржы салымыңызды қорғау үшін, компьютер параметрлерін орнатып, оны тіркегеннен кейін,
келесі əрекеттерді орындау ұсынылады:
●
Əлі қосылмаған болса, сымды немесе сымсыз желіге қосылыңыз. Егжей-тегжейлі
ақпаратты
Желіге қосылу 15-бетте бөлімінен қараңыз.
●
Жаңа Windows® 8 мүмкіндіктерін зерттеу үшін басып шығарылған Windows 8 Негіздері
нұсқаулығын оқыңыз.
● Компьютердің аппараттық жəне бағдарламалық құралымен танысыңыз. Қосымша ақпарат
алу үшін
Компьютермен танысу 4-бетте жəне Көңіл көтеру мүмкіндіктерін
пайдалану 21-бетте бөлімдерін қараңыз.
●
Вирусқа қарсы бағдарламалық құрал сатып алыңыз немесе жаңартыңыз. Қосымша
ақпаратты
Вирусқа қарсы бағдарламалық құралды пайдалану 66-бетте бөлімінен
қараңыз.
●
Қалпына келтіру дискілерін немесе қалпына келтіру флэш жетегін жасау арқылы қатты
дискінің сақтық көшірмесін жасаңыз.
Сақтық көшірме жасау, алдыңғы күйіне қайтару жəне
қалпына келтіру 72-бетте бөлімін қараңыз.
Қызықты əрекеттер
●
Компьютерден YouTube бейнесін көруге болатынын білесіз. Ал, компьютерді теледидарға
немесе ойын консоліне жалғауға болатынын білесіз бе? Қосымша ақпаратты
HDMI
құрылғысын жалғау 26-бетте бөлімінен қараңыз.
●
Сондай-ақ, компьютерден музыка тыңдауға болатынын білесіз. Ал компьютерге тікелей
эфирдегі радионы орнатып, бүкіл əлемдегі радио арналарының музыкасы мен
бағдарламаларын тыңдай алатыныңызды білесіз бе?
Дыбысты пайдалану 23-бетте
бөлімін қараңыз.
●
Microsoft бағдарламаларын пайдаланып керемет презентациялар жасай алатыныңызды
білесіз. Ал, ойларыңызды топпен бөлісу үшін компьютерді проекторға қосуға болатынын
білесіз бе?
VGA мониторын немесе проекторын жалғау 24-бетте бөлімін қараңыз.
●
Суреттер мен мəтін беттерін біркелкі басқару үшін сенсорлы тақта мен жаңа Windows 8
түрту қимылдарын қолданыңыз.
Сенсорлы тақта іс-қимылдарын пайдалану 28-бетте
жəне
Сенсорлы экран қимылдарын пайдалану (тек таңдаулы үлгілерде) 35-бетте
бөлімдерінен қараңыз.
Ең жақсы тəжірибе 1