Пайдаланушы нұсқаулығы
© Copyright 2013 Hewlett-Packard Development Company, L.P. Bluetooth өз меншік иесінің сауда белгісі болып табылады жəне оны HewlettPackard компаниясы лицензия бойынша пайдаланады. Microsoft жəне Windows — Microsoft корпорациясының АҚШ-тағы тіркелген сауда белгілері. SD Logo — өз меншік иесінің сауда белгісі. Осы құжатта берілген ақпарат ескертусіз өзгертіледі. HP өнімдері мен қызметтеріне кепілдік тек осындай өнімдермен жəне қызметтермен бірге келетін тікелей кепілдік мəлімдемелерінде беріледі.
Қауіпсіздік туралы ескерту хабары АБАЙ БОЛЫҢЫЗ! Қызып кетумен байланысты зақымдарды немесе компьютердің қатты қызып кету жағдайын азайту үшін компьютерді тізеңізге қоймаңыз немесе компьютердің ауа желдеткішін бітемеңіз. Компьютерді тек қатты, тегіс беттің үстіне қойып пайдаланыңыз. Қасында тұрған қосымша принтер сияқты қатты беттің немесе жастық, кілем немесе мата сияқты жұмсақ беттің ауа ағынын бөгеуіне жол бермеңіз.
iv Қауіпсіздік туралы ескерту хабары
Maзмұны 1 Қосылғанда жанатын шам ........................................................................................................................... 1 Ең жақсы тəжірибе .............................................................................................................................. 1 Қызықты əрекеттер ............................................................................................................................. 1 Қосымша HP ресурстары ......................................
4 Көңіл көтеру мүмкіндіктерін пайдалану ................................................................................................. 21 Мультимедиа мүмкіндіктері ............................................................................................................. 21 Веб-камераны пайдалану ................................................................................................................ 22 Дыбысты пайдалану ...........................................................................
Пернелер тіркесімдерін пайдалану ................................................................ 42 6 Қуат басқару ................................................................................................................................................. 43 Ұйқы немесе күту күйін қосу ............................................................................................................. 43 Ұйқы күйін қолмен бастау жəне шығу .......................................................................
Жад модулін қосу немесе ауыстыру .............................................................................. 59 Бағдарламалар мен драйверлерді жаңарту ................................................................................... 61 Компьютерді тазалау ........................................................................................................................ 61 Тазалау іс рəсімдері ........................................................................................................
HP Recovery Manager арқылы қалпына келтіру ............................................................ 77 Мынаны білгеніңіз жөн .................................................................................... 77 HP Recovery бөлімін пайдалану (тек таңдаулы үлгілерде) .......................... 78 Қалпына келтіру үшін HP Recovery құралын пайдалану .............................. 78 Компьютердің жүктелу тəртібін өзгерту ......................................................... 78 HP Recovery бөлімін жою ..
x
1 Қосылғанда жанатын шам Бұл компьютер жұмыс істеуді жəне көңіл көтеруді жақсартуға арналған қуатты құрал болып табылады. Компьютерді орнату жасалғаннан кейін орындауға болатын ең жақсы амалдар, компьютермен жасауға болатын қызықты əрекеттер жəне қосымша HP ресурстарын табуға болатын орындар туралы білу үшін, осы бөлімді оқып шығыңыз.
Қосымша HP ресурстары Компьютерді іске қосып, осы нұсқаулықты табу үшін, Параметрлерді орнату нұсқаулары бөлімін пайдаланыңыз. Өнім туралы егжей-тегжейлі деректерді, практикалық нұсқаулық ақпаратын жəне қосымша мəліметтерді қамтамасыз ететін ресурстарды табу үшін, мына кестені қараңыз.
Ресурстар Мазмұны Шектеулі кепілдік* ● Бұл компьютер туралы арнаулы кепілдік ақпараты Бұл нұсқаулықты пайдалану үшін 1. Бастау экранында поддержка (қолдау) сөзін теріп, HP Support Assistant қолданбасын таңдаңыз. 2. Мой компьютер (Компьютерім), одан кейін Гарантия и услуги (Кепілдік жəне қызметтер) тармағын таңдаңыз. – немесе – http://www.hp.com/go/orderdocuments веб-торабына өтіңіз.
2 Компьютермен танысу Аппараттық жəне бағдарламалық құрал туралы мəліметтерді табу Аппараттық құралдардың орналасқан жерлері Компьютерге орнатылған аппараттық құралдарды көру үшін: 1. Бастау экранында c əрпін жазып, Анықтама жəне қолдау опциясын таңдаңыз. 2. Система и безопасность (Жүйе жəне қауіпсіздік) параметрін таңдаңыз жəне жүйе аймағында Диспетчер устройств (Құрылғы реттеушісі) пəрменін басыңыз. Компьютерде орнатылған барлық құрылғылардың тізімі көрсетіледі.
Оң жақ Бөлік (1) Сипаттама Аудио шығыс (құлақаспап) ұясы/Аудио кіріс (микрофон) ұясы Токқа қосылатын қосымша стерео үндеткіштер, құлақаспаптар, тығын тəріздес құлақаспаптар, гарнитура немесе теледидар дыбыс кабелі қосылады. Сонымен қатар, қосымша гарнитура микрофонын қосады. Бұл ұя қосымша тек микрофон құрылғыларын қолдамайды. АБАЙ БОЛЫҢЫЗ! Жарақаттану қаупін азайту үшін, құлақаспаптар, тығын тəріздес құлақаспап немесе гарнитураны киер алдында, дыбыс деңгейін реттеңіз.
Сол жақ Бөлік (1) Сипаттама Қауіпсіздік кабелінің ұясы Қосымша қауіпсіздік кабелін компьютерге жалғайды. ЕСКЕРІМ: Қауіпсіздік кабелі сақтандырғыш құрал ретінде əрекет ету үшін жасалған, бірақ ол компьютерге күтімсіз қараудан немесе оны ұрланудан қорғай алмауы мүмкін. (2) Сыртқы монитор порты Сыртқы VGA мониторы немесе проекторды қосады. (3) Желдеткіш тесік Ішкі бөліктерді салқындату үшін ауа ағынын қосады.
Дисплей Бөлік (1) Сипаттама Ішкі дисплей қосқышы Дисплейді өшіреді жəне егер дисплей қуат қосулы кезде жабылған болса, ұйқы күйін қосады. ЕСКЕРІМ: Ішкі дисплей қосқышы компьютердің сыртынан көрінбейді. (2) WLAN антенналары (2)* Сымсыз жергілікті желілермен (WLANs) байланыста болу үшін сымсыз байланыс сигналдарын жібереді жəне қабылдайды. (3) Веб-камера шамы Қосулы: веб-камера қолданылуда.
Жоғарыдан қарағандағы көрінісі сенсорлы тақта Бөлік (1) Сипаттама Сенсорлы тақта аймағы Экрандық меңзерді жылжытады жəне экрандағы элементтерді таңдайды немесе іске қосады. ЕСКЕРІМ: Сенсорлы тақта жиектен жүргізу қимылдарын да қолдайды. Қосымша ақпаратты Саусақты жиектен жылжыту 33-бетте бөлімінен қараңыз. 8 (2) Сол жақ сенсорлы тақта түймешігі Сыртқы тінтуірдің сол жақ түймешігі сияқты жұмыс істейді. (3) Оң жақ сенсорлы тақта түймешігі Сыртқы тінтуірдің оң жақ түймешігі сияқты жұмыс істейді.
Шамдар Бөлік (1) Сипаттама Қуат шамы ● Қосулы: компьютер қосулы. ● Жыпылықтау: қуатты үнемдеу күйі болып табылатын «Ұйқы күйі» компьютерде қосылған. Компьютер дисплейдің жəне басқа да қажет емес құрамдас бөліктердің қуатын өшіреді. ● Өшірулі: компьютер өшірулі немесе күту күйінде. Күту күйі — ең аз мөлшерде қуат тұтынатын қуатты үнемдеу күйі. (2) Caps lock шамы Қосулы: пернелердің барлығын бас əріп ететін «Caps lock» пернесі басылған. (3) Дыбысты өшіру шамы ● Сары: компьютер дыбысы өшірулі.
Түймешік пен үндеткіштер Бөлік (1) Сипаттама Қуат түймешігі ● Компьютер өшірулі болғанда, компьютерді қосу үшін түймешікті басыңыз. ● Компьютер қосулы болғанда, ұйқы күйін қосу үшін түймешікті тез басып қалыңыз. ● Компьютер ұйқы күйінде болғанда, ұйқы күйінен шығу үшін түймешікті тез басып қалыңыз. ● Компьютер күту күйінде болған кезде, күту күйінен шығу үшін түймешікті тез басып қалыңыз. ЕСКЕРТУ: Қуат түймешігін басып тұрғанда сақталмаған ақпараттар жойылады.
Пернелер Бөлік Сипаттама (1) esc пернесі fn пернесімен бірге басылған кезде жүйе ақпараты көрсетіледі. (2) fn пернесі Esc пернесімен бірге басылғанда, жиі пайдаланылатын жүйелік функцияларды орындайды. (3) Windows пернесі Ашық болған бағдарламадан немесе Windows жұмыс үстелінен бастау экранына жылдам қайтарады. ЕСКЕРІМ: Windows пернесі қайта басылған кезде, алдыңғы экран ашылады. (4) Əрекеттер пернелері Жиі қолданылатын жүйелік функцияларды орындайды.
Астыңғы жағы Бөлік (1) Сипаттама Қызмет көрсетуге арналған есік Қатты диск орнына, сымсыз LAN (WLAN) модуль ұясына жəне жад модулінің ұясына кіруге мүмкіндік береді. ЕСКЕРТУ: жүйенің жауап бермеуін болдырмау үшін, сымсыз модульді тек еліңіздегі немесе аймағыңыздағы сымсыз құрылғыларды реттеуші үкіметтік агенттік компьютерде қолдануға рұқсат еткен сымсыз модульдермен ауыстырыңыз.
Жапсырмалар Компьютерге жапсырылған жапсырмалар жүйе ақаулықтарын жойғанда немесе компьютер алып шетелге саяхатқа шыққанда қажет болуы мүмкін. МАҢЫЗДЫ АҚПАРАТ: Компьютеріңіздің үлгісіне байланысты, осы бөлімде көрсетілген барлық жапсырмалар 3 орынның біреуінде орналасады: компьютердің төменгі жағына жабыстырылған, батарея орнында немесе сервистік есіктің астында орналасқан. Бұл орындарды табу кезінде көмек алу үшін, Компьютермен танысу 4-бетте бөлімін қараңыз.
Бөлік 14 (4) Модель нөмірі (тек таңдаулы үлгілерде) (5) Нұсқа нөмірі ● Техникалық деректер жапсырмасы(лары) — компьютер туралы техникалық ақпаратты береді. ● Сымсыз куəлік беру туралы жапсырма(лар) — қосымша сымсыз құрылғылар туралы ақпаратты жəне осы құрылғылардың қолданылуы мақұлданған елдер немесе аймақтардың мақұлдау таңбаларын қамтамасыз етеді.
3 Желіге қосылу Осы компьютермен кез келген жерге саяхаттауға болады. Алайда, компьютер мен сымсыз не сымды желі байланысын пайдаланып үйде отырып та дүние жүзін шарлап, миллиондаған вебтораптардың ақпараттарына қол жеткізуге болады. Осы тараудағы ақпарат əлеммен байланысуға көмектеседі. Сымсыз желіге қосылу Сымсыз технология деректерді сым арқылы емес, радио толқындары арқылы тасымалдайды.
Сымсыз құрылғылар зауытта қосылатындықтан, оларды бір уақытта қосу немесе өшіру үшін, сымсыз байланыс түймешігін пайдалануға болады. Амалдық жүйе басқару элементтерін пайдалану Желі жəне ортақ қолдану орталығы қосылымды немесе желіні орнатуға, желіге қосылуға, желі ақаулықтарын тексеруге жəне жөндеуге мүмкіндік береді. Амалдық жүйенің басқару элементтерін пайдалану үшін 1. Бастау экранында n əрпін жазып, Параметрлер опциясын таңдаңыз. 2.
3. Белсенді желілерді қарап шығу тізімінен бір белсенді желіні таңдаңыз. 4. Бөлісу опцияларының құпиялығын, желіні анықтау, файл мен принтерді бөлісу немесе басқа да желілік опцияларды орнату үшін, Қосымша ортақтасу параметрлерін өзгерту опциясын таңдаңыз. WLAN құрылғысын қолдану WLAN құрылғысымен сымсыз жол жоспарлағыш немесе сымсыз кіру нүктесі арқылы байланыстырылған басқа компьютерлерден жəне қосалқы құралдардан құрылған сымсыз жергілікті желіге (WLAN) кіруге болады.
Желі кеңейген сайын, Интернетке кіру үшін желіге қосымша сымсыз жəне сымды компьютерлерді қосуға болады. WLAN желісін орнату бойынша көмек керек болса, жол жоспарлағыштың өндірушісі немесе интернет қызметінің провайдері (ISP) берген ақпаратты қараңыз. Сымсыз жол жоспарлағыш параметрлерін реттеу WLAN желісін орнату бойынша көмек керек болса, жол жоспарлағыштың өндірушісі немесе интернет қызметінің провайдері (ISP) берген ақпаратты қараңыз.
WLAN желісіне қосылу WLAN желісіне қосылу үшін, төмендегі қадамдарды орындаңыз: 1. WLAN құрылғысының қосулы екендігіне көз жеткізіңіз. Егер қосылған болса, сымсыз байланыс шамы ақ болады. Сымсыз байланыс шамы сөніп тұрса, сымсыз байланыс түймешігін басыңыз. ЕСКЕРІМ: Кейбір үлгілерде барлық сымсыз құрылғылар өшірулі болғанда, сымсыз байланыс шамы сары түспен жанып тұрады. 2.
Сымды желіге қосылу Жергілікті желіге (LAN) қосылу Компьютерді тікелей үйдегі жол жоспарлағышқа (сымсыз жұмыс істеудің орнына) немесе офистегі бұрыннан бар желіге қосу керек болса, LAN байланысын пайдаланыңыз. Жергілікті желіге қосылу үшін 8 істікшелі RJ-45 (желі) кабелі қажет. Желі кабелін қосу үшін, төмендегі қадамдарды орындаңыз: 1. Желілік кабелді компьютердегі желі ұясына (1) жалғаңыз. 2. Желілік кабелдің екінші ұшын желінің қабырға ұясына (2) немесе жол жоспарлағышқа жалғаңыз.
4 Көңіл көтеру мүмкіндіктерін пайдалану Веб-камера арқылы байланысу, музыканы тыңдау жəне басқару, бейнефильмдерді жүктеу жəне көру амалдарын орындау үшін HP компьютерін көңіл көтеру орталығы ретінде пайдаланыңыз. Компьютеріңізді бұдан да қуатты көңіл көтеру орталығына айналдыру үшін, монитор, проектор, теледидар немесе үндеткіштер мен құлақаспаптар сияқты жоғары ажыратымдылықты сыртқы құрылғыларды жалғаңыз. Мультимедиа мүмкіндіктері Төменде осы компьютердің бірнеше көңіл көтеру мүмкіндіктері көрсетілген.
Бөлік Сипаттама (4) HDMI порты Ажыратымдылығы жоғары теледидар немесе кез келген үйлесімді сандық не аудио құрамдас бөлікті немесе жоғары жылдамдықты HDMI құрылғысы сияқты қосымша бейне немесе дыбыс құрылғыларын қосады. (5) USB 3.0 порттары (2) Қосымша USB құрылғыларын қосады. ЕСКЕРІМ: USB порттарының түрлері туралы толық ақпаратты USB құрылғысын пайдалану 51-бетте бөлімінен қараңыз.
Веб-камераны қолдану туралы толық ақпарат алу үшін, Справка и поддержка (Анықтама жəне қолдау) бөліміне өтіңіз. Бастау экранында h əрпін жазып, Анықтама жəне қолдау опциясын таңдаңыз. Дыбысты пайдалану HP компьютерімен музыка ықшам дискілерін (сыртқы оптикалық жинақтағыш диск бөлек сатып алынады) ойнатуға, музыканы жүктеуге жəне тыңдауға, вебтегі аудио мазмұнды тыңдауға (соның ішінде радионы), дыбыс жазуға немесе мультимедиа файлын жасау үшін дыбыс пен бейнені біріктіруге болады.
Компьютердің жазу функцияларын тексеру үшін, келесі қадамдарды орындаңыз: 1. Бастау экранында s əрпін жазып, Дыбыс жазу пəрменін таңдаңыз. 2. Начать запись (Жазуды бастау) түймешігін басып, микрофонмен сөйлеңіз. 3. Файлды жұмыс үстеліне сақтаңыз. 4. Мультимедиалық бағдарламаны ашыңыз жəне дыбысты ойнатыңыз. Компьютерде аудио параметрлерін құптау немесе өзгерту үшін: 1. Бастау экранында c əрпін жазып, қолданбалар тізімінен Басқару тақтасы тармағын таңдаңыз. 2.
Мониторды немесе проекторды жалғау: 1. Монитордың не проектордың VGA кабелін компьютердегі VGA портына суретте көрсетілгендей жалғаңыз. 2. Экрандағы суретті 4 түрлі көрсету күйіне ауыстырып қосу үшін, f4 пернесін басыңыз: ● ДК экраны ғана: экрандағы кескінді тек компьютерден көру. ● Қос: экрандағы кескінді бір уақытта компьютер мен сыртқы құрылғының екеуінен де көру. ● Кеңейтілген: Экрандағы кескінді компьютер мен сыртқы құрылғының екеуінен көру.
HDMI құрылғысын жалғау ЕСКЕРІМ: болады. HDMI құрылғысын компьютерге жалғау үшін бөлек сатылатын HDMI кабелі қажет Компьютер экранындағы кескінді ажыратымдылығы жоғары теледидардан не компьютерден көру үшін, ажыратымдылығы жоғары құрылғыны келесі нұсқауларға сəйкес жалғаңыз. 1. HDMI кабелінің бір ұшын компьютердегі HDMI портына жалғаңыз. 2. Кабельдің екінші ұшын ажыратымдылығы жоғары теледидарға не мониторға жалғаңыз. 3.
HDMI аудио параметрлерін реттеу HDMI ажыратымдылығы жоғары бейне жəне дыбыс параметрлеріне қолдау көрсететін жалғыз бейне интерфейсі болып табылады. HDMI теледидарын компьютерге жалғағаннан кейін, келесі қадамдарды орындау арқылы HDMI дыбысын қосуға болады: 1. Windows жұмыс үстелінде, тапсырмалар тақтасының оң жақ шетінде орналасқан хабарландыру аймағындағы Динамики (Үндеткіштер) белгішесін түртіп ұстап тұрыңыз, одан кейін Устройства воспроизведения (Ойнату құрылғылары) параметрін таңдаңыз. 2.
5 Түрту қимылдары, меңзегіш құрылғылар мен пернетақтаның көмегімен жылжу Бұл компьютер пернетақта мен тінтуірге қоса сенсорлы тақтаның қимылдарын пайдалану арқылы шарлау мүмкіндігін береді. Түрту қимылдарын компьютердің сенсорлы тақтасында немесе сенсорлы экранда (тек таңдаулы үлгілерде) қолдануға болады. ЕСКЕРІМ: Компьютердегі USB порттарының біреуіне жалғау арқылы сыртқы USB тінтуірін (бөлек сатылады) пайдалана аласыз. Компьютермен бірге берілген Windows 8 Basics нұсқаулығын қараңыз.
Қимылды ажырату немесе қосу үшін: 1. Synaptics TouchPad (Synaptics сенсорлы тақтасы) экранында, ажыратқыңыз немесе қосқыңыз келген қимылға құсбелгі қойыңыз немесе оны алып тастаңыз. 2. Применить (Қолдану) пəрменін таңдап, одан кейін OK түймешігін басыңыз. Түрту Экранда элементті таңдау үшін сенсорлы тақтадағы түрту функциясын қолданыңыз. ● Экрандағы бір элементке меңзерді апарып, таңдау үшін бір саусақпен сенсорлы тақта аймағын түртіңіз. Элементті ашу үшін оны екі рет түртіңіз.
Шымшу/масштабтау Шымшу жəне масштабтау қимылдары суреттерді немесе мəтінді үлкейтуге немесе кішірейтуге мүмкіндік береді. 30 ● Үлкейту үшін, екі саусақты сенсорлы тақта аймағына бірге қойып, олардың арасын ашыңыз. ● Кішірейту үшін, екі саусақты сенсорлы тақта аймағына арасын алшақ қойып, одан кейін олардың арасын жақындатыңыз.
Айналдыру (тек таңдаулы үлгілерде) Айналдыру мүмкіндігі фотосуреттер сияқты элементтерді айналдыруға мүмкіндік береді. ● Бір нысанға меңзерді апарып, сол қолдың сұқ саусағымен сенсорлы тақта аймағында ілмек жасаңыз. Оң қолмен сұқ саусақты оңға қарай 90 градус жүргізіңіз. Кері айналдыру үшін, сұқ саусағыңызды сағат тіліне қарсы 90 градус жүргізіңіз. ЕСКЕРІМ: Айналдыру нысанды немесе суретті басқаруға болатын белгілі бір қолданбаларға арналған. Айналдыру қолданбалардың барлығында жұмыс істей бермеуі мүмкін.
Жүргізіп өту (тек таңдаулы үлгілерде) Жүргізіп өту экрандарда жылжуға немесе құжаттарды жылдам қарап шығуға мүмкіндік береді. ● 32 Сенсорлы тақта аймағына үш саусақты қойып, жеңіл, жылдам қозғалыспен саусақтарыңызды жоғары, төмен, солға немесе оңға жүргізіп өтіңіз.
Саусақты жиектен жылжыту Жиектерден жүргізіп өту параметрлерді өзгерту жəне қолданбаларды табу немесе пайдалану сияқты тапсырмаларды орындауға мүмкіндік береді. Саусақты оң жақ жиектен жылжыту Саусақты оң жақ жиектен жылжыту іздеуге, бөлісуге, қолданбаларды іске қосуға, құрылғыларға қол жеткізуге немесе параметрлерді өзгертуге мүмкіндік беретін бүйірлік тақтаны ашады. ● Шебер түймелерді көрсету үшін саусағыңызды оң жақ жиектен жылжытыңыз.
Саусақты сол жақ жиектен жылжыту Саусақты сол жақ жиектен жылжыту жуықта ашылған қолданбалар арасында жылдам ауысуға жəне оларды ашуға мүмкіндік береді. ● 34 Бағдарламалар арасында жылдам ауыстыру үшін саусақты сенсорлы тақтаның сол жиегінен жайлап жылжытыңыз.
Сенсорлы экран қимылдарын пайдалану (тек таңдаулы үлгілерде) Сенсорлы экраны бар компьютер экрандағы элементтерді саусақтар арқылы тікелей басқаруға мүмкіндік береді. КЕҢЕС: Сенсорлы экраны бар компьютерде қимылдарды экранда немесе сенсорлы тақтада орындауға болады. Сонымен қатар, сенсорлы экрандағы əрекеттерді пернетақта мен тінтуір көмегімен жүзеге асыруға болады.
Түрту Экранда элементті таңдау үшін түрту мүмкіндігін пайдаланыңыз. ● Экрандағы нысанды таңдау үшін оны бір саусақпен түртіңіз. Элементті ашу үшін оны екі рет түртіңіз. Жылжу Жылжу қимылы меңзерді бетте немесе суретте жоғары, төмен, сол немесе оң жаққа қарай жылжыту кезінде қажет əрекет. ● 36 Екі саусағыңызды экранға қойып, оларды жоғары, төмен, солға немесе оңға қарай сүйрете жылжытыңыз.
Қысу/созу Қысу жəне созу қимылдары суреттерді немесе мəтінді кішірейтуге немесе үлкейтуге мүмкіндік береді. ● Үлкейту үшін, екі саусақты дисплейде бірге қойып, олардың арасын ашыңыз. ● Кішірейту үшін, екі саусақты дисплейге арасын алшақ қойып, одан кейін олардың арасын жақындатыңыз. Айналдыру (тек таңдаулы үлгілерде) Айналдыру мүмкіндігі фотосуреттер сияқты элементтерді айналдыруға мүмкіндік береді. ● Сол сұқ саусақты айналдырғыңыз келген нысанда тіреңіз.
Саусақты жиектен жылжыту Саусақты жиектен жылжыту қимылдары параметрлер өзгерту жəне бағдарламаларды табу немесе пайдалану сияқты əрекеттерді орындауға мүмкіндік береді. Саусақты оң жақ жиектен жылжыту Саусақты оң жақ жиектен жылжыту іздеуге, бөлісуге, қолданбаларды іске қосуға, құрылғыларға қол жеткізуге немесе параметрлерді өзгертуге мүмкіндік беретін бүйірлік тақтаны ашады. ● Шебер түймелерді көрсету үшін саусағыңызды экран бетінде дисплейдің оң жақ жиегінен ішіне қарай жайлап сырғытыңыз.
Саусақты үстіңгі жəне төменгі жиектерден жылжыту Саусақты үстіңгі жиектен жылжыту немесе төменгі жиектен жылжыту қимылы компьютерде қолжетімді бағдарламалар тізімін ашуға мүмкіндік береді. 1. Windows бастау экранынан саусағыңызды дисплейдің үстіңгі немесе төменгі жиегінен экранға қарай жайлап сырғытыңыз. 2. Қолжетімді бағдарламаларды көру үшін, Все приложения (Барлық бағдарламалар) пəрменін таңдаңыз.
Пернетақтаны жəне тінтуірді пайдалану Пернетақта жəне тінтуір теруге, элементтерді таңдауға, айналдыруға жəне сенсорлы экрандағы қимылдар сияқты бірдей функцияларды жүзеге асыруға мүмкіндік береді. Сонымен қатар, пернетақта арнайы функцияларды орындау мақсатымен əрекет пернелері мен жылдам пернелерді пайдалануға мүмкіндік береді. КЕҢЕС: Пернетақтадағы Windows пернесі ашық болған бағдарламадан немесе Windows жұмыс үстелінен бастау экранына жылдам оралуға мүмкіндік береді.
Əрекет пернелерін пайдалану Перненің тағайындалған функциясын іске қосу үшін пернені басыңыз. f1 мен f4 жəне f6 мен f12 пернелеріндегі əр белгіше сол пернеге тағайындалған функцияны сипаттайды. Əрекет пернесінің функциясын пайдалану үшін, пернені басып ұстап тұрыңыз. Əрекет пернесі функциясы зауытта қосылады. Бұл мүмкіндікті Setup Utility (BIOS) құралында ажыратуға болады.
Microsoft Windows 8 төте жол пернелерін қолдану Microsoft Windows 8 əрекеттерді жылдам орындау үшін төте жолдар ұсынады. Əрекетті кестедегі пернемен бірге басыңыз. орындау үшін, Windows пернесін Төте жол пернесі Перне Сипаттама Ашық болған бағдарламадан немесе Windows жұмыс үстелінен бастау экранына жылдам қайтарады. ЕСКЕРІМ: Пернені қайтадан басқанда алдыңғы экранға қайтарады. + c Шебер түймелерді ашады. + d Windows жұмыс үстелін ашады. + q «Барлық бағдарламалар» экранын ашады.
6 Қуат басқару Бұл компьютер батарея қуатымен немесе сыртқы қуат көзіне қосу арқылы жұмыс істейді. Егер компьютер батарея қуатымен жұмыс істейтін болса жəне батареяны зарядтау үшін оны АТ қуат көзіне жалғау мүмкін болмаса, батарея зарядын бақылау жəне үнемдеу өте маңызды. Қуат үнемделіп тұрған компьютер жұмысын реттеу мақсатымен компьютердің қуат пайдалану жəне үнемдеу жолын басқару үшін компьютерде оңтайлы қуат жоспары қолданылады.
Күту күйін қолмен бастау жəне шығу (тек таңдаулы үлгілерде) Пайдаланушы арқылы қосылатын күту күйін қосу жəне басқа қуат параметрлері мен күту үзілістерін өзгерту үшін «Қуат параметрлері» пəрменін пайдаланыңыз. 1. Бастау экранына питание (қуат) сөзін жазып, Параметры (Параметрлер) пəрменін таңдаңыз, одан кейін бағдарламалар тізімінен Параметры питания (Қуат параметрлері) тармағын таңдаңыз. 2. Сол жақ тақтадан Қуат түймешігінің əрекетін таңдаңыз сілтемесін басыңыз. 3.
Батареяның қуатымен жұмыс істеу Зарядталған батарея компьютерде болғанда жəне компьютер сыртқы қуатқа жалғанбаған кезде, компьютер батарея қуатында жұмыс істейді. Егер компьютерге зарядталған батарея салынған болса жəне айнымалы қуат компьютерден ажыратылған болса, компьютер автоматты түрде батарея қуатына ауысып, батарея қуатын сақтау үшін дисплей жарықтығы азаяды. Компьютер өшірілгенде жəне сыртқы қуаттан ажыратылғанда компьютердегі батарея жайлап таусылады.
HP Support Assistant орталығында мына құралдар жəне батарея туралы ақпарат бар: ● Батареяны сынау ● Батареяның түрлері, сипаттамалары, батареяның қызмет ету мерзімдері жəне сыйымдылығы туралы ақпарат Батарея қуатын үнемдеу Батарея қуатын үнемдеуге жəне батареяның қызмет ету мерзімін барынша ұзартуға қатысты кеңестер: ● Экранның жарықтығын төмендетіңіз. ● Қуат параметрлері ішінен Қуат үнемдегіші параметрін таңдаңыз.
Төмен батарея деңгейі мəселесін шешу Сыртқы қуат қолданылғанда төмен батарея деңгейін шешу ● Айнымалы ток адаптерін қосыңыз. ● Қосымша қондыру немесе кеңейту құрылғысын жалғаңыз. ● НР компаниясынан қосалқы құрал ретінде сатып алынатын қосымша қуат адаптерін қосыңыз. Ешқандай қуат көзі болмағанда төмен батарея деңгейін шешу Жұмысыңызды сақтап, компьютерді өшіріңіз.
Айнымалы қуат көзіне қосып жұмыс істеу Айнымалы ток көзіне қосу туралы қосымша ақпаратты компьютер қорабының ішіндегі Орнату нұсқаулары постерінен қараңыз. Компьютер мақұлданған айнымалы ток адаптері немесе қосымша қондыру/ұзарту құрылғысы арқылы сыртқы айнымалы қуат көзіне жалғанған кезде, компьютер батарея қуатын пайдаланбайды.
Айнымалы ток адаптерін тексеру: 1. Компьютерді сөндіріңіз. 2. Айнымалы ток адаптерін компьютерге жəне ауыспалы ток розеткасына жалғаңыз. 3. Компьютерді қосыңыз. ● Қуат шамдары жанса, айнымалы ток адаптері дұрыс істеп тұр. ● Қуат шамдары өшіп тұрса, айнымалы ток адаптері мен компьютер арасындағы жəне айнымалы ток адаптері мен розетка арасындағы қосылысты тексеріңіз. ● Байланыс дұрыс орнатылған, бірақ қуат шамдары сонда да өшіп тұрса, айнымалы ток адаптері істемей тұр жəне оны ауыстыру қажет.
ЕСКЕРІМ: Компьютер ұйқы немесе күту күйінде болcа, өшірмес бұрын, қуат түймесін тез басып қалу арқылы ұйқы немесе күту күйінен шығу керек. 1. Жұмысыңызды сақтап, барлық ашық бағдарламаларды жабыңыз. 2. Шебер түймелерді көрсету үшін, меңзерді бастау экранының жоғары немесе төменгі оң жақ бұрышына жылжытыңыз. 3. Параметры (Параметрлер), одан кейін Питание (Қуат) пəрмендерін таңдаңыз жəне Завершение работы (Жұмысты аяқтау) параметрін басыңыз.
7 Ақпаратты басқару жəне бөлісу Диск жетектері — ақпаратты сақтауға, басқаруға, бөлісуге жəне қол жеткізуге мүмкіндік беретін сандық сақтау құрылғылары. Компьютердің ішінде компьютер бағдарламалық құралы, амалдық жүйесі сақталатын жəне жеке файлдарыңызды сақтауға мүмкіндік беретін ішкі қатты диск немесе қатты күйдегі диск бар.
▲ Құрылғының USB кабелін USB портына жалғаңыз. ЕСКЕРІМ: Компьютердің USB порты осы бөлімдегі суреттегіден сəл өзгешелеу болуы мүмкін. Құрылғы анықталғанда, дыбыс естіледі. ЕСКЕРІМ: USB құрылғысы қосылған кезде жүйенің құрылғыны танытқанын көрсету үшін Windows жұмыс үстелінде хабарлама көрсетіледі жəне хабарландыру аймағындағы тапсырмалар тақтасының оң жақ шетінде орналасқан белгіше пайда болады.
2. Картаны жад картасы оқу құрылғысына енгізіп, нық отырғанша үстінен басыңыз. Құрылғы анықталғанда, дыбыс естіледі. Жад картасын шығарып алу үшін ЕСКЕРТУ: Ақпарат жоғалуының немесе жүйенің жауап қатпау қаупін азайту мақсатында жад картасын қауіпсіз шығарып алу үшін төмендегі қадамдарды орындаңыз. 1. Мəліметтеріңізді сақтап, жад картасымен байланысты барлық бағдарламаларды жабыңыз. 2.
8 Компьютерге техникалық қызмет көрсету Компьютерді оңтайлы күйде сақтау үшін, оған жүйелі түрде техникалық қызмет көрсету маңызды болып табылады. Бұл тарауда Дискіні дефрагментациялау құралы жəне Дискіні тазалау құралы арқылы компьютер жұмысын жақсарту туралы ақпарат беріледі. Сонымен қатар, бұл тарауда бағдарламалар мен дискілерді жаңарту туралы ақпарат, компьютерді тазалау нұсқаулары жəне компьютермен сапар шегу бойынша кеңестер қамтылған.
Қатты дискіні ауыстыру ЕСКЕРТУ: Дискілер компьютердің əлсіз бөліктері жəне оларды абайлап ұстау қажет. Дискіні құлатуға, оның үстіне зат қоюға, сұйықтық тигізуге немесе шектік мəндердегі температураларға не ылғалдық жағдайларына төндіруге болмайды. Дискіні пайдалану бойынша арнайы сақтық шараларын Дискілер ұстау 54-бетте бөлімінен қараңыз. ЕСКЕРТУ: Мəліметтердің жоғалуын немесе жауапсыз жүйені болдырмау үшін Диск жетегін шығару немесе орнатудың алдында компьютерді өшіріңіз.
3. Қатты дискінің 4 бұрандасын (3) шығарып алыңыз. 4. Қатты дискіні қатты диск ұясынан жоғары қарай көтеріңіз. ЕСКЕРІМ: Қатты дискіні компьютерден шығарғаннан кейін, қатты дискінің өзіне қол жеткізу үшін қатты дискінің жақтауын немесе қабын шешіп алу керек. Қатты диск ұстағышын алыңыз: 56 1. Қатты диск кабелін (1) қатты дискіден ажыратыңыз. 2. Қатты дискінің 4 бекіткішін (2) шығарып алыңыз.
3. Қатты дискіден диск ұстағышын (3) шешіп алыңыз. Қатты дискіні орнату үшін, осы процедураны керісінше орындаңыз. HP 3D DriveGuard бағдарламасын (тек таңдаулы үлгілерде) пайдалану Төмендегі жағдайлардың біреуі орын алса, HP 3D DriveGuard бағдарламасы дискіні өшіру жəне дерек сұрауларын тоқтату арқылы қатты дискіні қорғайды. ● Сіз компьютеріңізді құлатып алдыңыз. ● Батарея қуатынан қосылып тұрған компьютерді оның дисплейі жабулы күйінде жылжытасыз.
оң жақ шетінде орналасқан хабарландыру аймағындағы немесе Мобильділік орталығындағы белгішені басыңыз: ● Қатты диск бағдарламалық құрал арқылы белсенді түрде қорғалып тұрғанда, белгішенің үстінен баттасып жасыл құсбелгі шығады. ● Бағдарламалық құрал өшірілген болса, белгішенің үстінен ● Мəселе кесірінен бағдарламалық құрал дискті қауіпсіз позицияға орнатса, белгішенің үстінен баттасып сары түсті конус белгісі қойылмайды. белгісі шығады.
Жад модулін қосу немесе ауыстыру Жад қосу арқылы компьютер жұмысының тиімділігін арттыруға болады. Компьютерді физикалық жұмыс аймағымен салыстыруға болады. Қатты диск жұмыс құжаттары жиналатын файлдарды жинау кеңсесі, ал жад жұмыс істейтін үстеліңіз деуге болады. Тым көп зат қойылған үстел сияқты жадта барлық жұмысыңызды оңай орындау үшін қажетті орын жеткіліксіз болса, өнімділігіңіз төмендейді. Өнімділікті арттырудың тамаша шешімі — бұл компьютердегі жадтың көлемін ұлғайту.
ə. Жад модулінің шеттерінен ұстап (2), ұясынан ақырын сыртқа шығарыңыз. ЕСКЕРТУ: Жад модулінің зақымдануын болдырмау үшін, оны жиектерінен ғана ұстаңыз. Жад модуліндегі бөліктерге тимеңіз. ЕСКЕРІМ: Шығарғаннан кейін жад модулін қорғау үшін, оны электростатикалық ток өтпейтін контейнерге салыңыз. 8. Жаңа жад модулін енгізу үшін ЕСКЕРТУ: Жад модулінің зақымдануын болдырмау үшін, оны жиектерінен ғана ұстаңыз. Жад модуліндегі бөліктерге тимеңіз. а.
9. Қызмет көрсету есігін орнына салыңыз. 10. Батареяны орнына салыңыз. 11. Компьютерді жоғары қаратып, сыртқы қуатты жəне сыртқы құрылғыларды қайта қосыңыз. 12. Компьютерді қосыңыз. Бағдарламалар мен драйверлерді жаңарту НР компаниясы бағдарламалар мен драйверлерді жүйелі түрде соңғы нұсқалармен жаңартуды ұсынады. Жаңартулар мəселелерді шешіп, компьютерге жаңа мүмкіндіктер мен опциялар қосуы мүмкін.
● Жұмсақ сабын қосылған су ● Құрғақ микроталшықты тазалау шүберегі немесе күдері (майланбаған жұмсақ антистатикалық шүберек) ● Антистатикалық шүберек майлықтар ЕСКЕРТУ: Компьютерді бір жолға зақымдауы мүмкін қатты тазартқыш еріткіштерді пайдаланбаңыз. Тазалағыш заттың компьютер үшін қауіпсіз болғанына сенімді болмасаңыз, спирт, ацетон, аммоний хлориді, метиленхлорид жəне көмірсутектер сияқты ингредиенттердің өнім құрамында жоқ екенін тексеріңіз.
Компьютерді сапарға алып шығу немесе тасымалдау Компьютерді сапарға алып шығу немесе тасымалдау керек болса, құрылғыны қорғаудың кейбір кеңестерін осы жерден табасыз. ● Компьютерді саяхаттауға немесе тасымалдауға дайындау: ◦ Ақпараттың сақтық көшірмесін сыртқы дискіге жазыңыз. ◦ Компьютерден жад карталары сияқты барлық дискілер мен сыртқы медиа карталарын шығарып алыңыз. ◦ Барлық сыртқы құрылғыларды өшіріп, ажыратыңыз. ◦ Компьютерді сөндіріңіз. ● Ақпараттың сақтық көшірмесін бірге алып жүріңіз.
9 Компьютер мен ақпаратты қорғау Компьютер қауіпсіздігі ақпараттың құпиялылығы, сенімділігі мен қолжетімділігін қорғау үшін өте маңызды. Windows амалдық жүйесі, HP бағдарламалары, Windows емес Setup Utility (BIOS) құралы жəне басқа үшінші тарап бағдарламалық құралдары қамтамасыз ететін стандартты қауіпсіздік шешімдері компьютерді вирустар, «құрттар» сияқты түрлі қауіп-қатерлерден жəне зиян келтіретін код түрлерінен қорғауға көмектесе алады.
Экранды қорғағыш құпия сөздері сияқты Windows құпия сөздері туралы қосымша ақпаратты алу үшін, бастау экранында поддержка (қолдау) сөзін теріп, HP Support Assistant (НР қолдау көмекшісі) бағдарламасын таңдаңыз. Windows жүйесінде құпиясөздерді орнату Құпиясөз Қызмет Пайдаланушы құпиясөзі Windows пайдаланушы есептік жазбасына кіруді қорғайды. Əкімші құпиясөзі Компьютер мазмұнына əкімші деңгейінде кіруді қорғайды. ЕСКЕРІМ: Осы құпиясөз арқылы Setup Utility (BIOS) мазмұнына кіру мүмкін емес.
Өзгертулер компьютер қайта іске қосылған кезде күшіне енеді. Интернет қауіпсіздігін қамтамасыз ететін бағдарламалық құралын пайдалану Компьютерді электрондық пошта жіберу, желіге немесе Интернетке қосылу үшін пайдаланған кезде компьютерлік вирустар, тыншық бағдарламалар жəне басқа да онлайн қауіп-қатерлер компьютеріңізге түсуі мүмкін.
Қорғаныс жүйесінің маңызды жаңартуларын орнату HP компаниясы компьютерге бастапқыда орнатылған бағдарламалық құралдар мен драйверлерді үнемі жаңартуға кеңес береді. Ең соңғы нұсқаларды жүктеп алу үшін, http://www.hp.com/go/contactHP торабына өтіңіз. Жаңартулардың бар екені туралы ескертулерді автоматты түрде алу үшін тіркелу қажет. Компьютер сатып алынғаннан соң үшінші тарап бағдарламалық құралы орнатылған болса, бағдарламалық құралды үнемі жасап жүріңіз.
68 3. Қауіпсіздік кабель құлпын компьтердегі қауіпсіздік кабелінің ұясына (3) салыңыз да, сосын оны кілтпен жабыңыз. 4. Құлыпты шығарып алып, қауіпсіз жерде сақтаңыз.
10 Setup Utility (BIOS) жəне HP PC Hardware Diagnostics (UEFI) пайдалану Setup Utility немесе BIOS (Basic Input/Output System) жүйедегі бүкіл кіріс жəне шығыс құрылғыларының (мысалы, диск жетектері, монитор, пернетақта, тінтуір жəне принтер) арасындағы байланысты басқарады. Setup Utility (BIOS) ішінде орнатылған құрылғылардың параметрлері, компьютердің жүктелу реті жəне жүйе мен кеңейтілген жадтың көлемі қамтылған.
BIOS жаңартуын жүктеп алу ЕСКЕРТУ: Компьютерге зақым келтірмеу немесе сəтсіз орнатуды болдырмау үшін BIOS жаңарту файлын компьютер айнымалы ток адаптері арқылы сенімді сыртқы қуат көзіне қосылған кезде ғана жүктеп алыңыз жəне орнатыңыз. Компьютер батарея қуатымен жұмыс істеп тұрғанда, қосымша жалғау құрылғысына жалғанғанда немесе қосымша қуат көзіне қосулы болғанда, BIOS жаңартуын жүктеп алмаңыз немесе орнатпаңыз.
HP PC Hardware Diagnostics (UEFI) пайдалану HP PC Hardware Diagnostics – бірыңғай кеңейтілетін ішкі бағдарламалық құрал интерфейсі (UEFI). Бұл құрал компьютердің аппараттық құралдарының дұрыс жұмыс істейтінін анықтау үшін диагностикалық сынақтарды жүргізуге мүмкіндік береді. Құрал амалдық жүйенің сыртында жұмыс істейді жəне амалдық жүйенің өзі немесе басқа бағдарламалық құралдар бөліктері туындауы мүмкін аппараттық құралдың ақаулықтарын бөлектейді. HP PC Hardware Diagnostics UEFI пайдалану үшін 1.
11 Сақтық көшірме жасау, алдыңғы күйіне қайтару жəне қалпына келтіру Ақпаратыңызды қорғауға жəне қажет болса қалпына келтіруге көмектесетін НР жəне Windows құралдары компьютерде бар. Бұл құралдар компьютерді қарапайым қадамдармен жақсы жұмыс күйіне келтіруге немесе тіпті бастапқы зауыттық күйге келтіруге көмектеседі.
HP Recovery құралын жасау 73-бетте бөлімін қараңыз. 2. Аппараттық құрал жəне бағдарламалар қосқаннан кейін жүйені қалпына келтіру нүктелерін жасаңыз. Жүйені бастапқы қалпына келтіру нүктесі — Windows жүйесін бастапқы қалпына келтіру утилитасымен белгілі бір сəтте сақталған қатты диск мазмұнының кескіні. Жүйені қалпына келтіру нүктесінде реестр параметрлері сияқты Windows пайдаланатын ақпарат болады.
жасау үшін сыртқы оптикалық диск жетегін (бөлек сатып алынады) пайдалануға немесе HP веб-торабынан компьютерге арналған қалпына келтіру дискілерін алуға болады. АҚШ қолдауы үшін мына торапқа өтіңіз: http://www.hp.com/go/contactHP. Дүниежүзілік қолдау үшін мына торапқа өтіңіз:http://welcome.hp.com/country/us/en/wwcontact_us.html. Сыртқы оптикалық дискісін қолдансаңыз, ол компьютердегі USB портына тікелей жалғануы керек. диск жетегін USB хабы сияқты сыртқы құрылғыдағы USB портына жалғауға болмайды.
● Егер сізге жеке ақпаратыңызды, параметрлерді немесе компьютерге алдын ала орнатылған немесе Windows дүкенінен сатып алынған қолданбаларды жоғалтпастан жылдам əрі оңай қалпына келтіру керек болса, Windows жүйесін қайта жаңарту опциясын қолданып көріңіз. Бұл опция басқа бір дискіге деректердің сақтық көшірмесін жасауды қажет етпейді. Жылдам əрі оңай қалпына келтіру үшін Windows жүйесін қайта жаңартуды пайдалану 76-бетте бөлімін қараңыз.
Жылдам əрі оңай қалпына келтіру үшін Windows жүйесін қайта жаңартуды пайдалану Компьютер дұрыс жұмыс істемей тұрса жəне жүйенің тұрақтылығын қалпына келтіру қажет болса, Windows жүйесін қайта жаңарту опциясын жаңадан бастап, маңызды нəрселерді қалдыруға мүмкіндік береді. МАҢЫЗДЫ АҚПАРАТ: Қайта жаңарту жүйеге зауытта бастапқыда орнатылмаған қандай да бір əдеттегі қолданбаларды жояды. Компьютерде алдын ала орнатылып келген немесе Windows Store дүкенінен сатып алынған Windows 8 қолданбалары сақталады.
3. Жүктеу опциялары мəзірінен Ақауларды жою тармағын таңдаңыз. 4. Вернуть компьютер в исходное состояние (Компьютерді бастапқы күйіне келтіру) параметрін таңдаңыз, одан кейін экрандағы нұсқауларды орындаңыз. Бастау экранын қолдау үшін: 1. Шебер түймелерді көрсету үшін, меңзерді бастау экранының жоғары немесе төменгі оң жақ бұрышына жылжытыңыз. 2. Параметрлер тармағын таңдаңыз. 3.
● Зауыттық параметрлерді қалпына келтіру опциясын қолдану үшін HP Recovery медиа құралын пайдалану керек. Қалпына келтіру медиа құралы жасалмаған болса, HP Recovery құралын жасау 73-бетте бөлімін қараңыз. ● HP Recovery медиа құралы жұмыс істемесе, жүйенің қалпына келтіру құралдарын HP вебторабынан алуға болады. АҚШ қолдауы үшін мына торапқа өтіңіз: http://www.hp.com/go/ contactHP. Дүниежүзілік қолдау үшін мына торапқа өтіңіз:http://welcome.hp.com/country/us/ en/wwcontact_us.html.
табылатын компьютердің жүктелу ретін өзгертуге болады. Оптикалық дискінің немесе USB флэш-дискісінің таңдалуын өзгертуге болады. Жүктелу ретін өзгерту үшін: 1. Жасалған HP Recovery құралын салыңыз. 2. Жүктеу опцияларын көрсету үшін, компьютерді өшіріп қайта бастаңыз жəне esc пернесін тез басып қалып, f9 пернесін басыңыз. 3. Жүктелетін оптикалық дискіні немесе USB флэш-дискісін таңдаңыз. 4. Экрандағы нұсқауларды орындаңыз.
12 Техникалық сипаттамасы Тұтынылатын қуат Егер сіз компьютерді алып, халықаралық саяхат жасауды жоспарласаңыз, осы бөлімде берілген қуат туралы ақпарат пайдалы болуы мүмкін. Компьютер айнымалы немесе тұрақты ток көзінен келетін тұрақты ток арқылы жұмыс істейді. Айнымалы ток көзі 100–240 В, 50–60 Гц шамасында болуы керек. Компьютер бөлек тұрақты ток көзінен жұмыс жасаса да, ол тек НР компаниясы берген жəне осы компьютерге қолдану үшін ұсынған айнымалы ток адаптері немесе тұрақты ток көзіне қосылуы керек.
13 Электростатикалық разряд Электростатикалық ток соғу — екі зат қатынасқа түскен кезде статикалық электр тогының соғуы, мысалы, кілем үстінде тұрып есіктің темір тұтқасын ұстағаннан болатын ток соғу. Саусақтар немесе басқа электростатикалық разряд өткізгіштерінен шығатын статикалық электр қуатының разряды электрондық бөліктерге зақым келтіруі мүмкін.
Индекс А ажыратымдылығы жоғары құрылғылар, жалғау 26 Айнымалы ток адаптері 5 айнымалы ток адаптері, тексеру 48 айнымалы ток адаптерін тексеру 48 астыңғы жағы 14 аудио параметрлерін HDMI үшін реттеу 27 аудио функциялары, тексеру 23 аудио функцияларын тексеру 23 аудио шығыс (құлақаспап) ұялары 5, 22 Ə əрекеттер пернелері алдыңғы жолшық немесе бөлім 41 Анықтама жəне қолдау орталығы 41 анықтау 11 дыбыс деңгейін арттыру 41 дыбысты өшіру 41 келесі жолшық немесе бөлім 41 ойнату, кідірту, жалғастыру 41 сымсыз байла
жүктеу реті HP Recovery Manager бағдарламасын өзгерту 78 И Интернет байланысын орнатқыш 17 Интернет қауіпсіздігін қамтамасыз ететін бағдарламалық құрал, пайдалану 66 К кабельдер USB 52 компьютер, сапарға шығу 47 компьютерді қорғау 61 компьютерді өшіру 49 компьютерді сапарға алып шығу 14, 47, 63 компьютерді тазалау 61 компьютерді тасымалдау 63 компьютердің параметрлерін қалпына келтіру 76 концентраторлар 51 корпоративтік WLAN қосылымы 19 Күту қосу 44 өте төмен батарея деңгейі кезінде қосылады 46 шығу 44 Күту
С сақтық көшірме жасау жеке файлдар 73 сақтық көшірмелер 72 саусақты жиектен жылжыту қимылдары 38 саусақты үстіңгі жиектен жылжыту 39 саусақты оң жақ жиектен жылжыту 38 саусақты сол жақ жиектен жылжыту 38 сенсорлы тақта түймешіктер 8 сенсорлы тақта аймағы, анықтау 8 сенсорлы тақта қимылдары айналдыру 31 жылжу 29 масштабтау 30 шымшу 30 сенсорлы тақтаның айналдыру қимылы 31 сенсорлы тақтаның жылжу қимылы 29 сенсорлы тақтаның масштабтау қимылы 30 сенсорлы тақтаның шымшу қимылы 30 сенсорлы экран, пайдалану 35 с
HP Recovery Manager жүктеу мəселелерін шешу 78 қосу 78 HP Recovery құралы жасау 73 қалпына келтіру 78 HP компаниясының жəне үшінші тарап бағдарламалық құралдарының жаңартулары, орнату 67 файлдарды қалпына келтіру 74 Файлдар журналы 73, 74 Windows құпия сөздері 65 Windows пернесі, анықтау 11 Wireless Assistant бағдарламалық құралы 15 WLAN антенналары, анықтау 7 WLAN жапсырмасы 14 WLAN желісіне қосылу 19 WLAN жүйесін орнату 17 WLAN құрылғысы 14, 17 P PowerDVD 27 R RJ-45 (желі) ұясы, анықтау 5 S Setup Utilit