User's Guide
2 Негізгі экранды пайдалану
Негізгі экран орталық орынды береді, онда ақпарат пен электрондық поштаға қол жеткізуге,
вебті шолуға, бейнелерді жылдам көрсетуге, фотосуреттерді көруге жəне əлеуметтік
мультимедиа веб-сайттарын ашуға болады.
ЕСКЕРІМ: Негізгі экранның көрінісі өзгешелеу болуы мүмкін.
●
Хабарландыруларды көру үшін, саусақты экранның жоғарғы жағынан төменгі жағына қарай
сырғытыңыз.
●
Google Now карточкаларын көрсету үшін, саусақты экранның төменгі жағынан жоғарғы
жағына қарай сырғытыңыз.
●
Кестеде сипатталған əрекетті жүзеге асыру үшін, белгішені түртіңіз.
Белгіше Сипаттама
Іздеу – Google көмегімен іздеу үшін, бір немесе бірнеше кілт сөзін теруге мүмкіндік береді.
Дыбыстық іздеу – Google көмегімен іздеу үшін, белгішесін басып, бір немесе бірнеше кілт
сөзді теруге мүмкіндік береді.
Назад (Кері) – Алдыңғы экранды ашады.
Главный экран (Басты экран) – Орталық Басты экранды ашады.
● Сол немесе оң жақ Басты экранды көру үшін, саусақты сол жаққа немесе оң жаққа
сырғытыңыз.
●
Басты экранға жылдам оралу үшін,
белгішесін басыңыз.
Недавние приложения (Соңғы рет ашылған бағдарламалар) – Соңғы рет ашылған
бағдарламалар тізімін ашады.
●
Бағдарламаны ашу үшін оны түртіңіз.
●
Бағдарламаны тізімнен жою үшін, саусақты оның үстіне орналастырып, сол жаққа немесе
оң жаққа жылжытыңыз.
Все приложения (Барлық бағдарламалар) – Барлық бағдарламалардың тізімін көрсетеді.
Барлық виджеттерді көру үшін Виджеттер қойыншасын түртіңіз.
2 Бап 2 Негізгі экранды пайдалану