User's Guide
1 Негіздер
ЕСКЕРІМ: Жалпы пайдалану нұсқауларын планшетпен бірге жеткізілетін қораптағы Жылдам
бастау нұсқаулығынан қараңыз.
МАҢЫЗДЫ АҚПАРАТ: Планшетті алғаш рет пайдалану кезінде, оны сыртқы қуат көзіне
қосып, батареяны кем дегенде 15 минут ішінде зарядтаңыз.
Планшетіңізді пайдалануға кірісу үшін, мына нұсқауларды орындаңыз:
1. Батереяны зарядтағаннан кейін жəне батерея суреті экранда көрсетіліп тұрғанда, НР
логотипі экранға шыққанша, қуат түймешігін 5 секундқа басып ұстап тұру арқылы
планшетті қосыңыз.
Планшетті бірінші рет қосу кезінде сəлемдесу экраны ашылады.
МАҢЫЗДЫ АҚПАРАТ: Егер батарея суреті көрсетілмесе, кескінді көрсету үшін қуат
түймешігін тез басып қалыңыз, одан кейін НР логотипі экранға шыққанша, қуат түймешігін
басып ұстап тұрыңыз.
2. Тілді таңдау, сымсыз желіге қосылу жəне Google™ есептік жазбасына кіру үшін, экрандағы
нұсқауларды орындаңыз.
ЕСКЕРІМ: Егер Google есептік жазбаңыз болмаса, қазір оны тіркеуге болады. Google
есептік жазбасына кірген кезде, электрондық пошта, контактілер, күнтізбе оқиғалары мен
сол есептік жазбамен байланысты ақпарат планшетіңізде қадамдастырылады. Егер
қосымша Google есептік жазбаларыңыз болса, оларды кейінірек қосуға болады.
Экранды құлыптау жəне құлып алу
Құлыптау – қуат түймешігін басыңыз.
Құлып алу – планшетті қосу үшін қуат түймешігін басып, саусағыңызды
белгішесіне
орналастырыңыз, одан кейін
белгішесін құлып алу позициясына жылжытыңыз.
Экранды құлыптау жəне құлып алу 1