User's Guide
8 Деректердің сақтық көшірмесін
жасау жəне қалпына келтіру
Бағдарламаларды, виджеттерді жəне амалдық жүйені
жаңарту
НР компаниясы бағдарламалар, виджеттер мен амалдық жүйені жүйелі түрде соңғы
нұсқалармен жаңартуды ұсынады. Жаңартулар мəселелерді шешіп, планшетіңіз жаңа
мүмкіндіктер мен опциялар қосуы мүмкін. Технологиялар жүйелі түрде өзгеріп тұрады жəне
бағдарламалар, виджеттер мен амалдық жүйені жаңарту арқылы қолда бар ең соңғы
технологияларды планшетіңізде пайдалануға мүмкіндік беріледі. Мысалы, жаңартылмаған
бағдарламалар мен виджеттер амалдық жүйенің ең
соңғы нұсқасымен жұмыс істемеуі мүмкін.
Google Play дүкеніне өтіңіз жəне НР компаниясы немесе үшінші тарап жасаған бағдарламалар
мен виджеттердің ең соңғы нұсқаларын жүктеп алыңыз. Амалдық жүйе жүйенің жаңартуларын
автоматты түрде жүктейді жəне оларды орнатуға дайын екені туралы сізді ескертеді. Егер
амалдық жүйені қолмен жаңартуды қаласаңыз,
http://www.hp.com/support мекенжайына өтіңіз.
Cақтық көшірме жасау жəне бастапқы қалпына келтіру
Жоғалған жағдайда мəліметтердің сақтық көшірмесін жасауға жəне қалпына келтіруге
таңдаулы параметрлерді орнатуға болады.
1.
белгішесін, одан кейін белгішесін түртіңіз.
2. ЖЕКЕ АҚПАРАТ ішінен Сақтық көшірме жасау жəне бастапқы параметрлерге келтіру
опциясын таңдаңыз.
3. САҚТЫҚ КӨШІРМЕ ЖАСАУ ЖƏНЕ ҚАЛПЫНА КЕЛТІРУ тізімінен бір немесе бірнеше
параметрді таңдаңыз:
● Мəліметтердің сақтық көшірмесін жасау – бағдарламалар деректерінің, Wi-Fi құпия
сөздерінің жəне Google серверлері үшін басқа параметрлердің сақтық көшірмелерін
жасау мақсатымен құсбелгіні қойыңыз.
●
Сақтық көшірме жасауға арналған есептік
жазба – Сақтық көшірме жасау үшін
Google есептік жазбасын таңдаңыз.
●
Автоматты түрде қалпына келтіру – сақтық көшірмесі жасалған параметрлер мен
мəліметтерді бағдарлама қайта орнатылған кезде қалпына келтіру үшін бұл құсбелгіні
қойыңыз.
14 Бап 8 Деректердің сақтық көшірмесін жасау жəне қалпына келтіру