User's Guide
ЖЕКЕ АҚПАРАТ
●
Орналасқан жері – Орналасқан жеріме қол жеткізу жəне Wi-Fi желі орналасуы
параметрлерін қосады немесе өшіреді.
● Қауіпсіздік – ЭКРАН ҚАУІПСІЗДІГІ, ҚҰПИЯ СӨЗДЕР, ҚҰРЫЛҒЫНЫ БАСҚАРУ жəне
ЕСЕПТІК ДЕРЕКТЕРДІ САҚТАУ опциялары үшін таңдаулы параметрлерді орнату.
●
Тіл жəне енгізу – Тіл, ПЕРНЕТАҚТА ЖƏНЕ ЕНГІЗУ ƏДІСТЕРІ, СӨЙЛЕУ жəне ТІНТУІР/
СЕНСОРЛЫ ТАҚТА опциялары үшін таңдаулы параметрлерді орнату.
●
Сақтық көшірме
жасау жəне бастапқы параметрлерге келтіру – САҚТЫҚ КӨШІРМЕ
ЖАСАУ ЖƏНЕ ҚАЛПЫНА КЕЛТІРУ жəне ЖЕКЕ АҚПАРАТ опциялары үшін таңдаулы
параметрлерді орнату.
ЕСЕПТІК ЖАЗБАЛАР
Ағымдағы есептік жазбалар көрсетіледі.
● Электронды поштаның есептік жазбасын немесе басқа есептік жазба түрін қосу –
ЕСЕПТІК ЖАЗБАЛАР, + Есептік жазбаны қосу параметрлерін таңдаңыз, одан кейін
экрандағы нұсқауларды орындаңыз.
● Есептік жазбаны қадамдастыру – ЕСЕПТІК ЖАЗБАЛАР мəзіріндегі есептік жазбаның
атын басыңыз. Есептік жазбаның атын қайта басып, экранның жоғарғы оң жақ
бұрышындағы
белгішесін түртіңіз, одан кейін Қазір қадамдастыру опциясын
таңдаңыз.
●
Есептік жазбаны жою – ЕСЕПТІК ЖАЗБАЛАР мəзіріндегі есептік жазбаның атын
басыңыз. Есептік жазбаның атын қайта басып, экранның жоғарғы оң жақ бұрышындағы
белгішесін түртіңіз, одан кейін Есептік жазбаны жою опциясын таңдаңыз.
ЖҮЙЕ
●
Күні мен уақыты – Күні мен уақытын автоматты түрде анықтау мүмкіндігін қосу
немесе өшіру жəне сағаттық белдеу, уақыт пішіні мен күн пішіні үшін таңдаулы
параметрлерді орнату.
●
Арнайы мүмкіндіктер – TalkBack, Үлкен мəтін, Экранды автоматты түрде бұру, Құпия
сөздерді дыбыспен айту, Сөйлеу синтезінің шығысы, Түрту жəне ұстап тұру
кезіндегі кідіріс жəне Вебке кіруді жақсарту мүмкіндіктерін
қосу немесе өшіру.
●
Өндіруші опциялары – Өндіруші опциялары мүмкіндігін қосу немесе өшіру.
ЕСКЕРТУ: Бұл параметрді қосу планшетіңіздегі ақаулықтардың орын алуына əкелуі
мүмкін.
●
Планшет туралы – бағдарламалық құрал нұсқасын жəне планшетіңізге арналған заңды
ақпаратты көрсету.
Сонымен қатар, бағдарламалық құралдар үшін жаңартулардың бар екенін тексеруге
болады.
12 Бап 6 Параметрлерді пайдалану