User's Guide
Ұялы желіге қосылу (тек таңдаулы үлгілерде)
Егер SIM картасы алдын ала орнатылмаған болса, оны ұялы байланыс сатушысынан сатып
алыңыз. SIM картасын орнату туралы ақпаратты өніммен бірге берілген Жылдам бастау
нұсқаулығынан қараңыз.
1.
белгішесін, одан кейін белгішесін түртіңіз.
2. СЫМСЫЗ БАЙЛАНЫС ЖƏНЕ ЖЕЛІЛЕР аймағындағы Ұялы желілер пəрменін, одан
кейін Кіру нүктелері атаулары пəрменін таңдаңыз.
3.
белгішесін басып, Жаңа APN таңдау пəрменін таңдаңыз да, экрандағы нұсқауларды
орындаңыз.
Деректерді беру мүмкіндігін қосу
Деректерді ұялы желі бойынша беру мүмкіндігін қосу
1.
белгішесін, одан кейін белгішесін түртіңіз.
2. СЫМСЫЗ БАЙЛАНЫС ЖƏНЕ ЖЕЛІЛЕР аймағындағы Ұялы желілер пəрменін, одан
кейін Мобильді деректерді беру пəрменін таңдаңыз.
Тетеринг мүмкіндігін немесе мобильді кіру нүктесін белсендіру (тек
таңдаулы үлгілерде)
Өнімдегі мобильді деректерді USB арқылы немесе Wi-Fi кіру нүктесі арқылы ортақ пайдалану
үшін
1.
белгішесін, одан кейін белгішесін түртіңіз.
2. СЫМСЫЗ БАЙЛАНЫС ЖƏНЕ ЖЕЛІЛЕР аймағындағы Ұялы желілер пəрменін, одан
кейін Тетеринг мүмкіндігі жəне мобильді кіру нүктесі пəрменін таңдаңыз.
3. Мобильді Wi-Fi кіру нүктесін орнату үшін, Мобильді кіру нүктесі пəрменін таңдаңыз.
4. Өнімдегі мобильді деректер қосылысын ортақ пайдалану үшін, USB тетерингі параметрін
басыңыз.
USB тетеринг мүмкіндігі Windows 7, Vista немесе Linux амалдық жүйесінде жұмыс істейді.
Miracast стандартымен үйлесімді сымсыз дисплейге
қосылу (тек таңдаулы үлгілерде)
Miracast стандартымен үйлесімді сымсыз дисплейлерге қосылу үшін
1.
белгішесін, одан кейін белгішесін түртіңіз.
2. СЫМСЫЗ БАЙЛАНЫС ЖƏНЕ ЖЕЛІЛЕР аймағындағы Miracast пəрменін, одан кейін
Miracast сымсыз дисплейі пəрменін таңдаңыз.
3. Экрандағы нұсқауларды орындаңыз.
Ұялы желіге қосылу (тек таңдаулы үлгілерде)9