User's Guide

5 Желілерге қосылу
Планшетті сымсыз желіге, Bluetooth® құрылғыларына (тек таңдаулы үлгілерде), мобильді
желіге (тек таңдаулы үлгілерде), Miracast стандартымен үйлесімді сымсыз дисплейге (тек
таңдаулы үлгілерде) немесе Windows® компьютеріне қосуға болады.
Сымсыз желіге қосылу
Вебті ашып, электрондық пошта хабарламасын оқып немесе онлайн басқа əрекеттерді
орындаңыз.
ЕСКЕРІМ: Интернетке қосылмас бұрын сымсыз желіге қосылуыңыз керек.
Сымсыз желіге қосылу үшін
1.
белгішесін, одан кейін белгішесін түртіңіз.
2. СЫМСЫЗ БАЙЛАНЫС ЖƏНЕ ЖЕЛІЛЕР мəзірінен Wi-Fi опциясының таңдалғанына көз
жеткізіңіз.
3. Wi-Fi белгішесін басыңыз жəне көрсетілетін бар желілердің біреуін таңдаңыз.
4. Қажет болса, қауіпсіздік кодын теріңіз жəне Қосылу пəрменін таңдаңыз.
ЕСКЕРІМ: Бұрын қосылған сымсыз желіге қауіпсіздік кодын жою үшін, желінің атын басып,
Ұмыту түймешігін басыңыз.
Bluetooth құрылғысына қосылу (тек таңдаулы
үлгілерде)
Гарнитура, пернетақта немесе тінтуір сияқты Bluetooth құрылғысын планшетіңізбен жұптаңыз.
Bluetooth құрылғысына қосылу үшін
1. Bluetooth құрылғысын қосыңыз.
2.
белгішесін, одан кейін белгішесін түртіңіз.
3. СЫМСЫЗ БАЙЛАНЫС ЖƏНЕ ЖЕЛІЛЕР аймағындағы Bluetooth мүмкіндігін қосыңыз
жəне Bluetooth белгішесін басыңыз.
4. Құрылғыңызды жақын арадағы барлық Bluetooth құрылғысына көрінетін етіп жасау үшін,
оның атын түртіңіз.
5. Бар Bluetooth құрылғыларын табу үшін, ҚҰРЫЛҒЫЛАРДЫ ІЗДЕУ пəрменін таңдаңыз.
6. Құрылғыны планшетіңізбен жұптау үшін, құрылғының аты көрсетілгенде, оны саусақпен
басыңыз.
ЕСКЕРІМ: Батареяны пайдалану мерзімін ұзарту үшін, пайдаланбаған кезде Bluetooth
мүмкіндігін өшіріңіз.
8 Бап 5 Желілерге қосылу