User's Guide

АБАЙ БОЛЫҢЫЗ! Ток ұру немесе жабдықтың зақымдалуын болдырмау үшін, токқа қосулы
компьютерді тазаламаңыз.
Компьютерді өшіріңіз.
Сыртқы қуат көзінен ажыратыңыз.
Токқа қосылатын сыртқы құрылғылардың барлығын ажыратыңыз.
ЕСКЕРТУ: Ішкі бөліктерді зақымдамау үшін, тазалағыш заттар немесе сұйықтықтарды
компьютер беткейіне тікелей шашпаңыз. Бетіне түскен сұйықтықтар ішкі бөліктердің зақым
алуына əкелуі мүмкін.
Дисплейді тазалау (көп қызметті компьютерлерде немесе ноутбуктерде)
Дисплейді жұмсақ, талшықтары жоқ, спиртсіз əйнек тазалау құралына малынған шүберекпен
жайлап сүртіңіз. Дисплейді жаппай тұрып, оны құрғатып алу керек.
Компьютердің жақтары немесе қақпағын тазалау
Құрылғының жақтары немесе қақпағын тазалау үшін, бұрын аталған тазалау сұйықтықтардың
біреуіне суланған жұмсақ микроталшық матаны, күдеріні немесе бір рет қолданылатын
антисептикалық майлықты пайдаланыңыз.
ЕСКЕРІМ: Компьютердің бетін тазалау кезінде, ластануды жəне қоқымдарды кетіру үшін
айналма қозғалыстар жасаңыз.
Сенсорлы тақта, пернетақта немесе тінтуірді тазалау
АБАЙ БОЛЫҢЫЗ! Ішкі бөлшектерінен ток соғуды болдырмай немесе ішкі бөліктеріне зақым
келтірмей тазалау үшін шаңсорғышты қолданбаңыз. Шаңсорғышты қолданғанда пернетақта
бетіне тұрмыстық қалдықтар жиналып қалуы мүмкін.
ЕСКЕРТУ: Ішкі бөліктерді зақымдамау үшін, сұйықтықтардың пернелер арасына тамшылап
түсуіне жол бермеңіз.
Сенсорлы тақта, пернетақта немесе тінтуірді тазалау үшін, бұрын аталған тазалау
сұйықтықтарының біреуіне суланған жұмсақ микроталшық матаны, күдеріні немесе бір рет
пайдаланылатын бір рет қолданылатын майлықты пайдаланыңыз.
Пернелердің жабысып қалуын болдырмай, пернетақтадан шаңды, талшықтарды жəне
қоқымдарды кетіру үшін түтігі бар қаңылтыр бөтелкедегі қысылған ауаны пайдаланыңыз.
Компьютерді сапарға алып шығу немесе тасымалдау
Компьютерді сапарға алып шығу немесе тасымалдау керек болса, құрылғыны қорғаудың кейбір
кеңестерін осы жерден табасыз.
Компьютерді саяхаттауға немесе тасымалдауға дайындау:
Ақпараттың сақтық көшірмесін сыртқы дискіге жазыңыз.
Компьютерден жад карталары сияқты барлық дискілер мен сыртқы медиа карталарын
шығарып алыңыз.
Компьютерді сапарға алып шығу немесе тасымалдау 49