User's Guide

Компьютерді сыртқы айнымалы токтан ажыратқанда, төмендегі жағдайлар туындайды:
Компьютер батарея қуатына көшеді.
Батареяның қызмет ету мерзімін сақтау үшін, экран жарықтығы автоматты түрде азаяды.
Windows жұмыс үстеліндегі қуат көрсеткіші белгішесінің көрінісі өзгереді.
Қуат мəселелерін шешу
Айнымалы ток қуат көзіне жалғанған компьютерде мына жағдайлар орын алса, айнымалы ток
адаптерін тексеріңіз:
Компьютер қосылмайды.
Дисплей қосылмайды.
Қуат шамдары жанбайды.
Айнымалы ток адаптерін тексеру:
1. Компьютерді сөндіріңіз.
2. Айнымалы ток адаптерін компьютерге жəне ауыспалы ток розеткасына жалғаңыз.
3. Компьютерді қосыңыз.
Қуат шамдары жанса, айнымалы ток адаптері дұрыс істеп тұр.
Қуат шамдары өшіп тұрса, айнымалы ток адаптері мен компьютер арасындағы жəне
айнымалы ток адаптері мен розетка арасындағы қосылысты тексеріңіз.
Байланыс дұрыс орнатылған, бірақ қуат шамдары сонда да өшіп тұрса, айнымалы ток
адаптері істемей тұр жəне оны ауыстыру қажет.
Айнымалы токтың қуат адаптерін ауыстыруды орындау туралы ақпарат алу үшін қолдау
қызметімен байланысыңыз.
Компьютерді өшіру (сөндіру)
ЕСКЕРТУ: Компьютер өшірілген кезде сақталмаған мəліметтер жойылады. Компьютерді
өшірмес бұрын жұмысыңыздың сақталғанына көз жеткізіңіз.
Өшіру пəрмені барлық ашық бағдарламаларды жабады, сондай-ақ амалдық жүйені жəне
дисплей мен компьютерді де өшіреді.
Төмендегі жағдайлардың кез келгенінде компьютерді өшіріңіз:
Батареяны ауыстыру немесе компьютер ішіндегі бөліктерді қолдану қажет болғанда
USB немесе бейне портына жалғанбайтын сыртқы жабдықты жалғағанда:
Компьютер ұзақ уақыт бойы пайдаланылмаған немесе сыртқы қуат көзінен ажыратылған
кезде.
Компьютерді
қуат түймешігі арқылы да өшіруге болатынымен, ұсынылатын үрдіс Windows
жүйесінің Завершение работы (Жұмысты аяқтау) пəрменін қолдану болып табылады:
Компьютерді өшіру (сөндіру)45