User's Guide
Қуат көрсеткішін жəне қуат параметрлерін қолдану
Қуат көрсеткіші Windows жұмыс үстелінде орналасқан. Қуат көрсеткіші қуат параметрлеріне
жылдам кіруге жəне қалған батарея зарядын көруге мүмкіндік береді.
● Батарея зарядының қалған деңгейін жəне Windows жұмыс үстелінде орналасқан ағымдағы
қуат жоспарын экранда көру үшін, меңзерді қуат көрсеткіші белгішесінің үстінен жүргізіңіз.
●
Қуат параметрлерін пайдалану үшін, қуат көрсеткіші белгішесін басып, тізімнен бір
тармақты таңдаңыз. Бастау
экранында, сонымен бірге, электропитание (қуат
параметрлері) деп теріп, содан кейін Параметры (Параметрлер) тармағын таңдап, одан
кейін Электропитание (Қуат параметрлері) тармағын таңдауға болады.
Əртүрлі қуат көрсеткішінің белгішелері компьютердің батарея қуатымен немесе сыртқы қуатпен
жұмыс істеп тұрғанын көрсетеді. «Заряд төмен» деңгейіне немесе «Заряд өте төмен» деңгейіне
жеткенде, белгіше хабар шығарады.
Батареяның қуатымен жұмыс істеу
Зарядталған батарея компьютерде болғанда жəне компьютер сыртқы қуатқа жалғанбаған
кезде, компьютер батарея қуатында жұмыс істейді. Егер компьютерде зарядталған батарея
орнатылған болса жəне айнымалы ток адаптері компьютерден ажыратылған болса, компьютер
батарея қуатына автоматты түрде ауысады жəне экран жарықтығы батареяның қызмет көрсету
мерзімін арттыру үшін азайтылады. Компьютер өшірілгенде жəне сыртқы қуаттан
ажыратылғанда компьютердегі батарея жайлап
таусылады.
Қуатты басқару параметрлеріне, компьютерде ашылған бағдарламаларға, экранның
жарықтығына, компьютерге жалғанған сыртқы құрылғыларға жəне басқа да себептерге
байланысты компьютер батареясының жұмыс мерзімі əртүрлі болады.
Пайдаланушы ауыстыратын батареяны шығару
АБАЙ БОЛЫҢЫЗ! Ықтимал қауіпсіздік мəселелерін азайту үшін, компьютермен бірге
берілген пайдаланушы ауыстыратын батареяны, HP компаниясы ұсынатын ауыстыру
батареясын немесе HP компаниясынан сатып алынған үйлесімді батареяны пайдаланыңыз.
ЕСКЕРТУ: Компьютердің жалғыз қуат көзі болып табылатын пайдаланушы арқылы
ауыстырылатын батареяны шығарып алу ақпараттың жоғалуын тудыруы мүмкін. Ақпараттың
жоғалуына жол бермеу үшін, батареяны шығарып алмас бұрын, жұмысыңызды сақтаңыз
немесе компьютерді Windows жүйесі арқылы өшіріп тастаңыз.
1. Батареяны шығару үшін, батареяны құлыптау ысырмасын (1), одан кейін батареяны
шығару ысырмасын (2) сырғытыңыз.
Қуат көрсеткішін жəне қуат параметрлерін қолдану 41