User's Guide

ЕСКЕРІМ: Егер оянған кезде, құпия сөз сұралатындай орнатылған болса, жұмысты
компьютерде жалғастыру үшін, Windows құпия сөзін енгізу қажет болады.
Күту күйін қолмен бастау жəне шығу (тек таңдаулы үлгілерде)
Пайдаланушы арқылы қосылатын күту күйін қосу жəне басқа қуат параметрлері мен күту
үзілістерін өзгерту үшін «Қуат параметрлері» пəрменін пайдаланыңыз.
1. Бастау экранында электропитание (қуат параметрлері) деп теріп, Параметры
(Параметрлер) тармағын таңдаңыз да, бағдарламалар тізімінен Электропитание (Қуат
параметрлері) тармағын таңдаңыз.
2. Сол жақ тақтадан Укажите действие кнопки питания (Қуат түймешігінің əрекетін
таңдаңыз) сілтемесін нұқыңыз.
3. Изменение параметров, недоступных в данный момент (Қазіргі уақытта қол жетімді
емес параметрлерді өзгерту) параметрін таңдаңыз.
4. При нажатии кнопки питания (Қуат түймешігін басқан кезде) аймағында Гибернация
(Күту) күйін таңдаңыз.
5. Сохранить изменения (Өзгертулерді сақтау) параметрін таңдаңыз.
Компьютер күту режимінен шыққанда электр қуатының шамдары жанып, экран көрсетіледі.
ЕСКЕРІМ: Егер оянған кезде, құпия сөз сұралатындай орнатылған болса, жұмысты
жалғастыру үшін, Windows құпия сөзін енгізу қажет болады.
Оянған кезде сұралатын құпия сөзбен қорғау
Компьютер ұйқылық немесе күту күйінен шыққанда, компьютерде құпия сөз сұралуын орнату
үшін, осы қадамдарды орындаңыз:
1. Бастау экранында электропитание (қуат параметрлері) деп теріп, Параметры
(Параметрлер) тармағын, содан кейін Электропитание (Қуат параметрлері) тармағын
таңдаңыз.
2. Сол жақ тақтадан Запрашивать пароль при пробуждении (Оянғанда құпия сөз сұрау)
тармағын таңдаңыз.
3. Изменение параметров, недоступных в данный
момент (Қазіргі уақытта қол жетімді
емес параметрлерді өзгерту) параметрін таңдаңыз.
4. Запрашивать пароль (рекомендуется) (Құпия сөз сұрау (ұсынылады)) параметрін
таңдаңыз.
ЕСКЕРІМ: Пайдаланушы есептік жазбасының құпия сөзін жасау немесе ағымдағы құпия
сөзді өзгерту қажет болса, Создание или изменение пароля учетной записи
пользователя (Пайдаланушы жазбасының құпия сөзін жасау немесе өзгерту) тармағын
таңдап, экрандағы нұсқауларды орындаңыз. Пайдаланушы есептік жазбасының құпия
сөзін жасау немесе өзгерту қажет болмаған жағдайда, 5-қадамға өтіңіз.
5. Сохранить изменения (Өзгертулерді сақтау) параметрін таңдаңыз.
40 Бап 6 Қуат басқару