User's Guide
Саусақты үстіңгі жиектен жылжыту жəне төменгі жиектен жылжыту
Саусақты үстіңгі жиектен жылжыту немесе төменгі жиектен жылжыту қимылы компьютерде
қолжетімді бағдарламалар тізімін ашуға мүмкіндік береді.
1. Windows бастау экранынан саусағыңызды дисплейдің үстіңгі немесе төменгі жиегінен
экранға қарай жайлап сырғытыңыз.
2. Қолжетімді бағдарламаларды көру үшін, Все приложения (Барлық бағдарламалар)
пəрменін таңдаңыз.
Пернетақтаны жəне тінтуірді пайдалану
Пернетақта жəне тінтуір теруге, элементтерді таңдауға, айналдыруға жəне сенсорлы экрандағы
қимылдар сияқты бірдей функцияларды жүзеге асыруға мүмкіндік береді. Сонымен қатар,
пернетақта арнайы функцияларды орындау мақсатымен əрекет пернелері мен жылдам
пернелерді пайдалануға мүмкіндік береді.
КЕҢЕС: Пернетақтадағы Windows пернесі ашық болған бағдарламадан немесе
Windows жұмыс үстелінен бастау экранына жылдам оралуға мүмкіндік береді. Windows пернесі
қайта басылған кезде, алдыңғы экран ашылады.
ЕСКЕРІМ: Еліңізге/аймағыңызға байланысты, пернетақтаның пернелері мен пернетақта
функциялары осы бөлімде сипатталғаннан өзгешелеу болуы мүмкін.
Пернелерді пайдалану
Ақпаратқа жылдам қол жеткізу немесе пернелер не пернелер тіркесімдері көмегімен
функцияларды орындау үшін компьютерде екі түрлі əдіс бар.
Əрекет пернелерін пайдалану
Əрекет пернесі тағайындалған функцияны орындайды. f1 мен f4, f5 (тек кейбір үлгілерде) жəне
f6 мен f12 пернелеріндегі əр белгіше сол пернеге тағайындалған функцияны сипаттайды.
Əрекет пернесінің функциясын пайдалану үшін, пернені басып ұстап тұрыңыз.
36 Бап 5 Экранда шарлау