User's Guide

Шымшу/масштабтау
Қысу жəне масштабтау қимылдары суреттерді немесе мəтінді үлкейтуге не кішірейтуге
мүмкіндік береді.
Кішірейту үшін, екі саусақты экранға арасын алшақ қойып, одан кейін олардың арасын
жақындатыңыз.
Үлкейту үшін, екі саусақты экранда бірге қойып, олардың арасын ашыңыз.
Айналдыру (тек таңдаулы үлгілерде)
Айналдыру мүмкіндігі фотосурет сияқты элементтерді бұруға мүмкіндік береді.
Сол сұқ саусақты айналдырғыңыз келген нысанда тіреңіз. Оң сұқ саусақты шеңбер
бойынша сағат тілімен 90 градус жүргізіңіз. Кері айналдыру үшін, сұқ саусағыңызды сағат
тіліне қарсы 90 градус жүргізіңіз.
ЕСКЕРІМ: Айналдыру қимылы нысан немесе кескінді жылжытуға болатын арнайы
бағдарламаларға арналған. Айналдыру қимылы барлық бағдарламаларда жұмыс істемеуі
мүмкін.
Саусақты жиектен жылжыту
Саусақты жиектен жылжыту қимылдары параметрлер өзгерту жəне бағдарламаларды табу
немесе пайдалану сияқты əрекеттерді орындауға мүмкіндік береді.
34 Бап 5 Экранда шарлау