User's Guide

5 Экранда шарлау
Компьютер экраны бойынша келесі əдістермен жылжуға болады:
Түрту қимылдары
Пернетақта жəне тінтуір
Түрту қимылдарын компьютердің сенсорлы тақтасында немесе сенсорлы экранда (тек
таңдаулы үлгілерде) қолдануға болады.
ЕСКЕРІМ: Компьютердегі USB порттарының біреуіне жалғау арқылы сыртқы USB тінтуірін
(бөлек сатылады) пайдалана аласыз.
Компьютермен бірге жеткізілген Основы Windows (Windows Негіздері) нұсқаулығын қараңыз.
Нұсқаулықта сенсорлы тақтамен, сенсорлы экранмен немесе пернетақтамен жиі орындалатын
тапсырмалар туралы ақпарат берілген.
Таңдаулы компьютер үлгілерінде жиі жасалатын тапсырмаларды орындауға арналған арнайы
əрекет пернелері немесе функциялық пернелер болады.
Сенсорлы тақтаны қолдану
Сенсорлы тақта қарапайым саусақ қозғалыстарымен компьютер экранында оңай жылжуға
мүмкіндік береді.
Параметрлер, түймешік конфигурациялары, басу жылдамдығы мен меңзер опцияларын
өзгерту арқылы сенсорлы тақтаның қимылдарын қалауыңыз бойынша реттеуге болады. Бастау
экранына панель управления (басқару тақтасы) деп жазып, Панель управления (Басқару
тақтасы) белгішесін басыңыз жəне Оборудование и звук (Аппараттық құрал жəне дыбыс)
параметрін таңдаңыз. Устройства
и принтеры (Құрылғылар жəне принтерлер) ішінен Мышь
(Тінтуір) параметрін оң жақ түймешікпен басыңыз.
Сенсорлы тақта қимылдарын пайдалану
Сенсорлы тақта саусақтар арқылы экрандағы меңзерді басқаруға мүмкіндік береді.
КЕҢЕС: Сенсорлы тақтаның сол жəне оң жақ түймешіктері сыртқы тінтуірдің сəйкес
түймешіктері сияқты пайдаланылады.
ЕСКЕРІМ: Сенсорлы тақта қимылдарына қолданбалардың барлығында қолдау көрсетіле
бермейді.
Əрбір қимылдың көрсетілімін көру үшін, төмендегі қадамдарды орындаңыз:
1. Бастау экранына панель управления (басқару тақтасы) деп жазып, Панель управления
(Басқару тақтасы) белгішесін басыңыз жəне Оборудование и звук (Аппараттық құрал
жəне дыбыс) параметрін таңдаңыз.
2. Сенсорная панель Synaptics (Synaptics сенсорлы тақтасы) тармағын таңдаңыз.
3. Көрсетілімді бастау үшін, қимылды басыңыз.
Сенсорлы тақтаны қолдану 27