User's Guide

Видео құрылғыларын HDMI кабелі арқылы қосу
ЕСКЕРІМ: HDMI құрылғысын компьютерге жалғау үшін бөлек сатылатын HDMI кабелі қажет
болады.
Компьютер экранындағы кескінді ажыратымдылығы жоғары теледидардан не компьютерден
көру үшін, ажыратымдылығы жоғары құрылғыны келесі нұсқауларға сəйкес жалғаңыз.
1. HDMI кабелінің бір ұшын компьютердегі HDMI портына жалғаңыз.
2. Кабельдің екінші ұшын ажыратымдылығы жоғары теледидарға не мониторға жалғаңыз.
3. Компьютер экранындағы кескінді 4 түрлі көрсету күйіне ауыстырып қосу үшін, f4 пернесін
басыңыз:
Тек компьютер: Экрандағы кескінді тек компьютерден көру.
Қос: экрандағы кескінді бір уақытта компьютер мен сыртқы құрылғының екеуінен де
көру.
Кеңейтілген: Экрандағы кескінді компьютер мен сыртқы құрылғының екеуінен
көру.
Тек сыртқы құрылғы: Экрандағы кескінді сыртқы құрылғыдан көру.
f4 пернесі басылған сайын, көрсету күйі өзгереді.
ЕСКЕРІМ: Жақсы нəтиже үшін, егер «Дополнительные» (Қосымша) опциясы таңдалған
болса, сыртқы құрылғының экран ажыратымдылығын мына жолмен реттеңіз. Бастау
экранында c əрпін жазып, қолданбалар тізімінен Басқару тақтасы тармағын таңдаңыз.
Оформление и персонализация (Безендіру жəне даралау) пəрменін таңдаңыз. Дисплей
ішінен Настройка разрешения экрана (Экран ажыратымдылығын реттеу) параметрін
таңдаңыз.
Бейнені пайдалану 25