User's Guide

Дыбыс жəне бейне файлдарын басқару (тек таңдаулы
үлгілерде)
CyberLink PowerDVD бағдарламасы фотосурет жəне бейне жинақтарын басқаруға жəне
өзгертуге мүмкіндік береді.
CyberLink PowerDVD бағдарламасын бастау үшін Бастау экранына видео сөзін жазыңыз,
одан кейін Видео тармағын таңдаңыз.
CyberLink PowerDVD бағдарламасын пайдалану туралы қосымша ақпаратты PowerDVD
бағдарламалық құралының анықтамасынан қараңыз.
Дыбысты пайдалану
Компьютермен музыка ықшам дискілерін қосымша сыртқы оптикалық жинақтағыш диск
көмегімен ойнатуға, музыканы жүктеуге жəне тыңдауға, вебтегі аудио мазмұнды тыңдауға
(соның ішінде радионы), дыбыс жазуға немесе мультимедиа файлын жасау үшін дыбыс пен
бейнені біріктіруге болады. Тыңдау əсерін жақсарту үшін, үндеткіштер немесе құлақаспаптар
сияқты сыртқы дыбыс құрылғыларын жалғаңыз.
Үндеткіштерді қосу
Сымды үндеткіштерді компьютердегі немесе қондыру тұғырындағы USB портына немесе аудио
шығыс (құлақаспап) ұясына жалғау арқылы қосуға болады.
Сымсыз үндеткіштерді компьютерге қосу үшін, құрылғы өндірушісінің нұсқауларын орындаңыз.
Компьютерге ажыратымдылығы жоғары үндеткіштерді қосу үшін,
HDMI арқылы дыбысты
реттеу үшін 26-бетте бөлімін қараңыз. Үндеткіштерді жалғамас бұрын дыбыс қаттылығын
төмендетіңіз.
Гарнитураны қосу
Сымды гарнитураны компьютердің гарнитураға арналған ұясына қосуға болады.
Компьютерге сымсыз гарнитураны жалғау үшін, құрылғы өндірушісінің нұсқауларын орындаңыз.
АБАЙ БОЛЫҢЫЗ! Жарақаттану қаупін азайту үшін, құлақаспаптар, тығын тəріздес
құлақаспап немесе гарнитураны киер алдында, дыбыс деңгейін реттеңіз. Қосымша қауіпсіздік
ақпаратын Заңдық, қауіпсіздік жəне экологиялық ескертпелерден қараңыз. Бұл нұсқаулыққа
қол жеткізу үшін, Бастау экранында поддержка (қолдау) сөзін жазып, HP Support Assistant
бағдарламасын, Мой компьютер (Компьютерім) пəрменін, одан кейін Руководства
пользователя (Пайдаланушы нұсқаулықтары) пəрменін таңдаңыз.
Микрофонды қосу
Дыбыс жазу үшін, микрофонды компьютердің микрофон ұясына қосыңыз. Жазу кезінде жақсы
нəтиже алу үшін, микрофонға тікелей сөйлеп, артқы шу жоқ параметрде дыбысты жазыңыз.
Құлақаспаптарды жəне микрофондарды қосу
Сымды гарнитураны компьютердің гарнитураға арналған ұясына қосуға болады.
Компьютерге сымсыз гарнитураны жалғау үшін, құрылғы өндірушісінің нұсқауларын орындаңыз.
Дыбыс жəне бейне файлдарын басқару (тек таңдаулы үлгілерде)23