User's Guide
Бөлік Сипаттама
(5)
Аудио шығыс (құлақаспап)/Аудио
кіріс (микрофон) ұясы
Токқа қосылатын қосымша стерео үндеткіштер,
құлақаспаптар, тығын тəріздес құлақаспаптар,
гарнитура немесе теледидар дыбыс кабелі
қосылады. Сонымен қатар, қосымша гарнитура
микрофонын қосады. Бұл ұя қосымша тек
микрофон құрылғыларын қолдамайды.
АБАЙ БОЛЫҢЫЗ! Жарақаттану қаупін азайту
үшін, құлақаспаптар, тығын тəріздес құлақаспап
немесе гарнитураны киер алдында, дыбыс
деңгейін реттеңіз. Қосымша қауіпсіздік ақпаратын
алу үшін, Заңды, қауіпсіздік жəне қоршаған орта
ескертпелерін қараңыз. Нұсқаулыққа қол жеткізу
үшін бастау экранында поддержка (қолдау) сөзін
теріп, HP Support Assistant (НР қолдау
көмекшісі) бағдарламасын таңдап, Мой
компьютер (Компьютерім) пəрменін, одан кейін
Руководства пользователя (Пайдаланушы
нұсқаулықтары) пəрменін таңдаңыз.
ЕСКЕРІМ: Құрылғы ұяға қосылған кезде,
компьютер үндеткіштері ажыратылады.
(6)
USB 3.0 порты Пернетақта, тінтуір, сыртқы диск, принтер, сканер
немесе USB хабі сияқты қосымша USB
құрылғысы USB 3.0 портына жалғанады.
(7)
HDMI порты Ажыратымдылығы жоғары теледидар немесе кез
келген үйлесімді сандық не аудио құрамдас
бөлікті немесе жоғары жылдамдықты HDMI
құрылғысы сияқты қосымша бейне немесе дыбыс
құрылғыларын қосады.
(8) Үндеткіштер (2) (суретте
көрсетілмейді)
Дыбыс шығарады.
(9)
Жад карталарды оқу құралы
(суретте көрсетілмейді)
Ақпарат сақталатын, басқарылатын, ортақ
пайдаланылатын немесе ашылатын қосымша
жад карталарын оқиды.
Картаны салу үшін
Картаның белгісі бар жағын жоғары, ал
қосқыштарын ұяға қаратып ұстаңыз, да картаны
ұясынаа енгізіп, нық отырғанша үстінен басыңыз.
Картаны алып тастау үшін
Картаны шыққанша басыңыз.
Веб-камераны пайдалану
Компьютердің кірістірілген веб-камерасы бейнені жазады жəне фотосуретке түсіреді. Кейбір
модельдерде бейне ағыны мүмкіндігімен бейнеконференция мен желіде чат сеанстарын
ұйымдастыруға болады.
▲
Веб-камераны пайдалану үшін, Бастау экранынан камера сөзін жазыңыз, одан кейін
бағдарламалар тізімінен Камера тармағын таңдаңыз.
Веб-камераны қолдану туралы толық ақпарат алу үшін, Справка и поддержка (Анықтама жəне
қолдау) бөліміне
өтіңіз. Бастау экранынан анықтама сөзін теріп, одан кейін Анықтама жəне
қолдау пəрменін таңдаңыз.
22 Бап 4 Көңіл көтеру мүмкіндіктерін пайдалану