User's Guide

4 Көңіл көтеру мүмкіндіктерін
пайдалану
Веб-камера арқылы байланысу, музыканы тыңдау жəне басқару, бейнефильмдерді жүктеу
жəне көру амалдарын орындау үшін HP компьютерін көңіл көтеру орталығы ретінде
пайдаланыңыз. Компьютеріңізді бұдан да қуатты көңіл көтеру орталығына айналдыру үшін,
үндеткіштер, гарнитура, монитор, проектор, теледидар жəне таңдаулы үлгілерге жоғары
ажыратымдылықты құрылғыларды жалғаңыз.
Мультимедиа мүмкіндіктері
Төменде осы компьютердің бірнеше көңіл көтеру мүмкіндіктері көрсетілген.
Бөлік Сипаттама
(1) Веб-камера шамы Қосулы: веб-камера қолданылуда.
(2) Веб-камера Бейнені жазады жəне фотосуретке түсіреді.
Кейбір модельдерде бейне ағыны мүмкіндігімен
бейнеконференция мен желіде чат сеанстарын
ұйымдастыруға болады.
Бастау экранына камера сөзін жазып,
бағдарламалар тізімінен Камера пəрменін
таңдаңыз.
(3) Ішкі микрофондар (2) Дыбысты жазады.
(4)
USB 2.0 порттары (2) Пернетақта, тінтуір, сыртқы диск, принтер, сканер
немесе USB хабі сияқты қосымша USB
құрылғысы жалғанады.
Мультимедиа мүмкіндіктері 21