Пайдаланушы нұсқаулығы
© Copyright 2013 Hewlett-Packard Development Company, L.P. AMD белгісі – Advanced Micro Devices, Inc. корпорациясының сауда белгісі. Bluetooth өз меншік иесінің сауда белгісі болып табылады жəне оны HewlettPackard компаниясы лицензия бойынша пайдаланады. Intel — Intel корпорациясының АҚШ-тағы жəне басқа елдердегі сауда белгісі. Microsoft жəне Windows — Microsoft корпорациясының АҚШ-тағы тіркелген сауда белгілері. SD Logo — өз меншік иесінің сауда белгісі. Осы құжатта берілген ақпарат ескертусіз өзгертіледі.
Қауіпсіздік туралы ескерту хабары АБАЙ БОЛЫҢЫЗ! Қызып кетумен байланысты зақымдарды немесе компьютердің қатты қызып кету жағдайын азайту үшін компьютерді тізеңізге қоймаңыз немесе компьютердің ауа желдеткішін бітемеңіз. Компьютерді тек қатты, тегіс беттің үстіне қойып пайдаланыңыз. Қасында тұрған қосымша принтер сияқты қатты беттің немесе жастық, кілем немесе мата сияқты жұмсақ беттің ауа ағынын бөгеуіне жол бермеңіз.
iv Қауіпсіздік туралы ескерту хабары
Maзмұны 1 Қосылғанда жанатын шам ........................................................................................................................... 1 Белгілі Бастау экранына оралу (тек таңдаулы үлгілерде) .............................................................. 1 HP Apps Store (НР бағдарламалар дүкеніне) өту (тек таңдаулы үлгілерде) ................................. 1 Ең жақсы тəжірибе ............................................................................................................
Сымды желіге қосылу ....................................................................................................................... 20 Жергілікті желіге (LAN) қосылу ........................................................................................ 20 4 Көңіл көтеру мүмкіндіктерін пайдалану ................................................................................................. 21 Мультимедиа мүмкіндіктері ...............................................................................
Microsoft Windows пернелер тіркесімдерін пайдалану ................................. 38 6 Қуат басқару ................................................................................................................................................. 39 Ұйқы немесе күту күйін қосу ............................................................................................................. 39 Ұйқы күйін қолмен бастау жəне шығу .............................................................................
Setup Utility (BIOS) құпия сөздерін орнату ...................................................................... 52 Интернет қауіпсіздігін қамтамасыз ететін бағдарламалық құралын пайдалану ......................... 53 Вирусқа қарсы бағдарламалық құралды пайдалану ..................................................... 53 Қалқан бағдарламалық құралын пайдалану .................................................................. 53 Бағдарламалық құрал жаңартуларын орнату .........................................
1 Қосылғанда жанатын шам Бұл компьютер жұмыс істеуді жəне көңіл көтеруді жақсартуға арналған қуатты құрал болып табылады. Компьютерді орнату жасалғаннан кейін орындауға болатын ең жақсы амалдар, компьютермен жасауға болатын қызықты əрекеттер жəне қосымша HP ресурстарын табуға болатын орындар туралы білу үшін, осы бөлімді оқып шығыңыз.
● Компьютердің аппараттық жəне бағдарламалық құралдарымен танысыңыз. Қосымша ақпарат алу үшін Компьютермен танысу 5-бетте немесе Көңіл көтеру мүмкіндіктерін пайдалану 21-бетте бөлімін қараңыз. ● Вирусқа қарсы бағдарламалық құрал сатып алыңыз немесе жаңартыңыз. Қосымша ақпаратты Вирусқа қарсы бағдарламалық құралды пайдалану 53-бетте бөлімінен қараңыз. ● Қалпына келтіру дискілерін немесе қалпына келтіру флэш жетегін жасау арқылы қатты дискінің сақтық көшірмесін жасаңыз.
Қосымша HP ресурстары Компьютерді іске қосып, осы нұсқаулықты табу үшін, Параметрлерді орнату нұсқаулары бөлімін пайдаланыңыз. Өнім туралы егжей-тегжейлі деректерді, практикалық нұсқаулық ақпаратын жəне қосымша мəліметтерді қамтамасыз ететін ресурстарды табу үшін, мына кестені қараңыз.
Ресурстар Мазмұны Шектеулі кепілдік* ● Бұл компьютер туралы арнаулы кепілдік ақпараты Бұл нұсқаулықты пайдалану үшін 1. Бастау экранында поддержка (қолдау) сөзін теріп, HP Support Assistant қолданбасын таңдаңыз. 2. Мой компьютер (Компьютерім), одан кейін Гарантия и услуги (Кепілдік жəне қызметтер) тармағын таңдаңыз. – немесе – http://www.hp.com/go/orderdocuments веб-торабына өтіңіз.
2 Компьютермен танысу Аппараттық жəне бағдарламалық құрал туралы мəліметтерді табу Аппараттық құралды табу Компьютерде орнатылған аппараттық құралдардың тізімін көру үшін: 1. Бастау экранынан панель управления (басқару тақтасы) деп теріп, одан кейін Панель управления (Басқару тақтасы) пəрменін таңдаңыз. 2. Система и безопасность (Жүйе жəне қауіпсіздік) пəрменін, Система (Жүйе) пəрменін таңдаңыз, одан кейін сол жақ бағанда Диспетчер устройств (Құрылғылар басқарушысы) тармағын нұқыңыз.
Оң жақ Бөлік (1) Сипаттама Аудио шығыс (құлақаспап)/Аудио кіріс (микрофон) ұясы Токқа қосылатын қосымша стерео үндеткіштер, құлақаспаптар, тығын тəріздес құлақаспаптар, гарнитура немесе теледидар дыбыс кабелі қосылады. Сонымен қатар, қосымша гарнитура микрофонын қосады. Бұл ұя қосымша тек микрофон құрылғыларын қолдамайды. АБАЙ БОЛЫҢЫЗ! Жарақаттану қаупін азайту үшін, құлақаспаптар, тығын тəріздес құлақаспап немесе гарнитураны киер алдында, дыбыс деңгейін реттеңіз.
Сол жақ Бөлік (1) Сипаттама Қауіпсіздік кабелінің ұясы Қосымша қауіпсіздік кабелін компьютерге жалғайды. ЕСКЕРІМ: Қауіпсіздік кабелі сақтандырғыш құрал ретінде əрекет ету үшін жасалған, бірақ ол компьютерге күтімсіз қараудан немесе оны ұрланудан қорғай алмауы мүмкін. (2) Желдеткіш (1) Ішкі бөліктерді салқындату үшін ауа ағынын қосады.
Дисплей Бөлік (1) Сипаттама Ішкі дисплей қосқышы Дисплейді өшіреді жəне егер дисплей қуат қосулы кезде жабылған болса, ұйқы күйін қосады. ЕСКЕРІМ: Ішкі дисплей қосқышы компьютердің сыртынан көрінбейді. (2) WLAN антенналары (2)* Сымсыз жергілікті желілермен (WLAN) байланыста болу үшін сымсыз байланыс сигналдарын жібереді жəне қабылдайды. (3) Веб-камера шамы Қосулы: веб-камера қолданылуда. (4) Веб-камера Бейнені жазады жəне фотосуретке түсіреді.
Жоғарғы жағындағы Сенсорлы тақта Бөлік (1) Сипаттама Сенсорлы тақта аймағы Экрандық меңзерді жылжытады жəне экрандағы элементтерді таңдайды немесе іске қосады. ЕСКЕРІМ: Сенсорлы тақта жиектен жүргізу қимылдарын да қолдайды. Қосымша ақпаратты Жиектерді сипау 30-бетте бөлімінен қараңыз. (2) Сол жақ сенсорлы тақта түймешігі Сыртқы тінтуірдің сол жақ түймешігі сияқты жұмыс істейді. (3) Оң жақ сенсорлы тақта түймешігі Сыртқы тінтуірдің оң жақ түймешігі сияқты жұмыс істейді.
Шамдар Бөлік (1) 10 Сипаттама Қуат шамы ● Қосулы: компьютер қосулы. ● Жыпылықтау: қуатты үнемдеу күйі болып табылатын «Ұйқы күйі» компьютерде қосылған. Компьютер дисплейдің жəне басқа да қажет емес құрамдас бөліктердің қуатын өшіреді. ● Өшірулі: компьютер өшірулі немесе күту күйінде. Күту күйі — ең аз мөлшерде қуат тұтынатын қуатты үнемдеу күйі. (2) Caps lock шамы Қосулы: пернелердің барлығын бас əріп ететін «Caps lock» пернесі басылған.
Түймешіктер Бөлік (1) Сипаттама Қуат түймешігі ● Компьютер өшірулі болғанда, компьютерді қосу үшін түймешікті басыңыз. ● Компьютер қосулы болғанда, ұйқы күйін қосу үшін түймешікті тез басып қалыңыз. ● Компьютер ұйқы күйінде болғанда, ұйқы күйінен шығу үшін түймешікті тез басып қалыңыз. ● Компьютер күту күйінде болған кезде, күту күйінен шығу үшін түймешікті тез басып қалыңыз. ЕСКЕРТУ: Қуат түймешігін басып тұрғанда сақталмаған ақпарат жойылады.
Пернелер Бөлік Сипаттама (1) esc пернесі fn пернесімен бірге басылған кезде жүйе ақпараты көрсетіледі. (2) fn пернесі бос орын немесе esc пернесімен бірге басылғанда, жиі пайдаланылатын жүйелік функцияларды орындайды. (3) Windows пернесі Ашық болған бағдарламадан немесе Windows жұмыс үстелінен бастау экранына жылдам қайтарады. ЕСКЕРІМ: Windows пернесі қайта басылған кезде, алдыңғы экран ашылады. (4) Əрекеттер пернелері Жиі қолданылатын жүйелік функцияларды орындайды.
Түбіндегі Бөлік Сипаттама (1) Батареяны құлыптау ысырмасы Батареяның құлпын ашады. (2) Батарея орны Батареяны ұстап тұрады. (3) Батареяны шығару ысырмасы Батареяны орнынан шығарады. (4) Желдеткіштер (3) Ішкі бөліктерді салқындату үшін ауа ағынын қамтамасыз етеді. (5) Үндеткіштер (2) Дыбыс шығарады. Жапсырмалар Компьютерге жапсырылған жапсырмалар жүйе ақаулықтарын жойғанда немесе компьютер алып шетелге саяхатқа шыққанда қажет болуы мүмкін.
● Сервистік жапсырма компьютерді анықтауға арналған маңызды ақпаратты қамтамасыз етеді. Қолдау қызметімен хабарласу кезінде, сериялық нөмір, өнім нөмірі немесе модель нөмірі сұралуы мүмкін. Қолдау қызметімен хабарласпас бұрын, бұл нөмірлерді табыңыз. ЕСКЕРІМ: Сервистік жапсырмалар төменде көрсетілген мысалдардың біреуіне ұқсас болады. Компьютердегі сервистік жапсырмаға ең ұқсас суретті қараңыз.
3 Желіге қосылу Осы компьютермен кез келген жерге саяхаттауға болады. Алайда, компьютер мен сымсыз не сымды желі байланысын пайдаланып үйде отырып та дүние жүзін шарлап, миллиондаған вебтораптардың ақпараттарына қол жеткізуге болады. Осы тараудағы ақпарат əлеммен байланысуға көмектеседі. Сымсыз желіге қосылу Сымсыз технология деректерді сым арқылы емес, радио толқындары арқылы тасымалдайды.
Сымсыз байланыс түймешігін пайдалану Үлгісіне қарай, компьютерде сымсыз байланыс түймешігі жəне бір немесе бірнеше сымсыз құрылғы болады. Компьютердегі сымсыз құрылғылардың барлығы зауытта қосылады, сондықтан, компьютер қосылғанда, сымсыз байланыс түймешігі жанып тұрады. Сымсыз құрылғылар зауытта қосылатындықтан, оларды бір уақытта қосу немесе өшіру үшін, сымсыз байланыс түймешігін пайдалануға болады.
3. Просмотр активных сетей (Белсенді желілерді көру) ішінен белсенді желіні таңдаңыз. 4. Қауіпсіздік, желілік байқау, файлдар мен принтерлерді ортақтастыру немесе басқа желілік мүмкіндіктер үшін ортақтастыру параметрлерін орнату мақсатымен Изменить дополнительные параметры общего доступа (Қосымша ортақтасу параметрлерін өзгерту) параметрін таңдаңыз.
WLAN желісін орнату WLAN құрылғысын орнату жəне Интернетке қосылу үшін, төмендегі жабдық қажет: ● Кең жолақты модем (DSL немесе кабельді) (1) жəне Интернет провайдерінен сатып алынған жоғары жылдамдықты интернет қызметі ● Сымсыз жол жоспарлағыш (2) (бөлек сатылады) ● Сымсыз компьютер (3) ЕСКЕРІМ: Кейбір модемдердің ішіне жол жоспарлағышы орнатылады. Интернет провайдерінен модем түрінің қайсысын пайдаланатындығын сұраңыз.
Сымсыз шифрлау желі арқылы тасымалданатын деректерді шифрлау жəне шифрын ашу үшін қауіпсіздік параметрлерін қолданады. Қосымша ақпарат алу үшін бастау экранында справка (анықтама) сөзін теріп, одан кейін Справка и поддержка (Анықтама жəне қолдау) тармағын таңдаңыз. WLAN желісіне қосылу WLAN желісіне қосылу үшін, төмендегі қадамдарды орындаңыз: 1. WLAN құрылғысының қосулы екендігіне көз жеткізіңіз. Егер қосылған болса, сымсыз байланыс шамы ақ болады.
Bluetooth сымсыз құрылғыларын пайдалану (тек таңдаулы үлгілерде) Bluetooth құрылғысы əдетте мына электрондық құрылғыларды байланыстыратын физикалық кабель қосылымдарын ауыстыратын қысқа ауқымды сымсыз байланыстарды қамтамасыз етеді.
4 Көңіл көтеру мүмкіндіктерін пайдалану Веб-камера арқылы байланысу, музыканы тыңдау жəне басқару, бейнефильмдерді жүктеу жəне көру амалдарын орындау үшін HP компьютерін көңіл көтеру орталығы ретінде пайдаланыңыз. Компьютеріңізді бұдан да қуатты көңіл көтеру орталығына айналдыру үшін, үндеткіштер, гарнитура, монитор, проектор, теледидар жəне таңдаулы үлгілерге жоғары ажыратымдылықты құрылғыларды жалғаңыз. Мультимедиа мүмкіндіктері Төменде осы компьютердің бірнеше көңіл көтеру мүмкіндіктері көрсетілген.
Бөлік (5) Сипаттама Аудио шығыс (құлақаспап)/Аудио кіріс (микрофон) ұясы Токқа қосылатын қосымша стерео үндеткіштер, құлақаспаптар, тығын тəріздес құлақаспаптар, гарнитура немесе теледидар дыбыс кабелі қосылады. Сонымен қатар, қосымша гарнитура микрофонын қосады. Бұл ұя қосымша тек микрофон құрылғыларын қолдамайды. АБАЙ БОЛЫҢЫЗ! Жарақаттану қаупін азайту үшін, құлақаспаптар, тығын тəріздес құлақаспап немесе гарнитураны киер алдында, дыбыс деңгейін реттеңіз.
Дыбыс жəне бейне файлдарын басқару (тек таңдаулы үлгілерде) CyberLink PowerDVD бағдарламасы фотосурет жəне бейне жинақтарын басқаруға жəне өзгертуге мүмкіндік береді. ▲ CyberLink PowerDVD бағдарламасын бастау үшін Бастау экранына видео сөзін жазыңыз, одан кейін Видео тармағын таңдаңыз. CyberLink PowerDVD бағдарламасын пайдалану туралы қосымша ақпаратты PowerDVD бағдарламалық құралының анықтамасынан қараңыз.
АБАЙ БОЛЫҢЫЗ! Жарақаттану қаупін азайту үшін, құлақаспаптар, тығын тəріздес құлақаспап немесе гарнитураны киер алдында, дыбыс деңгейін реттеңіз. Қосымша қауіпсіздік ақпаратын Заңдық, қауіпсіздік жəне экологиялық ескертпелерден қараңыз. Бұл нұсқаулыққа қол жеткізу үшін, Бастау экранында поддержка (қолдау) сөзін жазып, HP Support Assistant бағдарламасын, Мой компьютер (Компьютерім) пəрменін, одан кейін Руководства пользователя (Пайдаланушы нұсқаулықтары) пəрменін таңдаңыз.
Видео құрылғыларын HDMI кабелі арқылы қосу ЕСКЕРІМ: болады. HDMI құрылғысын компьютерге жалғау үшін бөлек сатылатын HDMI кабелі қажет Компьютер экранындағы кескінді ажыратымдылығы жоғары теледидардан не компьютерден көру үшін, ажыратымдылығы жоғары құрылғыны келесі нұсқауларға сəйкес жалғаңыз. 1. HDMI кабелінің бір ұшын компьютердегі HDMI портына жалғаңыз. 2. Кабельдің екінші ұшын ажыратымдылығы жоғары теледидарға не мониторға жалғаңыз. 3.
HDMI арқылы дыбысты реттеу үшін HDMI ажыратымдылығы жоғары бейне жəне дыбыс параметрлеріне қолдау көрсететін жалғыз бейне интерфейсі болып табылады. HDMI теледидарын компьютерге жалғағаннан кейін, келесі қадамдарды орындау арқылы HDMI дыбысын қосуға болады: 1. Тапсырмалар тақтасының оң жақ шетіндегі хабарландыру аймағындағы Динамики (Үндеткіш) белгішесін тінтуірдің оң жақ түймешігімен басып, Устройства воспроизведения (Ойнату құрылғылары) параметрін таңдаңыз. 2.
5 Экранда шарлау Компьютер экраны бойынша келесі əдістермен жылжуға болады: ● Түрту қимылдары ● Пернетақта жəне тінтуір Түрту қимылдарын компьютердің сенсорлы тақтасында немесе сенсорлы экранда (тек таңдаулы үлгілерде) қолдануға болады. ЕСКЕРІМ: Компьютердегі USB порттарының біреуіне жалғау арқылы сыртқы USB тінтуірін (бөлек сатылады) пайдалана аласыз. Компьютермен бірге жеткізілген Основы Windows (Windows Негіздері) нұсқаулығын қараңыз.
Қимылды ажырату немесе қосу үшін, мына əрекеттер орындаңыз: 1. Сенсорная панель Synaptics (Synaptics сенсорлы тақтасы) экранында, ажыратқыңыз немесе қосқыңыз келген қимылға құсбелгі қойыңыз немесе оны алып тастаңыз. 2. Применить (Қолдану) түймешігін, одан кейін OK түймешігін басыңыз. Түрту Экранда элементті таңдау үшін сенсорлы тақтада түрту мүмкіндігін пайдаланыңыз. ● 28 Таңдау үшін экрандағы элементті меңзеп, сенсорлы тақта аймағын бір саусақпен түртіңіз. Элементті ашу үшін оны екі рет түртіңіз.
Жылжу Жылжу қимылы бетте немесе суретте жоғары, төмен қарай немесе көлденең жылжу кезінде қажет əрекет. ● Екі саусақты сенсорлы тақта аймағына арасын алшақ қойып, одан кейін оларды жоғары, төмен, сол немесе оң жаққа қарай жылжытыңыз. Шымшу/масштабтау Қысу жəне масштабтау қимылдары суреттерді немесе мəтінді үлкейтуге (масштабтау) не кішірейтуге (қысу) мүмкіндік береді. ● Кішірейту үшін, екі саусақты сенсорлы тақтаға арасын алшақ қойып, одан кейін олардың арасын жақындатыңыз.
Екі саусақпен басу Екі саусақпен басу қимылы экрандық нысан үшін мəзір пəрмендерін таңдауға мүмкіндік береді. ● Таңдалған нысан үшін мəзір пəрмендерінің тізімін ашу мақсатымен сенсорлы тақта аймағына екі саусақты қойып басыңыз. Жиектерді сипау Жиектерді сипау қимылдары параметрлер өзгерту жəне бағдарламаларды табу немесе пайдалану сияқты əрекеттерді орындауға мүмкіндік береді.
Саусақты жоғарғы жиектен сырғыту (тек таңдаулы үлгілерде) Саусақты жоғарғы жиектен сырғыту бағдарламaларды басқару опцияларын көрсетеді. МАҢЫЗДЫ АҚПАРАТ: Бағдарлама ашық кезде, үстіңгі жиекті сипау қимылы бағдарламаға байланысты əртүрлі болады. ● Қол жетімді бағдарламaларды басқару опцияларын көрсету үшін, саусақты үстіңгі жиектен жайлап жылжытыңыз. Саусақты сол жақ жиектен жылжыту Саусақты сол жақ жиектен жылжыту жуықта ашылған қолданбалар арасында жылдам ауысуға жəне оларды ашуға мүмкіндік береді.
Сенсорлы экран іс-қимылдарын пайдалану (тек таңдаулы үлгілерде) Сенсорлы экраны бар компьютер экрандағы элементтерді саусақтар арқылы тікелей басқаруға мүмкіндік береді. КЕҢЕС: Сенсорлы экраны бар компьютерде қимылдарды экранда немесе сенсорлы тақтада орындауға болады. Сонымен қатар, сенсорлы экрандағы əрекеттерді пернетақта мен тінтуір көмегімен жүзеге асыруға болады.
Түрту Экранда элементті таңдау үшін түрту мүмкіндігін пайдаланыңыз. ● Экрандағы нысанды таңдау үшін оны бір саусақпен түртіңіз. Элементті ашу үшін оны екі рет түртіңіз. Жылжу Жылжу қимылы меңзерді бетте немесе суретте жоғары, төмен, сол немесе оң жаққа қарай жылжыту кезінде қажет əрекет. ● Екі саусағыңызды экранға қойып, оларды жоғары, төмен, солға немесе оңға қарай сүйрете жылжытыңыз.
Шымшу/масштабтау Қысу жəне масштабтау қимылдары суреттерді немесе мəтінді үлкейтуге не кішірейтуге мүмкіндік береді. ● Кішірейту үшін, екі саусақты экранға арасын алшақ қойып, одан кейін олардың арасын жақындатыңыз. ● Үлкейту үшін, екі саусақты экранда бірге қойып, олардың арасын ашыңыз. Айналдыру (тек таңдаулы үлгілерде) Айналдыру мүмкіндігі фотосурет сияқты элементтерді бұруға мүмкіндік береді. ● Сол сұқ саусақты айналдырғыңыз келген нысанда тіреңіз.
Саусақты оң жақ жиектен жылжыту Саусақты оң жақ жиектен жылжыту қимылы шебер түймелерге қатынасуға мүмкіндік береді, бұл түймелер іздеу, ортақ пайдалану, бағдарламаларды бастау, құрылғыларды ашу немесе параметрлерді өзгерту сияқты тапсырмаларды орындайды. ● Шебер түймелерді көрсету үшін саусағыңызды экран бетінде дисплейдің оң жақ жиегінен ішіне қарай жайлап сырғытыңыз. Саусақты сол жақ жиектен жылжыту Саусақты сол жақ жиектен жылжыту қимыл ашық бағдарламаларды көрсетеді, осылайша оларға тез ауыса аласыз.
Саусақты үстіңгі жиектен жылжыту жəне төменгі жиектен жылжыту Саусақты үстіңгі жиектен жылжыту немесе төменгі жиектен жылжыту қимылы компьютерде қолжетімді бағдарламалар тізімін ашуға мүмкіндік береді. 1. Windows бастау экранынан саусағыңызды дисплейдің үстіңгі немесе төменгі жиегінен экранға қарай жайлап сырғытыңыз. 2. Қолжетімді бағдарламаларды көру үшін, Все приложения (Барлық бағдарламалар) пəрменін таңдаңыз.
Əрекет пернесі функциясы зауытта қосылады. Бұл мүмкіндікті Setup Utility (BIOS) құралында ажыратуға болады. Setup Utility (BIOS) тармағын ашуға қатысты нұсқаулар алу үшін, Setup Utility (BIOS) жəне HP PC Hardware Diagnostics (UEFI) пайдалану 56-бетте бөлімін көріп, экранның төменгі жағындағы нұсқауларды орындаңыз. Əрекет пернесі мүмкіндігін ажыратқаннан кейін тағайындалған функцияны іске қосу үшін, тиісті əрекет пернесімен бірге fn пернесін басыңыз.
Microsoft Windows пернелер тіркесімдерін пайдалану Microsoft Windows 8 əрекеттерді жылдам орындау үшін төте жолдар ұсынады. Əрекетті орындау үшін, Windows пернесін кестедегі пернемен бірге басыңыз. Windows пернелер тіркесімдері туралы қосымша ақпаратты алу үшін Справка и поддержка (Анықтама жəне қолдау) орталығына өтіңіз. Бастау экранынан анықтама сөзін теріп, одан кейін Анықтама жəне қолдау пəрменін таңдаңыз.
6 Қуат басқару Бұл компьютер батарея қуатымен немесе сыртқы қуат көзіне қосу арқылы жұмыс істейді. Егер компьютер батарея қуатымен жұмыс істейтін болса жəне батареяны зарядтау үшін оны АТ қуат көзіне жалғау мүмкін болмаса, батарея зарядын бақылау жəне үнемдеу өте маңызды. Қуат үнемделіп тұрған компьютер жұмысын реттеу мақсатымен компьютердің қуат пайдалану жəне үнемдеу жолын басқару үшін компьютерде оңтайлы қуат жоспары қолданылады.
ЕСКЕРІМ: Егер оянған кезде, құпия сөз сұралатындай орнатылған болса, жұмысты компьютерде жалғастыру үшін, Windows құпия сөзін енгізу қажет болады. Күту күйін қолмен бастау жəне шығу (тек таңдаулы үлгілерде) Пайдаланушы арқылы қосылатын күту күйін қосу жəне басқа қуат параметрлері мен күту үзілістерін өзгерту үшін «Қуат параметрлері» пəрменін пайдаланыңыз. 1.
Қуат көрсеткішін жəне қуат параметрлерін қолдану Қуат көрсеткіші Windows жұмыс үстелінде орналасқан. Қуат көрсеткіші қуат параметрлеріне жылдам кіруге жəне қалған батарея зарядын көруге мүмкіндік береді. ● Батарея зарядының қалған деңгейін жəне Windows жұмыс үстелінде орналасқан ағымдағы қуат жоспарын экранда көру үшін, меңзерді қуат көрсеткіші белгішесінің үстінен жүргізіңіз. ● Қуат параметрлерін пайдалану үшін, қуат көрсеткіші белгішесін басып, тізімнен бір тармақты таңдаңыз.
2. Компьютерден (3) батареяны шығарып алыңыз. Батарея туралы ақпаратты табу Батареяның күйін бақылау үшін немесе батареяның заряды тез бітетін болса, HP Support Assistant (НР қолдау көмекшісі) ішінде Battery Check (Батарея тексеру) бағдарламасын іске қосыңыз. Батарея туралы ақпаратты қарау үшін, бастау экранында поддержка (қолдау) сөзін теріп, HP Support Assistant бағдарламасын таңдап, Аккумулятор и производительность (Батарея жəне өнімділік) пəрменін таңдаңыз.
Батарея зарядының төмен деңгейлерін анықтау Компьютердің жалғыз қуат көзі болатын батарея заряды төмен батарея деңгейіне жеткенде, батарея шамы жыпылықтайды. ● Батарея шамы (тек таңдаулы үлгілерде) батарея зарядының төмен немесе тым төмен деңгейін көрсетеді. – немесе – ● Windows жұмыс үстеліндегі қуат көрсеткішінің белгішесі төмен немесе өте төмен заряд деңгейі туралы хабарландыру береді.
Сақталған батареяны əрбір 6 ай сайын тексеру қажет. Егер сыйымдылығы 50 пайыздан төмен болса, қайта сақтаудан бұрын батареяны қайта зарядтаңыз. Пайдаланушы ауыстыратын батареяны тастау АБАЙ БОЛЫҢЫЗ! Өрт шығу немесе күйіп қалу қаупін азайту үшін батареяны бөлшектемеңіз, бұзбаңыз немесе теспеңіз; сыртқы түйіспелерді қысқа тұйықтамаңыз; отқа немесе суға тастамаңыз. Батареяны дұрыс тастау туралы ақпаратты Заңдық, қауіпсіздік жəне қоршаған орта ескертулері бөлімінен қараңыз.
Компьютерді сыртқы айнымалы токтан ажыратқанда, төмендегі жағдайлар туындайды: ● Компьютер батарея қуатына көшеді. ● Батареяның қызмет ету мерзімін сақтау үшін, экран жарықтығы автоматты түрде азаяды. ● Windows жұмыс үстеліндегі қуат көрсеткіші белгішесінің көрінісі өзгереді. Қуат мəселелерін шешу Айнымалы ток қуат көзіне жалғанған компьютерде мына жағдайлар орын алса, айнымалы ток адаптерін тексеріңіз: ● Компьютер қосылмайды. ● Дисплей қосылмайды. ● Қуат шамдары жанбайды.
ЕСКЕРІМ: Компьютер ұйқылық немесе күту күйінде болғанда, жұмысты аяқтамас бұрын, қуат түймешігін басып қалу арқылы ұйқылық немесе күту күйінен шығу қажет. 1. Жұмысыңызды сақтап, барлық ашық бағдарламаларды жабыңыз. 2. Шебер түймелерді көрсету үшін, меңзерді бастау экранының жоғары немесе төменгі оң жақ бұрышына жылжытыңыз. 3. Параметры (Параметрлер), одан кейін Питание (Қуат) пəрмендерін таңдаңыз жəне Завершение работы (Жұмысты аяқтау) параметрін басыңыз.
7 Компьютерге техникалық қызмет көрсету Компьютерді оңтайлы күйде сақтау үшін, оған жүйелі түрде техникалық қызмет көрсету маңызды болып табылады. Бұл тарауда Disk Defragmenter (Диск дефрагментаторы) жəне Disk Cleanup (Дискіні тазалау) сияқты құралдарды пайдалану жəне қатты дискіні ауыстыру не жад қосу амалдарын орындау арқылы компьютер жұмысын жақсарту туралы ақпарат беріледі.
Дискіні тазалау құралын пайдалану Қатты дискідегі орынды босатып, компьютер жұмысының тиімділігін арттыру үшін, Disk Cleanup құралы қатты дискіден қауіпсіз жоюға болатын файлдарды іздеп табады. Дискіні тазалау құралын қосу: 1. Бастау экранында іздеу жолағына диск деп теріңіз. Select Удалить приложения, чтобы освободить место на диске (Дискіде орын босату үшін бағдарламаларды жою) тармағын таңдаңыз. 2. Экрандағы нұсқауларды орындаңыз.
АБАЙ БОЛЫҢЫЗ! Ток ұру немесе жабдықтың зақымдалуын болдырмау үшін, токқа қосулы компьютерді тазаламаңыз. ● Компьютерді өшіріңіз. ● Сыртқы қуат көзінен ажыратыңыз. ● Токқа қосылатын сыртқы құрылғылардың барлығын ажыратыңыз. ЕСКЕРТУ: Ішкі бөліктерді зақымдамау үшін, тазалағыш заттар немесе сұйықтықтарды компьютер беткейіне тікелей шашпаңыз. Бетіне түскен сұйықтықтар ішкі бөліктердің зақым алуына əкелуі мүмкін.
◦ Барлық сыртқы құрылғыларды өшіріп, ажыратыңыз. ◦ Компьютерді сөндіріңіз. ● Ақпараттың сақтық көшірмесін бірге алып жүріңіз. Барлық сақтық көшірмелерді компьютерден бөлек ұстаңыз. ● Ұшақпен саяхаттау кезінде компьютерді қол жүгі ретінде алып жүріңіз; оны жүк бөлімінде тасымалдауға болмайды. ЕСКЕРТУ: Дискінің магниттік өрістердің əсеріне ұшырамауын қадағалаңыз. Магниттік өрісі бар қауіпсіздік құрылғылары əуежайдағы тексеруден өту құрылғылар мен қауіпсіздік бағандарында болады.
8 Компьютер мен ақпаратты қорғау Компьютер қауіпсіздігі ақпараттың құпиялылығы, сенімділігі мен қолжетімділігін қорғау үшін өте маңызды. Windows амалдық жүйесі, HP бағдарламалары, Windows емес Setup Utility (BIOS) құралы жəне басқа үшінші тарап бағдарламалық құралдары қамтамасыз ететін стандартты қауіпсіздік шешімдері компьютерді вирустар, «құрттар» сияқты түрлі қауіп-қатерлерден жəне зиян келтіретін код түрлерінен қорғауға көмектесе алады.
Экранды қорғағыш құпия сөздері сияқты Windows құпия сөздері туралы қосымша ақпаратты алу үшін, бастау экранында HP Support Assistant деп теріп, HP Support Assistant (НР қолдау көмекшісі) бағдарламасын таңдаңыз. Windows жүйесінде құпиясөздерді орнату Құпиясөз Қызмет Пайдаланушы құпиясөзі Windows пайдаланушы есептік жазбасына кіруді қорғайды. Əкімші құпиясөзі Компьютер мазмұнына əкімші деңгейінде кіруді қорғайды. ЕСКЕРІМ: Осы құпиясөз арқылы Setup Utility (BIOS) мазмұнына кіру мүмкін емес.
Əкімші құпиясөзін немесе қосылғанда сұралатын құпиясөзді Setup Utility (BIOS) ішінде орнату, өзгерту немесе жою: 1. Setup Utility (BIOS) утилитасын компьютерді қосу немесе өшіріп, қайта қосу арқылы ашыңыз, одан кейін esc пернесін басып қалып, f10 пернесін басыңыз. 2. Безопасность (Қауіпсіздік) пəрменін таңдау үшін көрсеткі пернелерді басып, экрандағы нұсқауларды орындаңыз. Өзгертулер компьютер қайта іске қосылған кезде күшіне енеді.
Бағдарламалық құрал жаңартуларын орнату Қауіпсіздік мəселелерін шешу жəне бағдарламалық құрал жұмысын жақсарту үшін, компьютерге орнатылған HP компаниясының, Microsoft Windows амалдық жүйесінің жəне үшінші тарап бағдарламалық құралдарын үнемі жаңартып жүріңіз. Қосымша ақпаратты Бағдарламалар мен драйверлерді жаңарту 48-бетте бөлімінен қараңыз. Қорғаныс жүйесінің маңызды жаңартуларын орнату HP компаниясы компьютерге бастапқыда орнатылған бағдарламалық құралдар мен драйверлерді үнемі жаңартуға кеңес береді.
Компьютердің қауіпсіздік кабелі ұясы осы бөлімдегі суреттегіден сəл өзгешелеу болуы мүмкін. Компьютеріңіздегі қауіпсіздік кабель құлпының орналасқан жері туралы ақпаратты Компьютермен танысу 5-бетте бөлімінен қараңыз. 1. Қауіпсіздік кабель құлпын қорғалатын затқа ораңыз. 2. Кілтті (1) қауіпсіздік кабель құлпына (2) салыңыз. 3. Қауіпсіздік кабель құлпын компьтердегі қауіпсіздік кабелінің ұясына (3) салыңыз да, сосын оны кілтпен жабыңыз. 4. Құлыпты шығарып алып, қауіпсіз жерде сақтаңыз.
9 Setup Utility (BIOS) жəне HP PC Hardware Diagnostics (UEFI) пайдалану Setup Utility немесе BIOS (Basic Input/Output System) жүйедегі бүкіл кіріс жəне шығыс құрылғыларының (мысалы, диск жетектері, монитор, пернетақта, тінтуір жəне принтер) арасындағы байланысты басқарады. Setup Utility (BIOS) ішінде орнатылған құрылғылардың параметрлері, компьютердің жүктелу реті жəне жүйе мен кеңейтілген жадтың көлемі қамтылған.
BIOS жаңартуын жүктеп алу ЕСКЕРТУ: Компьютерге зақым келтірмеу немесе сəтсіз орнатуды болдырмау үшін BIOS жаңарту файлын компьютер айнымалы ток адаптері арқылы сенімді сыртқы қуат көзіне қосылған кезде ғана жүктеп алыңыз жəне орнатыңыз. Компьютер батарея қуатымен жұмыс істеп тұрғанда, қосымша жалғау құрылғысына жалғанғанда немесе қосымша қуат көзіне қосулы болғанда, BIOS жаңартуын жүктеп алмаңыз немесе орнатпаңыз.
HP PC Hardware Diagnostics (UEFI) пайдалану HP PC Hardware Diagnostics – бірыңғай кеңейтілетін ішкі бағдарламалық құрал интерфейсі (UEFI). Бұл құрал компьютердің аппараттық құралдарының дұрыс жұмыс істейтінін анықтау үшін диагностикалық сынақтарды жүргізуге мүмкіндік береді. Құрал амалдық жүйенің сыртында жұмыс істейді жəне амалдық жүйенің өзі немесе басқа бағдарламалық құралдар бөліктері туындауы мүмкін аппараттық құралдың ақаулықтарын бөлектейді. HP PC Hardware Diagnostics UEFI пайдалану үшін 1.
10 Сақтық көшірме жасау, алдыңғы күйіне қайтару жəне қалпына келтіру Бұл тарауда келесі үрдістер туралы ақпарат беріледі: ● Қалпына келтіру дискісін жəне сақтық көшірмелерді жасау ● Жүйеңізді бастапқы қалпына келтіру жəне қалыпқа келтіру Қалпына келтіру дискісін жəне сақтық көшірмелерді жасау 1. Компьютерді сəтті орнатқаннан кейін HP қалпына келтіру дискісін жасаңыз. Бұл үрдіс барысында компьютердегі HP Recovery (НР қалпына келтіру) бөлімінің сақтық көшірмесі жасалады.
параметрлерін бейімдеуге немесе қатты дискіні ауыстырғанда зауыттық кескінді қалпына келтіруге қолдануға болады. ● НР Қалпына келтіру дискілерінің тек қана бір жинағын жасауға болады. Бұл қалпына келтіру құралдарын қолданғанда сақ болып, оларды қауіпсіз жерде сақтаңыз. ● HP Recovery Manager (НР Қалпына келтіру көмекшісі) бағдарламалық құралы компьютерді тексеріп, бос USB флэш-дискісінің сақтау көлемін немесе қажет етілетін бос DVD дискілерінің санын анықтайды.
Алдыңғы күйге қайтару жəне қалпына келтіру Жүйені қалпына келтірудің бірнеше опциясы бар. Жағдайыңызға ең сəйкес келетін əдіс пен шеберлік деңгейін таңдаңыз: ● Windows жүйесі сақтық көшірмеден қалпына келтіру, компьютерді қалпына келтіру жəне компьютерді оның бастапқы қалпына келтіру үшін бірнеше опцияны ұсынады. Қосымша ақпарат жəне нұсқаулар алу үшін Справка и поддержка (Анықтама жəне қолдау) тармағын қараңыз. Бастау экранынан анықтама сөзін теріп, одан кейін Анықтама жəне қолдау пəрменін таңдаңыз.
HP Recovery медиа құралының көмегімен төмендегі қалпына келтіру опцияларының бірін таңдауға болады: ● System Recovery (Жүйені қалпына келтіру): түпнұсқалық амалдық жүйені қайта орнатады, одан кейін зауытта орнатылған бағдарламалар үшін параметрлерді реттейді. ● Ықшамдалған кескіннен қалпына келтіру (тек таңдаулы үлгілерде) — Амалдық жүйені жəне барлық аппараттық құралдармен байланысты драйверлер мен бағдарламалық құралдарды қайта орнатады, бірақ басқа бағдарламалық құрал қолданбаларын орнатпайды.
МАҢЫЗДЫ АҚПАРАТ: Планшет пайдалану кезінде, келесі əрекеттерді орындамас бұрын пернетақта қондырмасына тіркеңіз (таңдаулы үлгілерде ғана). 1. Компьютер басталған кезде f11 пернесін басыңыз. – немесе – Қуат түймешігін басқан кезде f11 пернесін басып ұстап тұрыңыз. 2. Пернетақта жаймасын таңдаңыз. 3. Жүктеу опцияларының мəзірінен Устранение неполадок (Ақаулықтарды жою) тармағын таңдаңыз. 4. Менеджер восстановления (Қалпына келтіру басқарушысы) тармағын таңдаңыз жəне экрандағы нұсқауларды орындаңыз.
НР қалпына келтіру бөлімін жоюдың алдында мына əрекеттер орындаңыз: 64 1. Бастау экранында восстановление (қалпына келтіру) деп жазып, одан кейін HP Recovery Manager (НР Қалпына келтіру көмекшісі) пəрменін таңдаңыз. 2. Remove Recovery Partition (Қалпына келтіру бөлімін жою) параметрін таңдаңыз да, жалғастыру үшін экрандағы нұсқауларды орындаңыз.
11 Техникалық сипаттамасы Тұтынылатын қуат Егер сіз компьютерді алып, халықаралық саяхат жасауды жоспарласаңыз, осы бөлімде берілген қуат туралы ақпарат пайдалы болуы мүмкін. Компьютер айнымалы немесе тұрақты ток көзінен келетін тұрақты ток арқылы жұмыс істейді. Айнымалы ток көзі 100–240 В, 50–60 Гц шамасында болуы керек. Компьютер бөлек тұрақты ток көзінен жұмыс жасаса да, ол тек НР компаниясы берген жəне осы компьютерге қолдану үшін ұсынған айнымалы ток адаптері немесе тұрақты ток көзіне қосылуы керек.
Жұмыс ортасы Фактор Метрикалық өлшемдер жүйесі АҚШ-та пайдаланылатын өлшемдер жүйесі Пайдалануға болатын 5 - 35°C 41 - 95°F Жұмыссыз режимде -20 мен 60°C арасында -4 пен 140°F арасында Температура Салыстырмалы ылғалдылық (конденсанцияланбайтын) Пайдалануға болатын 10 - 90% 10 - 90% Жұмыссыз режимде 5 - 95% 5 - 95% Пайдалануға болатын -15 м мен 3048 м арасында -50 фут пен 10000 фут арасында Жұмыссыз режимде -15 м мен 12 192 м арасында -50 мен 40000 фут арасында Ең жоғары биіктік (қысымс
12 Электростатикалық разряд Электростатикалық ток соғу — екі зат қатынасқа түскен кезде статикалық электр тогының соғуы, мысалы, кілем үстінде тұрып есіктің темір тұтқасын ұстағаннан болатын ток соғу. Саусақтар немесе басқа электростатикалық разряд өткізгіштерінен шығатын статикалық электр қуатының разряды электрондық бөліктерге зақым келтіруі мүмкін.
Индекс А ажыратымдылығы жоғары құрылғылар, жалғау 25 Айнымалы ток адаптері 6 айнымалы ток адаптері, тексеру 45 айнымалы ток адаптерін тексеру 45 астыңғы жағы 14 аудио мүмкіндіктері, тексеру 24 аудио мүмкіндіктерін тексеру 24 аудио шығыс (құлақаспап)/аудио кіріс (микрофон) ұясы 6, 22 Ə əрекеттер пернелері алдыңғы жолшық немесе бөлім 37 Анықтама жəне қолдау 37 анықтау 12 дыбыс деңгейін арттыру 37 дыбысты өшіру 37 келесі жолшық немесе бөлім 37 ойнату, кідірту, жалғастыру 37 сымсыз байланыс 37 төменгі дыбыс дең
өте төмен батарея деңгейі кезінде қосылады 43 шығу 40 Күту режимі қосу 39 шығу 39 күтім Дискіні дефрагментациялау құралы 47 Дискіні тазалау 48 кішірейтілген бейнені қалпына келтіру 62 Қ қалпына келтіру HP Recovery Manager 61 USB флэш картасы 63 Windows жүйесінің Файлдар журналы 61 дискілер 60, 63 жүйе 61 қолдау көрсетілетін дискілер 60 қосу 62 құрал 63 мүмкіндіктер 61 НР жүйені қалпына келтіру құралы көмегімен 60 қалпына келтіру бөлімі жою 63 қатты диск шамы 7 қауіпсіздік, сымсыз 18 қауіпсіздік кабелінің құ
амалдық жүйе 15 түймешігі 15 сымсыз желі, қорғау 54 сымсыз желі (WLAN) жұмыс ауқымы 19 корпоративтік WLAN қосылымы 19 қажет жабдық 18 қауіпсіздік 18 қоғамдық WLAN қосылымы 19 қосылу 19 пайдалану 17 сымсыз куəландыру белгісі 14 сыртқы айнымалы ток қуаты, пайдалану 44 сыртқы айнымалы ток қуатын пайдалану 44 Т температура 43 тұтынылатын қуат 65 түймешіктер сенсорлы тақтаның оң жағы 9 сенсорлы тақтаның сол жағы 9 түймешік 11 түпнұсқалық жүйені қалпына келтіру 61 тінтуір, сыртқы басым параметрлерді орнату 27 Ұ ұ
WLAN желісіне қосылу 19 WLAN жүйесін орнату 18 WLAN құрылғысы 14, 17