User's Guide

10 Жад пайдалану
Планшет жадын USB кабелі (тек таңдаулы үлгілерде)
арқылы пайдалану
Планшеттің өзіндік жадын USB кабелі арқылы пайдалану
1. Компьютерді қосып, планшетті пернетақта тұғырынан шығарып алыңыз.
2. USB кабелін планшетке, одан кейін басты компьютерге жалғаңыз.
ЕСКЕРІМ: Планшет басты компьютердің портативтік құрылғылар аймағында
көрсетілгенін тексеріңіз.
3. Қолдау көрсетілетін файлдарды көрсету үшін планшет белгішесін екі рет түртіңіз.
ЕСКЕРІМ: Файлдарды құрылғылар арасында көшірмелеуге болады. Қосымша ақпаратты
басты компьютерге арналған бағдарламалық құрал анықтамасынан қараңыз.
Сыртқы SD карталарын немесе USB жинақтағыш
құралдарын пайдалану
Сыртқы SD карталарын немесе USB жинақтағыш құралдарын пайдалану үшін
1. Компьютерді қосыңыз.
2. Шағын SD картасын немесе толық өлшемді SD картасын компьютер ұясына енгізіңіз
немесе USB жинақтағыш құралын жалғаңыз.
ЕСКЕРІМ: Компьютерде сыйымдылығы 32 Гбайтқа дейінгі SD карталарына немесе
шағын SD карталарына қолдау көрсетіледі.
ЕСКЕРІМ: Шағын SD картасын пайдалану кезінде, планшетті пернетақта тұғырынан
шығарып алыңыз. Толық өлшемді SD картасын немесе USB жинақтағыш құралын
пайдалану кезінде, планшетті пернетақта тұғырына қондыру қажет.
3. Сыртқы сақтау құрылғысындағы файлдарды ашыңыз.
ЕСКЕРІМ: Сыртқы сақтау құрылғысындағы файлдарды ашу туралы қосымша ақпаратты
құрылғыға арналған бағдарламалық құрал анықтамасынан қараңыз.
Планшет жадын USB кабелі (тек таңдаулы үлгілерде) арқылы пайдалану 19