User's Guide

Зауыттық параметрлерге қалпына келтіру
ЕСКЕРТУ: Бұл процедура барысында компьютерге қосылған барлық ақпарат жойылады.
Мүмкін болса, бұл процедураны жүзеге асырудың алдында жеке деректердің сақтық көшірмесін
жасаңыз.
Зауыттық параметрлерді қалпына келтіру үшін
1. Компьютерді өшіріп, айнымалы ток адаптерін жалғаңыз.
2. Параметрлер белгішесін пайдалану үшін, All apps (Барлық бағдарламалар) белгішесін,
одан кейін Settings (Параметрлер) белгішесін басыңыз.
3. ЖЕКЕ астында Сақтық көшірме жасау жəне бастапқы қалпына келтіру опциясын
таңдаңыз.
4. ЛИЧНЫЕ ДАННЫЕ (Жеке ақпарат) ішінен Сброс настроек (Зауыттық параметрлерге
қалпына келтіру) опциясын таңдаңыз жəне
экрандағы нұсқауларды орындаңыз.
Компьютерді қалпына келтіру мəзірін пайдалану
арқылы бастау
Компьютерді амалдық жүйе арқылы жүктеу мүмкін болмаса, жүйені Қалпына келтіру мəзірін
тікелей пайдалану арқылы қалпына келтіруге болады.
1. Компьютерді өшіріп, айнымалы ток адаптерін жалғаңыз.
2. Қалпына келтіру мəзірі көмегімен компьютерді жүктеу үшін, дыбыс деңгейін төмендету
пернесін басып ұстап тұрыңыз, одан кейін қуат пернесін басыңыз.
3. Дыбыс деңгейін жоғарылату жəне төмендету пернесі көмегімен wipe data/factory reset
(
деректерді өшіру/зауыттық параметрлерді қалпына келтіру) тармағын таңдаңыз, одан
кейін таңдауды құптау үшін қуат түймешігін басыңыз.
4. Дыбыс деңгейін жоғарылату жəне төмендету пернесі көмегімен Yes — delete all user data
(Иə, пайдаланушының барлық деректерін жою) тармағын таңдаңыз, одан кейін таңдауды
құптау үшін қуат түймешігін басыңыз.
5. Дыбыс деңгейін жоғарылату жəне төмендету пернесі көмегімен reboot system now (жүйені
қазір өшіріп қайта
жүктеу) тармағын таңдаңыз, одан кейін таңдауды құптау үшін қуат
түймешігін басыңыз.
Жүйені OTA (ауа бойынша) жаңарту мүмкіндігін
пайдалану арқылы жаңарту
1. Компьютерді өшіріп, айнымалы ток адаптерін жалғаңыз.
2. Компьютерді қосыңыз жəне Интернетке қосылыңыз.
3. Параметрлер белгішесін пайдалану үшін, All Apps (Барлық бағдарламалар) белгішесін,
одан кейін Settings (Параметрлер) белгішесін басыңыз.
4. Планшет туралы астында System updates (Жүйелік жаңартулар), одан кейін Check now
(Қазір тексеру) пəрмендерін таңдаңыз.
5. Экрандағы нұсқауларды орындап процесті аяқтаңыз. Жаңартулар орнатылғаннан кейін
жүйе жұмысты аяқтап
қайта жүктелуі мүмкін.
Зауыттық параметрлерге қалпына келтіру 17