User's Guide
9 Деректердің сақтық көшірмесін
жасау жəне қалпына келтіру
Келесі əдістер көмегімен сақтық көшірме жасауға жəне деректерді қалпына келтіруге болады.
Бағдарламаларды, виджеттерді жəне амалдық жүйені
жаңарту
НР компаниясы бағдарламалар, виджеттер мен амалдық жүйені жүйелі түрде соңғы
нұсқалармен жүйелі түрде жаңартуды ұсынады. Жаңартулар мəселелерді шешіп, планшетіңіз
жаңа мүмкіндіктер мен опциялар қосуы мүмкін. Технологиялар жүйелі түрде өзгеріп тұрады
жəне бағдарламалар, виджеттер мен амалдық жүйені жаңарту арқылы қолда бар ең соңғы
технологияларды планшетіңізде пайдалануға мүмкіндік беріледі. Мысалы, жаңартылмаған
бағдарламалар мен виджеттер амалдық
жүйенің ең соңғы нұсқасымен жұмыс істемеуі мүмкін.
Google Play дүкеніне өтіңіз жəне НР компаниясы немесе үшінші тарап жасаған бағдарламалар
мен виджеттердің ең соңғы нұсқаларын жүктеп алыңыз. Амалдық жүйе жүйенің жаңартуларын
автоматты түрде жүктеп отырады жəне оларды орнатуға дайын екені туралы сізді ескертеді.
Егер амалдық жүйені қолмен жаңартуды қаласаңыз,
http://www.hp.com/support мекенжайына
өтіңіз.
Жоғалған жағдайда мəліметтердің сақтық көшірмесін жасау жəне қалпына келтіру үшін
таңдаулы параметрлерді орнатуға болады.
Сақтық көшірме жасау жəне бастапқы қалпына келтіру
1. Компьютерді өшіріп, айнымалы ток адаптерін жалғаңыз.
2. Параметрлер белгішесін пайдалану үшін, All apps (Барлық бағдарламалар) белгішесін,
одан кейін Settings (Параметрлер) белгішесін басыңыз.
3. ЖЕКЕ астында Сақтық көшірме жасау жəне бастапқы қалпына келтіру опциясын
таңдаңыз.
4. Келесі параметрлердің біреуін таңдаңыз:
● Резервное копирование данных (Мəліметтердің сақтық көшірмесін жасау) –
бағдарламалар деректерінің, Wi-Fi құпия сөздерінің жəне Google серверлері үшін
басқа параметрлердің сақтық көшірмелерін жасау мақсатымен құсбелгіні қойыңыз.
● Сақтық көшірме жасауға арналған есептік жазба – сақтық көшірме жасау үшін
Google есептік жазбасын таңдаңыз.
●
Автоматическое восстановление (Автоматты түрде қалпына келтіру) – сақтық
көшірмесі жасалған параметрлер мен мəліметтерді бағдарлама қайта орнатылған
кезде қалпына келтіру үшін бұл құсбелгіні қойыңыз.
16 Бап 9 Деректердің сақтық көшірмесін жасау жəне қалпына
келтіру