User's Guide
8 Компьютерді қорғау
Компьютердегі ақпаратты рұқсатсыз пайдалануға жол бермеу үшін, экранды құлыптау əдісін
таңдаңыз. Қауіпсіздікті күшейту үшін компьютердегі ақпаратты шифрлағаныңыз жөн.
Экранды құлыптау параметрін орнату
1. Параметрлер белгішесін пайдалану үшін, All apps (Барлық бағдарламалар) белгішесін,
одан кейін Settings (Параметрлер) белгішесін басыңыз.
2. ЛИЧНЫЕ ДАННЫЕ (Жеке ақпарат) ішіндегі Безопасность (Қауіпсіздік) опциясын
басыңыз, одан кейін БЛОКИРОВКА ЭКРАНА (Экран қауіпсіздігі) ішіндегі Блокировать
экран (Экранды құлыптау) опциясын таңдаңыз.
3. Выбрать тип блокировки экрана (Экранды құлыптау түрін таңдау) ішінен экранды
құлыптау түрлерінің біреуін таңдаңыз жəне
экрандағы нұсқауларды орындаңыз.
ЕСКЕРІМ: Экранды құлыптау түрі бұрын таңдалған болса, құлыптау параметрлерін
өзгертпес бұрын, экран құлпын ашу қажет.
●
Саусақты жылжыту – экран құлпын саусағыңызды кез келген жаққа сырғыту арқылы
ашыңыз.
●
Пароль (Құпия сөз) – төрт немесе одан да көп əріп не санды теріңіз. Егер қатты
қорғалған құпия сөз таңдалған болса, бұл мүмкіндік жақсы қорғанысты қамтамасыз
етеді.
●
PIN-код (PIN коды) – экран құлпын ашу үшін төрт немесе одан да көп санды теріңіз.
●
Графический
ключ (Үлгі) – экран құлпын ашу үшін жалпы үлгіні сызыңыз.
4. Ие туралы ақпарат өрісіне экран құлыпталған кезде көрсетілетін мəтінді енгізіңіз.
Компьютердегі деректерді шифрлау
ЕСКЕРТУ: Шифрлау – кері айналмайтын процесс. Барлық ақпаратты өшіретін зауыттық
параметрлерге қалпына келтіруді жүргізу қажет.
Компьютер ұрланған жағдайда қосымша қорғауды қамтамасыз ету үшін, есептік жазбалар,
бағдарламалар деректері, музыка мен басқа медиа файлдарын қоса барлық деректерді жəне
жүктелген ақпаратты шифрлай аласыз. Компьютердегі деректер шифрланған болса,
компьютерді қосқан сайын ондағы ақпараттың шифрін ашу үшін PIN кодын немесе құпия сөзді
енгізу қажет.
ЕСКЕРТУ: Шифрлау бір сағат немесе одан да көп уақыт алуы мүмкін. Шифрлау процесі
тоқтатылған болса, деректер жоғалатын болады.
1. Экранды құлыптау үшін PIN кодын немесе құпия сөзді орнатыңыз.
2. Батареяны зарядтаңыз.
3. Параметрлер белгішесін пайдалану үшін, All Apps (Барлық бағдарламалар) белгішесін,
одан кейін Settings (Параметрлер) белгішесін басыңыз.
14 Бап 8 Компьютерді қорғау