User's Guide

6 Желілерге қосылу
Келесі бөлімде желілерге қосылу іс реті сипатталады.
Сымсыз желіге қосылу
Вебті ашып, электрондық пошта хабарламасын оқып немесе онлайн басқа əрекеттерді
орындаңыз.
ЕСКЕРІМ: Интернетке қосылмас бұрын сымсыз желіге қосылуыңыз керек.
1. Сымсыз желіге қосылу үшін, Все приложения (Барлық бағдарламалар) белгішесін түріп,
Настройки (Параметрлер) пəрменін таңдаңыз.
2. БЕСПРОВОДНАЯ СВЯЗЬ И СЕТИ (Сымсыз байланыс жəне желілер) мəзірінен Wi-Fi
опциясы таңдалғанына көз жеткізіңіз.
3. Wi-Fi белгішесін басыңыз, одан кейін көрсетілетін бар желілердің біреуін таңдаңыз.
4. Қажет болса, қауіпсіздік кодын теріңіз жəне Подключение (Қосылу) пəрменін таңдаңыз.
ЕСКЕРІМ: Бұрын қосылған сымсыз желіні жою үшін, желінің атын басып, Забыть (Ұмыту)
түймешігін басыңыз.
Bluetooth® бойынша қосылу
Гарнитура, пернетақта немесе тінтуір сияқты Bluetooth құрылғысын компьютеріңізбен жұптаңыз.
1. Bluetooth құрылғысына қосылу үшін, Bluetooth құрылғысын қосыңыз.
2. Все приложения (Барлық бағдарламалар) белгішесін, одан кейін Настройки
(Параметрлер) белгішесін басыңыз.
3. БЕСПРОВОДНАЯ СВЯЗЬ И СЕТИ (Сымсыз байланыс жəне желілер) аймағындағы
Bluetooth мүмкіндігін қосыңыз жəне Bluetooth белгішесін басыңыз.
4. Құрылғыңызды жақын арадағы барлық Bluetooth құрылғыларына көрінетін етіп жасау үшін,
оның атын түртіңіз.
5. Бар Bluetooth құрылғыларын табу үшін, ПОИСК УСТРОЙСТВ (Құрылғыларды іздеу)
пəрменін таңдаңыз.
6. Құрылғыны түртіп, жұптауға арналған экрандағы нұсқауларды орындаңыз.
ЕСКЕРІМ: Батареяны пайдалану мерзімін ұзарту үшін, пайдаланбаған кезде Bluetooth
мүмкіндігін өшіріңіз.
Сымсыз желіге қосылу 11