User's Guide

5 Камераларды пайдалану
Артқы камера арқылы фотосуреттерді алыңыз жəне алдыңғы камера арқылы фотосуреттер
мен экран суреттерін алыңыз.
Артқы камера арқылы фотосуреттер алу
1. Камера бағдарламасын ашу үшін, All Apps (Барлық бағдарламалар) белгішесін, одан
кейін HP Camera (НР камерасы) белгішесін басыңыз.
2. Фотосурет алу үшін, фокусты нысанға бағыттаңыз, одан кейін көк түсті шеңберді басыңыз.
Фотосурет галереяға сақталады.
Алдыңғы камера арқылы фотосурет алу
Альбомдық режимде алдыңғы камера көмегімен фотосуретке түсіру үшін, көк шеңбердің
үстіндегі шеңберді түртіп, бұрылатын камера белгішесін басыңыз жəне фотосурет алу
мақсатымен көк шеңберді түртіңіз. Фотосурет галереяға сақталады.
ЕСКЕРІМ: Алдыңғы камера көмегімен өзіңізді фотосуретке түсіре аласыз.
Бейне жазу
1. Камера бағдарламасын ашу үшін, All apps (Барлық бағдарламалар) белгішесін, одан кейін
HP Camera (НР камерасы) белгішесін басыңыз.
2. Бейне жазу үшін альбомдық режимде көк түсті шеңбердің астында орналасқан бейне
камера белгішесін басыңыз.
Көк түсті шеңбердің түсі қызыл түске өзгереді.
3. Жазуды бастау үшін қызыл түсті шеңберді басыңыз.
4. Жазуды тоқтату үшін қызыл түсті шеңберді басыңыз
. Бейне галереяға сақталады.
Экран суретін алу
Қуат түймешігін жəне дыбыс деңгейін төмендету түймешігін бір уақытта басып ұстап
тұрыңыз. Экран суреті Галереяға сақталады.
ЕСКЕРІМ: Экран суретін жасау үшін пернетақтадағы prt sc (print screen) түймешігін басыңыз.
Артқы камера арқылы фотосуреттер алу 9