User's Guide

Gmail есептік жазбасын қосу
1. Все приложения (Барлық бағдарламалар) белгішесін, одан кейін Настройки
(Параметрлер) белгішесін басыңыз.
2. ЕСЕПТІК ЖАЗБАЛАР ішіндегі Есептік жазбаны қосу пəрменін таңдаңыз.
3. Google опциясын басып, экрандағы нұсқауларды орындаңыз.
4. Gmail есептік жазбаңызға кіру үшін Басты немесе Барлық бағдарламалар экранындағы
Gmail белгішесін басыңыз.
Күнтізбені пайдалану
Күнтізбені ашу үшін Басты немесе Барлық бағдарламалар экранындағы Күнтізбе
белгішесін басыңыз.
Күнтізбе бағдарламасын Басты экранға қосу үшін, Күнтізбе белгішесі Басты экранда
пайда болғанша оны түртіп ұстап тұрыңыз.
ЕСКЕРІМ: Google есептік жазбасын қосқан кезде, есептік жазбамен байланысты
электрондық пошта, күнтізбе жəне контактілер автоматты түрде қадамдастырылады.
Google Now пайдалану
Google Nowжұмыстан үйге бару кезіндегі ақпаратты көрсету үшін, күн уақыты, ағымдағы
орналасу орны мен орналасқан орындардың журналын пайдаланады. Веб журналы
немесе күнтізбе сияқты Google өнімдерінен ақпарат кездесу туралы ескертулерді,
карталарды, спорттық ойындар есептерін жəне ұшақ рейстерін көрсету үшін
пайдаланылады.
Google Now кіру үшін, Басты түймешігін басып тұрып, саусақты Google шеңберлер
белгішесіне қарай сырғытыңыз жəне экрандағы
нұсқауларды орындаңыз.
Google Now карточкаларын көрсету үшін, Басты түймешігін басып тұрып, саусақты Google
шеңберлер белгішесіне қарай сырғытыңыз жəне экрандағы нұсқауларды орындаңыз.
Сағатты пайдалану
Басты экрандағы Сағат виджетін басыңыз немесе All apps (Барлық бағдарламалар)
белгішесін түртіп, Сағат белгішесін басыңыз.
Сағат белгішесін Басты экранға қосу үшін, Сағат белгішесі Басты экранда пайда болғанша
оны түртіп ұстап тұрыңыз.
Оятқышты қосу үшін, Сағат белгішесін, одан кейін Оятқышты орнату опциясын басыңыз
жəне экрандағы нұсқауларды орындаңыз. Аяқталған соң Дайын түймешігін басыңыз.
Gmail есептік жазбасын қосу 7