Пайдаланушы нұсқаулығы
© Copyright 2013 Hewlett-Packard Development Company, L.P. Bluetooth өз меншік иесінің сауда белгісі болып табылады жəне оны HewlettPackard компаниясы лицензия бойынша пайдаланады. Google жəне басқа сауда белгілері – Google Inc. Корпорациясының жеке меншігі. Осы құжатта берілген ақпарат ескертусіз өзгертіледі. HP өнімдері мен қызметтеріне кепілдік тек осындай өнімдермен жəне қызметтермен бірге келетін тікелей кепілдік мəлімдемелерінде беріледі.
Maзмұны 1 Негіздер ........................................................................................................................................................... 1 2 Android мүмкіндіктерін пайдалану ............................................................................................................ 2 Экрандағы пернетақтаны жəне дыбыстық іздеу мүмкіндіктерін пайдалану .................................. 2 Жылдам теңшелімдерді пайдалану .....................................................
Компьютердегі деректерді шифрлау .............................................................................................. 14 9 Деректердің сақтық көшірмесін жасау жəне қалпына келтіру ............................................................ 16 Бағдарламаларды, виджеттерді жəне амалдық жүйені жаңарту ................................................. 16 Сақтық көшірме жасау жəне бастапқы қалпына келтіру ...............................................................
1 Негіздер Компьютеріңізді пайдалануға кірісу үшін, мына нұсқауларды орындаңыз: ЕСКЕРІМ: Жалпы пайдалану нұсқауларын компьютермен бірге жеткізілетін қораптағы Орнату жөнінде нұсқаулардан қараңыз. 1. Компьютерді адаптерге қосып, одан кейін адаптерді қуат розеткасына жалғаңыз. ЕСКЕРІМ: Компьютеріңізбен бірге жеткізілетін адаптері ғана планшетті зарядтауға ұсынылады. 2. Компьютерді қосу үшін оның жоғарғы жиегіндегі қуат түймешігін басып ұстап тұрыңыз.
2 Android мүмкіндіктерін пайдалану Төменде жалпы Android мүмкіндіктерінің тізімі беріледі. Экрандағы пернетақтаны жəне дыбыстық іздеу мүмкіндіктерін пайдалану ЕСКЕРІМ: Экрандағы пернетақтаны көру үшін, планшетті ең алдымен пернетақта тұғырынан шығарып алу қажет. Шығару жөнінде нұсқауларды компьютермен бірге басылған пішінде жеткізілетін қораптағы Орнату жөнінде нұсқаулардан қараңыз. ● Экрандағы пернетақтаны ашу үшін, Негізгі экранның жоғарғы жағындағы іздеу жолағының мəтін өрісін түртіңіз.
Gesture Typing (Үздіксіз енгізуді) пайдалану Əр таңбаны енгізудің орнына, сөзді саусағыңызды экраннан көтермей жазу үшін Gesture Typing (Үздіксіз енгізу) мүмкіндігін пайдаланыңыз. Бос орындар сөздер арасына автоматты түрде енгізіледі. Саусағыңызды терілетін таңбалар үстіне жылжытыңыз жəне сөз аяқталғанда саусақты экраннан көтеріңіз. Экранды үлкейтуді пайдалану Көру қабілеті нашар пайдаланушылар толық экранға үлкейту режимін экранды үш рет түрту арқылы қоса алады. Бұл мүмкіндікті қосу үшін 1.
3 Басты экранды шарлау Негізгі экран орталық орынды береді, онда ақпарат пен электрондық поштаға қол жеткізуге, вебті шолуға, бейнелерді жылдам көрсетуге, фотосуреттерді көруге жəне əлеуметтік мультимедиа веб-сайттарын ашуға болады. ЕСКЕРІМ: мүмкін. Компьютеріңіздің Негізгі экранының көрінісі мына суреттегіден өзгешелеу болуы ● Хабарландыруларды көрсету үшін саусақты жоғары сол жақ жиектен сырғытыңыз. ● Жылдам теңшелімдерді көрсету үшін саусақты жоғары оң жақ жиектен сырғытыңыз.
Белгіше Сипаттама (3) Главный экран (Басты экран) – Орталық Басты экранды ашады. (4) (5) ● Сол немесе оң жақ Басты экранды көру үшін, саусақты сол жаққа немесе оң жаққа сырғытыңыз. ● Негізгі экранға жылдам оралу үшін, Основной (Негізгі) белгішесін басыңыз. Недавние приложения (Соңғы рет ашылған бағдарламалар) – Соңғы рет ашылған бағдарламалар тізімін ашады. ● Бағдарламаны ашу үшін оны түртіңіз.
4 Бағдарламаларды жəне виджеттерді пайдалану ЕСКЕРІМ: Gmail, Google Now сияқты Google бағдарламалары жəне басқа қолданбалар кейбір аймақтарда қолжетімді болмауы мүмкін. Бағдарламалар – Басты экрандағы ендер. Олар компьютеріңізге орнатылған қолданбаларды ашу үшін пайдаланылады. ● Барлық бағдарламаларды көру үшін кез келген Басты экранда орналасқан таңдаулылар тақтасындағы All Apps (Барлық бағдарламалар) белгішесін түртіңіз. ● Бағдарламаны ашу үшін оның белгішесін басыңыз.
Gmail есептік жазбасын қосу 1. Все приложения (Барлық бағдарламалар) белгішесін, одан кейін Настройки (Параметрлер) белгішесін басыңыз. 2. ЕСЕПТІК ЖАЗБАЛАР ішіндегі Есептік жазбаны қосу пəрменін таңдаңыз. 3. Google опциясын басып, экрандағы нұсқауларды орындаңыз. 4. Gmail есептік жазбаңызға кіру үшін Басты немесе Барлық бағдарламалар экранындағы Gmail белгішесін басыңыз. Күнтізбені пайдалану ● Күнтізбені ашу үшін Басты немесе Барлық бағдарламалар экранындағы Күнтізбе белгішесін басыңыз.
Бағдарламаларды жүктеп алу Бағдарламаларды, музыканы, ойындарды жəне басқаларды Google Play Store дүкенінен (тек таңдаулы үлгілерде) жүктеп алыңыз. ЕСКЕРІМ: Жүйемен сыйысымды емес бағдарламалар Google Play көмегімен сүзгіленеді. 1. All Apps (Барлық бағдарламалар) белгішесін, одан кейін Play Store (Play дүкені) белгішесін түртіңіз. 2. Санатты таңдаңыз. – немесе – Поиск (Іздеу) белгішесін басыңыз, одан кейін іздеу жолағында кілт сөзді теріңіз. 3. Экрандағы нұсқауларды орындаңыз. Бағдарламаларды жою 1.
5 Камераларды пайдалану Артқы камера арқылы фотосуреттерді алыңыз жəне алдыңғы камера арқылы фотосуреттер мен экран суреттерін алыңыз. Артқы камера арқылы фотосуреттер алу 1. Камера бағдарламасын ашу үшін, All Apps (Барлық бағдарламалар) белгішесін, одан кейін HP Camera (НР камерасы) белгішесін басыңыз. 2. Фотосурет алу үшін, фокусты нысанға бағыттаңыз, одан кейін көк түсті шеңберді басыңыз. Фотосурет галереяға сақталады.
Фотосуреттер мен бейнелерді көру ● Галереядағы фотосуреттерді көру үшін All apps (Барлық бағдарламалар) белгішесін, одан кейін Gallery (Галерея) белгішесін түртіңіз. ● Фотосуретті жою үшін, фотосуреттерді басып, экранның жоғары оң жақ бұрышындағы Мəзір белгішесін басып, Delete (Жою) түймешігін түртіңіз. Қайталама фотосуреттерді жою үшін, бір фотосуретті басып ұстап, қосымша фотосуреттерді түртіңіз, одан кейін экранның жоғары оң жақ бұрышындағы Remove (Жою) белгішесін басыңыз.
6 Желілерге қосылу Келесі бөлімде желілерге қосылу іс реті сипатталады. Сымсыз желіге қосылу Вебті ашып, электрондық пошта хабарламасын оқып немесе онлайн басқа əрекеттерді орындаңыз. ЕСКЕРІМ: Интернетке қосылмас бұрын сымсыз желіге қосылуыңыз керек. 1. Сымсыз желіге қосылу үшін, Все приложения (Барлық бағдарламалар) белгішесін түріп, Настройки (Параметрлер) пəрменін таңдаңыз. 2. БЕСПРОВОДНАЯ СВЯЗЬ И СЕТИ (Сымсыз байланыс жəне желілер) мəзірінен Wi-Fi опциясы таңдалғанына көз жеткізіңіз. 3.
7 Параметрлерді пайдалану Параметрлер белгішесін желілерге қосылу, таңдаулы параметрлерді орнату жəне компьютер туралы ақпаратты табу үшін пайдаланыңыз. ▲ Параметрлер белгішесін пайдалану үшін, All apps (Барлық бағдарламалар) белгішесін, одан кейін Settings (Параметрлер) белгішесін басыңыз. –немесе– Саусақты жоғары оң жақ бұрыштан сырғытып, Settings (Параметрлер) белгішесін түртіңіз.
● ЖЕКЕ – орналасу орындарын көру, қауіпсіздік, тіл, пернетақта жəне сақтық көшірме жасау параметрлерін орнату. ◦ Орналасқан орнына байланысты қызметтер – Орналасқан орны опциясын қосу немесе өшіру. ◦ Қауіпсіздік – ЭКРАН ҚАУІПСІЗДІГІ, ҚҰПИЯ СӨЗДЕР, ҚҰРЫЛҒЫНЫ БАСҚАРУ, ШИФРЛАУ жəне ЕСЕПТІК ДЕРЕКТЕРДІҢ САҚТАЛУЫ опциялары үшін таңдаулы параметрлерді орнату.
8 Компьютерді қорғау Компьютердегі ақпаратты рұқсатсыз пайдалануға жол бермеу үшін, экранды құлыптау əдісін таңдаңыз. Қауіпсіздікті күшейту үшін компьютердегі ақпаратты шифрлағаныңыз жөн. Экранды құлыптау параметрін орнату 1. Параметрлер белгішесін пайдалану үшін, All apps (Барлық бағдарламалар) белгішесін, одан кейін Settings (Параметрлер) белгішесін басыңыз. 2.
4. ЖЕКЕ астында Қауіпсіздік пəрменін таңдаңыз жəне Шифрлау астында Планшеттегі деректерді шифрлау пəрменін таңдаңыз. ЕСКЕРІМ: Шифрлау туралы ақпаратты мұқият оқыңыз. Егер батарея зарядталмаған немесе компьютер қуат көзіне жалғанбаған кезде Планшеттегі деректерді шифрлау түймешігі жұмыс істемейді. Компьютердегі деректерді шифрлау туралы шешіміңізді өзгертсеңіз, Артқа түймешігін басыңыз. 5. Экранды құлыптау үшін PIN кодын немесе құпия сөзді енгізіп, Жалғастыру түймешігін басыңыз. 6.
9 Деректердің сақтық көшірмесін жасау жəне қалпына келтіру Келесі əдістер көмегімен сақтық көшірме жасауға жəне деректерді қалпына келтіруге болады. Бағдарламаларды, виджеттерді жəне амалдық жүйені жаңарту НР компаниясы бағдарламалар, виджеттер мен амалдық жүйені жүйелі түрде соңғы нұсқалармен жүйелі түрде жаңартуды ұсынады. Жаңартулар мəселелерді шешіп, планшетіңіз жаңа мүмкіндіктер мен опциялар қосуы мүмкін.
Зауыттық параметрлерге қалпына келтіру ЕСКЕРТУ: Бұл процедура барысында компьютерге қосылған барлық ақпарат жойылады. Мүмкін болса, бұл процедураны жүзеге асырудың алдында жеке деректердің сақтық көшірмесін жасаңыз. Зауыттық параметрлерді қалпына келтіру үшін 1. Компьютерді өшіріп, айнымалы ток адаптерін жалғаңыз. 2. Параметрлер белгішесін пайдалану үшін, All apps (Барлық бағдарламалар) белгішесін, одан кейін Settings (Параметрлер) белгішесін басыңыз. 3.
Жүйені файлдарға негізделген жаңарту мүмкіндігін пайдалану арқылы жаңарту 18 1. Компьютерді өшіріп, айнымалы ток адаптерін жалғаңыз. 2. Тиісті Softpaq файлын http://www.hp.com мекенжайынан жүктеңіз. 3. update.zip файлын тауып, SD картасына сақтаңыз. 4. Компьютерді өшіріңіз, одан кейін update.zip файлы бар SD картасын компьютерге енгізіңіз. 5. Дыбыс деңгейін төмендету пернесін басып тұрып, қалпына келтіру мəзірі арқылы жүктеу үшін қуат түймешігін басыңыз. 6.
10 Жад пайдалану Планшет жадын USB кабелі (тек таңдаулы үлгілерде) арқылы пайдалану Планшеттің өзіндік жадын USB кабелі арқылы пайдалану 1. Компьютерді қосып, планшетті пернетақта тұғырынан шығарып алыңыз. 2. USB кабелін планшетке, одан кейін басты компьютерге жалғаңыз. ЕСКЕРІМ: Планшет басты компьютердің портативтік құрылғылар аймағында көрсетілгенін тексеріңіз. 3. Қолдау көрсетілетін файлдарды көрсету үшін планшет белгішесін екі рет түртіңіз.
Сыртқы SD карталарын немесе USB жинақтағыш құралдарын алу немесе ажырату 20 ЕСКЕРІМ: Ажыратпас бұрын сыртқы сақтау құрылғысын əрқашан алыңыз. ЕСКЕРІМ: Шағын жад карталарын алу үшін мына іс ретін пайдаланыңыз. 1. Басты түймешігін басып, All Apps (Барлық бағдарламалар) белгішесін, одан кейін Settings (Параметрлер) белгішесін басыңыз. 2. ҚҰРЫЛҒЫ, Сақтау, SD Card/USB Storage (SD картасы/USB сақтау құралы), одан кейін Unmount USB storage (USB сақтау құралын алу) пəрмендерін таңдаңыз. 3.
11 Қосымша HP ресурстары Өнім туралы егжей-тегжейлі мəліметтер, əдістер, т.б. туралы ақпарат алу үшін осы кестені көріңіз. Ресурс Мазмұны Дүние жүзі бойынша НР қолдау ● HP маманымен желіде сөйлесу. АҚШ-та қолдау қызметін пайдалану үшін http://www.hp.com/go/contactHP мекенжайына өтіңіз. Дүние жүзі бойынша қолдау қызметін пайдалану үшін http://welcome.hp.com/country/us/en/ wwcontact_us.html мекенжайына өтіңіз. ● Электрондық пошта арқылы қолдау. ● Қолдау қызметінің телефон нөмірлері.