Legal, safety and environmental considerations

Пайдаланушы нұсқаулығы 7
Ноутбук, үстелді компьютер, жұқа компьютер немесе дербес жұмыс
компьютеріне арналған қауіпсіздік ескертпелері
Å АБАЙ БОЛЫҢЫЗ! Ауыр жарақат алу қаупін азайту үшін, Руководство по безопасной и комфортной
работе (Қауіпсіз және қолайлы ұмыс жасау) нұсқаулығын оқыңыз. Мұнда компьютер
пайдаланушылары үшін компьютерді қосу және жұмыс орнын дұрыс реттеу жолдары,
денсаулық сақтау шаралары және компьютермен жұмыс істеу ережелері сипатталады және
механикалық жабдықтармен жұмыс істегенде қадағаланатын қауіпсіздік ережелері беріледі.
Бұл нұсқаулық http://www.hp.com/ergo мекенжайындағы веб-торапта бар.
Жылуға байланысты ескерту туралы ескертпесі
Å АБАЙ БОЛЫҢЫЗ! Қызып кетумен байланысты зақымдарды немесе компьютердің қатты қызып
кету жағдайын азайту үшін компьютері тізеңізге қоймаңыз немесе компьютердің ауа желдеткішін
бітемеңіз. Компьютерді тек қатты, тегіс беттің үстіне қойып пайдаланыңыз. Ноутбукке жалғанған
қосымша принтер сияқты қатты беттің немесе жастық, кілем немесе мата сияқты жұмсақ беттің
ауа ағынын бөгеуіне жол бермеңіз. Компьютермен жұмыс істеу кезінде айнымалы ток адаптерінің
дене немесе жастық, кілем немесе киім сияқты жұмсақ заттармен қатынасуына да жол бермеңіз.
Компьютер және айнымалы ток адаптері Ақпараттық технология жабдығы қауіпсіздігінің
халықаралық стандарты (IEC/EN 60950) арқылы белгіленетін пайдаланушыға рұқсат етілген
бет температурасына сай келеді.
Мүмкін қауіпсіздік жағдайлары туралы ескертпе
Егер мына жағдайлардың кез келгені байқалса (немесе егер басқа да қауіпсіздік мәселелері туралы
сұрақ болса), компьютерді пайдаланбаңыз: сатырлау, ысылдау немесе жарылу дыбысы естілсе,
компьютер ішінен қатты иіс немесе түтін шықса. Ішкі электрондық бөлік қауіпсіз және басқарылатын
күйде істен шыққан кезде бұл қалыпты құбылыс. Бірақ, аталған жағдайлар мүмкін қауіпсіздік
проблемасының орын алғанын көрсетуі мүмкін. Бұл қауіпсіз проблема екенін ойлауға болмайды.
Компьютерді өшіріп, оны қуат көзінен ажыратып, көмек алу үшін техникалық қолдау қызметімен
хабарласыңыз.
Дыбыс құралы мен құлаққап дауысының деңгейі туралы ескертпе
Å АБАЙ БОЛЫҢЫЗ! Ұзақ уақыт бойынша музыканы қатты дауыста тыңдау есту қабілетінің
нашарлауына әкеліп соғуы мүмкін. Есту қабілетінің нашарлау қаупін азайту үшін дауысты
ыңғайлы тыңдау деңгейіне дейін азайтып, қатты дауыста тыңдау уақытын қысқартыңыз.
Өз қауіпсіздігіңіз үшін дауыс құралы мен құлаққапты пайдаланудың алдында әрқашан дыбысты
азайтыңыз. Бірдей дыбыс басқару параметрлері қолданылса да, кейбір дауыс құралдарының
дыбыс деңгейі басқа құрылғыларға қарағанда қаттырақ болуы мүмкін.
Әдепкі дыбыс параметрлерін не эквалайзер параметрлерін өзгерту дыбыстың қатты шығуына
әкеліп соғуы мүмкін, сондықтан абайлап жасау қажет.
Өз қауіпсіздігіңіз үшін осы өніммен пайдаланылатын дауыс құралдары мен құлақаспаптар EN
50332-2 стандарты шектеулеріне сәйкес қолданылуы тиіс.
Компьютер дауыс құралы немесе құлаққапты қамтитын болса, ол EN 50332-1 стандартына сәйкес
келеді.
Қуат кабелі туралы ескертпелер
Å АБАЙ БОЛЫҢЫЗ! Электр тогының соғу немесе жабдықты зақымдау қаупін азайту үшін
Қуат сымын барлық кезде оңай қол жететін айнымалы ток розеткасына қосыңыз.
Қуат сымын розеткадан суырып, компьютерді ажыратыңыз (қуат сымын компьютерден
суырып алмаңыз).
Қуат сымы 3 істікшелі ажыратқышпен берілсе, оны (жерге қосылған) 3 істікшелі розеткаға
қосыңыз. Қуат сымының жерге қосу істікшесін, мысалы, 2 істікшелі адаптер пайдалану
арқылы ажыратуға болмайды. Жерге қосу істікшесі қауіпсіз пайдалануды қамтамасыз етуде
маңызды болып табылады.
Å АБАЙ БОЛЫҢЫЗ! Мүмкін сақтық шараларына қатысты мәселелерді болдырмау үшін,
компьютермен қамтамасыз етілетін айнымалы ток адаптерін, HP қамтамасыз ететін ауыстырғыш
айнымалы ток адаптерін немесе HP компаниясынан сатып алынған айнымалы ток адаптерін ғана
пайдаланыңыз.
NB__CP_Maya_RegGuide_730280-DF3.book Page 7 Thursday, June 26, 2014 11:05 AM