Legal, safety and environmental considerations

6 Пайдаланушы нұсқаулығы
Ұшақта қолдану туралы ескертпе
Электрондық жабдықты коммерциялық ұшақ бортында қолдану авиакомпания арқылы белгіленеді.
Батарея туралы хабарлама
Зауытта пломбаланған батареяны шығарып алмаңыз немесе ауыстырмаңыз. Батареяны алу немесе
ауыстыру кепілдік күшіне әсер етуі мүмкін. Батареяның заряды тез бітетін болса, қолдау қызметімен
хабарласыңыз.
Батареяны пайдалану мерзімі аяқталғанда, оны жалпы үй қалдықтарымен бірге қоқысқа тастамаңыз.
Батареяны қоқысқа тастау кезінде, жергілікті заңдарды және аймағыңызда қолданылатын
ережелерді орындаңыз.
Қуат кабелі туралы ескертпе
Компьютерді не қосымша құралды электр тогына қосу үшін мемлекет пен аймағыңызда қолдануға
рұқсат етілген қуат кабелі жабдық жинағына кірмеген жағдайда оны сатып алу қажет.
Қуат кабелі құрылғыда бейнеленген қуат кернеуі мен электр тогы ақпаратына сәйкес келетін
жабдықпен қолданылуы қажет. Кабельдің кернеуі мен ағымдық электр тогы өнімде бейнеленген
кернеу мен электр тогынан асатын мәнге сәйкес болуы қажет. Сонымен бірге, кабель диаметрі кем
дегенде 0,75 мм²/18AWG, ал ұзындығы 1,0 м (3,2 фут) және 2 м (6,56 фут) аралығында болуы қажет.
Қуат кабелінің пайдаланылатын түрі туралы сұрақтарыңыз болса, бекітілген қызмет көрсетушімен
байланысыңыз.
Қуат кабелін жүретін жолға орналастырмаңыз және қандай да болмасын заттың басып тұруына жол
бермеңіз. Сым ашасы, розетка және қуат кабелі өнімнен шығатын жерге басты назар аудару қажет.
ENERGY STAR® талаптарына сәйкестік
ENERGY STAR бағдарламасының серіктесі ретінде Hewlett-Packard компаниясы ENERGY STAR логотипі
бар құрылғылардың ENERGY STAR бағдарламасының ENERGY STAR энергия үнемдеу талаптарына
сәйкес келетінін растау үшін ЕРА ұйымының жақсартылған өнім бақылау мен сертификаттау процессін
орындады. Келесі логотип ENERGY STAR компаниясымен сертификатталған барлық компьютерлерде бар:
Қоршаған ортаны қорғау ұйымы компьютерлерге ENERGY STAR бағдарламасын үйде, кеңселерде
және зауыттарда энергияны үнемдейтін жабдықтарды қолданғанда энергияны үнемдеу және ауаны
ластанудан қорғау үшін жасап шығарды. Өнімдердің осы жетістікке қол жеткізуінің бір жолы өнім
пайдаланылмаған кезде энергияны жұмсауды азайтатын қуатты басқару мүмкіндігін пайдалану
болып табылады. Қуатты басқару мүмкіндігі пайдаланушы жұмыс істемеген белгілі бір уақыттан кейін
компьютерді төмен деңгейде қуатты қолдану немесе «ұйықтық» күйіне ауыстырады. ENERGY STAR
талаптарына сәйкес келетін ішкі мониторды пайдаланғанда да монитордың қуатты басқару
мүмкіндіктерімен сәйкес қолдау көрсетіледі. Энергияны үнемдеудің мүмкіндіктерін пайдалану үшін
қуатты басқару мүмкіндігі төмендегі жолмен жұмыс жасауға бейімделген жүйе айнымалы ток көзінен
қызмет атқарып тұрғанда:
<= 15 минуттан кейін дисплейді өшіру (модельге байланысты өзгеше болады)
<= 30 минуттан кейін ұйықтық күйді бастау (модельге байланысты өзгеше болады)
Қуат немесе ұйықтық түймешіктері басылғанда компьютер ұйықтық күйден шығады. Wake On LAN
(WOL) мүмкіндігі қосулы болғанда компьютерді ұйықтық күйден желі сигналы арқылы шығаруға да
болады.
Қуатты басқару мүмкіндігінің энергияны және қаражатты үнемдеу туралы қосымша ақпаратты EPA
ENERGY STAR Power Management веб-торабының мына мекенжайынан қараңыз:
http://www.energystar.gov/powermanagement.
ENERGY STAR бағдарламасы және оның қоршаған
ортаға пайдасы туралы қосымша ақпаратты EPA
ENERGY STAR веб-торабының мына мекенжайынан қараңыз: http://www.energystar.gov.
Жапонияда қуат кабелін қолдану туралы ескертпе
Macrovision корпорациясы хабарламасы
Құрылғыда АҚШ патенті арқылы қорғалған авторлық құқықты қорғау технологиясы және Macrovision
Корпорациясы мен басқа құқық иеленушілерге тиісті парасатты меншікке арналған басқа құқықтар
пайдаланылады. Авторлық құқықты қорғау технологиясын пайдалану Macrovision корпорациясы
арқылы рұқсат етілген болуы қажет. Бұл технология Macrovision корпорациясы арқылы басқа
қолданысқа рұқсат етілген болмаса, тек қана үйде және басқа шектелген қарау шарттарында
қолдануға
ғана арналған. Жасақтау және қайта жобалауға рұқсат берілмейді.
NB__CP_Maya_RegGuide_730280-DF3.book Page 6 Thursday, June 26, 2014 11:05 AM