Legal, safety and environmental considerations
Пайдаланушы нұсқаулығы 3
Ä АБАЙЛАҢЫЗ: Сымсыз желінің IEEE 802.11a стандарты пайдаланылғанда өнім 5,15 – 5,25 ГГц
жиілік ауқымы аралығында жұмыс істегендіктен, тек қана ғимарат ішінде қолданылумен
шектеледі. Канада өндірістік министрлігі сол жиілікте жасап жатқан мобильді спутник
жүйелеріне зиянды кедергі туындаудан аулақ болу үшін өнімді 5,15 – 5,25 ГГц жиілік ауқымы
аралығына арналған ғимарат ішінде қолдануды талап етеді. 5,25 – 5,35 ГГц және 5,65 – 5,85 ГГц
аралығындағы жеке жиіліктер жоғарғы қуатты радиолокациялық станцияларға арналған
пайдалану жиіліктері болып табылады. Радиолокациялық станциялар кедергілер мен
құрылғыға зиян келтіруі мүмкін.
Құрылғыға арналған антенналар ауыстырылмайды. Пайдаланушының құрылғыны өзгертуге
жасаған кез келген талпынысы компьютерге зиян келтіруі мүмкін.
Еуропа Одағына арналған заңдық ескертпелер
Сәйкестік туралы мәлімдеме
СЕ белгісі бар құрылғылар қолданылатын ЕО директиваларының біреуі немесе бірнешеуінің
талаптарына сай келеді:
Төмен кернеуге арналған 2006/95/EC директивасы; Электромагниттік сәйкестік туралы 2004/108/EC
директивасы; Экодизан туралы 2009/125/EC директивасы; R&TTE 1999/5/EC директивасы Зиянды
заттар туралы 2011/65/EU директивасы
Бұл директиваларға сәйкестік Еуропада қолданылатын келісілген стандарттарды пайдалану арқылы
анықталады.
Сәйкестік туралы мәлімдемені мына веб-торапта табуға болады: www.hp.eu/certificates
(Өнім моделінің аты немесе техникалық деректер жапсырмасында орналасқан техникалық үлгі нөмірі
бойынша іздеңіз).
Нормативтік мәселелер туралы сұрақтарыңыз болса, мына мекенжайға хабарласыңыз:
Hewlett-Packard GmbH, Dept./MS:HQ-TRE, Herrenberger Strasse 140, 71034 Boeblingen, GERMANY.
Сымсыз байланыс мүмкіндігі (EMF) бар құрылғылар
Бұл құрылғы радио жиілік сәулеленуінің әсер етуі жөніндегі халықаралық нұсқаулардың (ICNIRP)
талаптарына сәйкес келеді.
Осы жабдықтың радио таратқыш және қабылдағыш құрылғысы бар. Ноутбукті, үстелді компьютерді,
жұқа компьютерді немесе дербес жұмыс компьютерін қалыпты түрде пайдалану кезінде, егер
құрылғылар арасында арақашықтық 20 см болса, радио жиілігінің әсер ету деңгейлері Еуропа
Одағындағы стандарттарға сәйкес келеді. Жақын арақашықтықта пайдаланылатын планшеттік
компьютерлер сияқты құрылғылардың антенналарына кем дегенде 1 см-ге жақындамау стандартты
жұмыс жағдайларында Еуропа Одағында қолданылатын талаптарға сәйкес келеді.
Сымсыз байланыс мүмкіндігі бар құрылғы үшін шектеулер
Бұл құрылғы Исландия, Лихтенштейн, Норвегия және Швейцария сияқты ЕО елдерінде шектеусіз
пайдалануға арналған.
Австралия мен Жаңа Зеландияға арналған ескертпе
Осы жабдықтың құрамында радио таратқыш және қабылдағыш құрылғы бар. Стандартты пайдалану
кезінде, егер құрылғылар арасында арақашықтық 20 см болса, радио жиілігінің әсер ету деңгейлері
Австралиядағы және Жаңа Зеландиядағы стандарттарға сәйкес келеді.
Эргономикалық сәйкестік талаптарына арналған хабарлама
Германия
Егер мобильді компьютер графикалық дисплейге арналған (VDU) 90/270/EEC нұсқауларына сәйкес
жұмыс тапсырмаларын бейнелеу үшін офистегі жұмыс станциясында қолданылатын болса, сәйкес
сыртқы пернетақта қажет. Қолданылатын бағдарламаға және тапсырмаға байланысты жұмыс
станцияларымен салыстырылатын жұмыс жағдайларына қол жеткізуге арналатын сәйкес сыртқы
монитор да қажет болуы мүмкін.
Сілтеме: EK1-ITB 2000 (ерікті GS куәлігін беру)
Құпталған «GS» белгісі бар мобильді компьютерлер қолданылатын эргономикалық талаптарға сай
келеді. Сыртқы пернетақта қолданылмаған кезде, бейнелеу дисплейімен тек қысқа уақыт ішінде
пайдалануға болады.
Жарықтандырудың қолайсыз жағдайларында мобильді қолдану кезінде (мысалы, тікелей күн сәулесі
түскенде) оқуды нашарлату нәтижесіне әкелуі мүмкін.
NB__CP_Maya_RegGuide_730280-DF3.book Page 3 Thursday, June 26, 2014 11:05 AM