Legal, safety and environmental considerations
2 Пайдаланушы нұсқаулығы
Сымсыз LAN құрылғылары немесе НР мобильді кең жолақты модульдері бар өнімдер
Бұл құрылғы басқа антенна немесе таратқыштың жанында орналаспауы немесе бірге жұмыс істемеуі
тиіс.
Å АБАЙ БОЛЫҢЫЗ! Радио жиілілігінің сәулеленуі: Құрылғының сәулелендіруді шығару қуаты
Байланыстар туралы федералды комиссияның радио толқындары жиілігі ықпалының шегінен
төмен болады. Дегенмен, құрылғы планшеттік компьютерді, ноутбукті, үстелді компьютерді,
жұқа компьютерді немесе дербес жұмыс компьютерін қалыпты пайдалану кезінде адаммен
қатынас ең азайтылған тәсілде қолданылуы қажет.
30,5 см-ге (12 дюймге) тең немесе одан да аз дисплейі бар планшеттік компьютер немесе
ноутбукті қалыпты пайдалану кезінде келесі нұсқауларды жүзеге асырыңыз: Байланыстар
туралы федералды комиссияның радио толқындар жиілілігі шегінен асып кету қаупін болдырмау
үшін антеннаға 2,5 см (1 дюйм) ара қашықтықтан артық жақындама қажет. Сымсыз антеннаның
орнын анықтау үшін компьютермен бірге жеткізілетін пайдаланушы нұсқауларын қараңыз.
30,5 см (12 дюйм) үлкенірек дисплейі бар планшеттік компьютерді, үстелді компьютерді, жұқа
компьютерді немесе дербес жұмыс компьютерін қалыпты пайдалану кезінде: Байланыс жөнінде
федералды комиссияның FCC радио толқындары жиілілігі шегінен асып кету қаупін болдырмау
үшін компьютер экраны жабық кезде де антеннаға 20 см (8 дюйм) ара қашықтықтан артық
жақындамау қажет. Сымсыз антеннаның орнын анықтау үшін компьютермен бірге жеткізілетін
пайдаланушы нұсқауларын қараңыз.
Ä АБАЙЛАҢЫЗ: Сымсыз желінің IEEE 802.11a стандарты пайдаланылғанда өнім 5,15 – 5,25 ГГц
жиілік ауқымы аралығында жұмыс істегендіктен, тек қана ғимарат ішінде қолданылумен
шектеледі. Байланыстар туралы федералды комиссия сол жиілікте жасап жатқан мобильді
спутник жүйелеріне зиянды кедергі туындаудан аулақ болу үшін өнімді 5,15 – 5,25 ГГц жиілік
ауқымы аралығына арналған ғимарат ішінде қолдануды талап етеді. 5,25 – 5,35 ГГц және
5,65 – 5,85 ГГц аралығындғы жеке жиіліктер жоғарғы қуатты радиолокациялық станцияларға
арналған пайдалану жиіліктері болып табылады. Радиолокациялық станциялар кедергілер мен
құрылғыға зиян келтіруі мүмкін.
Бразилияға арналған ескертпе
Este equipamento opera em caráter secundário, isto é, não tem direito a proteção contra interferência
prejudicial, mesmo de estações do mesmo tipo, e não pode causar interferência a sistemas operando
em caráter primário.
Este equipamento atende aos limites de Taxa de Absorção Específica referente à exposição a campos
elétricos, magnéticos e eletromagnéticos de radiofreqüências adotados pela ANATEL.
Канадаға арналған ескертпелер
B класты сандық аппарат Канадада қолданылатын бөгеуіл тудыратын CAN ICES-3(B)/NMB-3(B)
жабдықтар туралы ережелерінің барлық талаптарына сәйкес келеді. Егер бұл құрылғының WLAN
немесе Bluetooth мүмкіндігі болса, құрылғы Канада индустриялық министрлігінің лицензиядан
босатылған RSS стандарттары талаптарымен сәйкес келеді. Мына екі шартқа сәйкес жұмыс істейді:
(1) бұл құрылғы зиянды кедергілерді туғызбайды және (2) бұл құрылғы қалаусыз әрекеті туғызуы
мүмкін кедергіні қамтитын кез келген алынған кедергіні қабылдауы қажет.
Å АБАЙ БОЛЫҢЫЗ! Радио жиілілігінің сәулеленуі: Құрылғының сәулелендіруді шығару қуаты
Канада өндірістік министрлігінің радио толқындары жиілілігі ықпалының шегінен төмен болады.
Дегенмен, құрылғы оны қалыпты пайдалану кезінде адаммен қатынас ең азайтылған тәсілде
қолданылуы қажет.
30,5 см-ге (12 дюймге) тең немесе одан да аз дисплейі бар планшеттік компьютер немесе
ноутбукті қалыпты пайдалану кезінде келесі нұсқауларды жүзеге асырыңыз: Байланыс жөнінде
федералды комиссияның Канададағы индустиялық радио толқындары жиілілігі шегінен асып
кету қаупін болдырмау үшін антеннаға 2,5 см (1 дюйм) ара қашықтықтан артық жақындамау
қажет. Сымсыз антеннаның орнын анықтау үшін компьютермен бірге жеткізілетін пайдаланушы
нұсқауларын қараңыз.
30,5 см (12 дюйм) үлкенірек дисплейі бар планшеттік компьютерді, үстелді компьютерді, жұқа
компьютерді немесе дербес жұмыс компьютерін қалыпты пайдалану кезінде: Байланыс жөнінде
федералды комиссияның Канададағы индустриялық радио толқындары жиілілігі шегінен асып
кету қаупін болдырмау үшін компьютер экраны жабық кезде де антеннаға 20 см (8 дюйм) ара
қашықтықтан артық жақындамау қажет. Сымсыз антеннаның орнын анықтау үшін компьютермен
бірге жеткізілетін пайдаланушы нұсқауларын қараңыз.
NB__CP_Maya_RegGuide_730280-DF3.book Page 2 Thursday, June 26, 2014 11:05 AM