Legal, safety and environmental considerations

Пайдаланушы нұсқаулығы 1
Нормативтік хабарламалар
Бұл құжатта арнайы сымды және сымсыз байланыстағы мемлекеттік, аймақтық құқықтық
нормаларға және компьютер өнімдеріне арналған сәйкестік туралы мәліметтер беріледі.
Хабарламалардың кейбірі бұл өнімге қатысты қолданылмауы мүмкін. Бір немесе бірнеше бекітілген
сымсыз құрылғылар орнатылуы мүмкін. Кейбір орталарда сымсыз құрылғыларды қолдану шектеулі
болуы мүмкін. Бұл шектеулер ұшақ бортында, ауруханаларда, жарылыс заттарының қасында, қауіпті
жерлерде және т.б. жерлерде қолданылуы мүмкін. Егер белгілі бір құрылғыны қолдану бойынша
ережелерді нақты білмесеңіз, оны қолданудан бұрын рұқсат сұраңыз.
Сымсыз LAN (WLAN) желі құрылғысы сияқты аппараттық құрылғыны анықтау үшін, амалдық жүйенің
нұсқауларын орындаыз.
Еліңіз немесе аймағыңыз үшін нормативтік белгілер құрылғының төменгі жағында орналасуы мүмкін.
Бұл құрылғыда VCCI, NOM NYCE және RCM белгілері немесе мәлімдемелерінің электрондық
жапсырмалары пайдаланылады. Жапсырмаларды көрсету үшін, Все программы (Барлық
бағдарламалар) белгішесін, Параметры (Параметрлер) белгішесін, одан кейін О планшете (Планшет
туралы) тармағын таңдаңыз. Система (Жүйе) қосқышында E-logo (Е логотипін) түртіңіз.
Ä АБАЙЛАҢЫЗ: Америка Құрама Штаттарында сатуға немесе пайдалануға арналмаған
құрылғыларда Байланыстар туралы федералды комиссияның (FCC) идентификациялық
нөмірі болмауы мүмкін.
Байланыстар туралы федералды комиссия хабарламасы
Бұл құрылғы сынақтан өткізіліп, байланыстар туралы федералды комиссия хабарламасының
15-бөліміне қатысты зандық құрылғыларға арналған B сыныбына сәйкес келеді. Бұл шектеулер
тұрғын үйлерді зиянды бөгеуілдерден айтарлықтай қорғаныспен қамтамасыз етуге арналған.
Құрылғы радио жиілігі энергиясын шығарады, пайдаланады және шашады. Нұсқауларға сәйкес
орнатылмаған немесе пайданылмаған құрылғы радио байланыстарына зиянды кедергі келтіруі
мүмкін. Дегенмен, дұрыс орнатылғанда ешқандай кедергі келтірілмеуіне кепілдік жоқ.
Құрылғыны қосып немесе өшіргенде анықталатын радио не теледидар қабылдауына құрылғы
зиянды кедергі келтірсе, пайдаланушы төмендегі жағдайлардың біреуі немесе бірнешеуін
пайдаланып, бөгеуіл болдырмауға тырысуы қажет:
Қабылдаушы антеннаның бағдарын өзгертіңіз немесе орнын ауыстырыңыз.
Құрылғы мен қабылдағыш арасындағы ара қашықтықты ұлғайтыңыз.
Құрылғыны қабылдағыш қосылған розеткадан басқа қуат көзіне жалғаңыз.
Сатушы, тәжірибелі радио немесе теледидар маманынан кеңес сұраңыз.
Түзетулер
Байланыстар туралы федералды комисссия HP компаниясы арқылы рұқсат етілмеген құрылғыға
жасалған кез келген өзгертулер мен түзетулер пайдаланушының құрылғымен жұмыс істеу құқығынан
айрылуына әкеліп соғуы мүмкін екені туралы ескертілуін талап етеді.
Кабельдер
Байланыстар туралы федералды комиссияның қағидалары мен нормаларына сәйкестікті қамтамасыз
ету үшін құрылғымен байланыстар RFI/EMI ұштықтарына арналған металдандырылған қалпақтары
бар бейнебеттендірілген кабелдер арқылы жасалуы қажет.
Өнімдерге арналған сәйкестік туралы мәлімдемесі Байланыстар туралы федералды
комиссия логотипімен белгіленген (тек қана АҚШ-қа арналған)
Құрылғы Байланыстар туралы федералды комиссия ережелерінің 15-бөліміне сәйкес келеді. Мына 2
шартқа сәйкес жұмыс істейді:
1. Құрылғы зиянды кедергі келтірмеуі қажет.
2. Құрылғы қаламаған әрекетті туындататын кедергілерді де қамтитын барлық кедергілерді
қабылдауы қажет.
Бұл мәлімдемеге қатысы жоқ өнім туралы сұрақтар туындаған жағдайда, төмендегі мекенжайға
жазыңыз:
Hewlett-Packard компаниясы
P. O. Box 692000, Mail Stop 530113
Houston, TX 77269-2000
Байланыстар туралы федералды комиссия мағлұмдамасына қатысты сұрақтар туралы мына
мекенжайға жазыңыз:
Hewlett-Packard компаниясы
P. O. Box 692000, Mail Stop 510101
Houston, TX 77269-2000
немесе HP компаниясымен мына телефон нөмірі 281-514-3333 арқылы байланысыңыз.
Өнімді анықтау үшін онда көрсетілген белгі, серия немесе үлгі нөмірін қараңыз.
NB__CP_Maya_RegGuide_730280-DF3.book Page 1 Thursday, June 26, 2014 11:05 AM